7


  • Учителю
  • Тест Өткен тақырыптар бойынша

Тест Өткен тақырыптар бойынша

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Өткен тақырыптар бойынша тест



1. Тақырыбы: «Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау және жұмыс орнын ұйымдастыру»

1. Неге компьютердің үстіне кітап, дәптер және т. б. заттар қоюға болмайды?

А) Өте ауыр

В) Ауа алмасу (желдету) бұзылады

С) Ұнамсыз

Д) Экран жабылып қалады.

2. Компьютермен жұмыс істегенде қандай ережелерді міндетті түрде сақтау керек?

А) Біріктіру сымдарының ажыратқыштарын ұстау

В) Компьютерді Power батырмасын басу арқылы өшіру

С) Пернелерді ақырын басу

Д) Компьютерде кір және су қолдармен жұмыс істемеу.

3. Компьютермен жұмыс істегенде көзге шамадан тыс күш түсіру үшін не істеу керек?

А) Көзге арналған гимнастиканы әрбір 10 - 15 минут сайын жасап отыру

В) Төрт сағаттан артық үздіксіз жұмыс істемеу

С) Қолға арналған гимнастиканы әрбір 2 сағат сайын жасау

Д) Арасында мониторды өшіріп отыру.

4. Компьютердегі жұмысты аяқтаған оқушы не істеу керек?

А) Мұғалімнің нұсқауы бойынша жұмысты аяқтап, жұмыс орнын ретке келтіру

В) Компьютерді ажырату батырмасын басу

С) Тұрып, кабинеттен шығу

Д) Бөлмені ылғалдап сүртіп шығу және желдету.

5. Компьютерде үздіксіз жұмыс істеу... аспауы керек.

А) 6 сағаттан

В) 45 минуттан

С) 2 сағаттан

Д) 15 минуттан.

6. Егер копьютер сендердің сұраныстарыңа жауап бермесе, не істейсіңдер?

А) Мұғалімді шақырамын

В) Ақауды өз бетіммен жоямын

С) Компьютерді электр желісінен ағытамын

Д) Сыныптасымнан көмек сұраймын.

7. Көзден экранға дейінгі арақашықтық қанша болу керек?

А) 10 - 15 см

В) 20 - 30 см

С) 40 - 50 см

Д) 55 - 65 см.

8. Мұғалімнің рұқсатынсыз компьютерге флешкалар мен дискілерді қосуға болмайтын себептерді көрсетіңдер:

А) Мектеп компьютерінен керегі жоқ ақпаратты көшіріп алуға мүмкін

В) Компьютерді вируспен зақымдау қаупі бар

С) Компьютердің ажыратқыштарын жиі қолданғаннан олардың бұзылуы мүмкін

Д) Компьютерге көп ақпарат тасығыш қосуға болмайды.



2. Тақырыбы: «Ақпараттың түрлері және қасиеттері»

1. Адам ең көп ақпаратты ненің қөмегімен алады?

А) сезу және көрудің

В) иіскеу мен естудің

С) есту мен көрудің

Д) көру және дәмін тату арқылы.

2. Сендер электронды хатта көрген фильмдерің туралы баяндадыңдар делік. Бұл ақпараттың қай түріне жатады?

А) есту

В) сезу

С) көру

Д) жазбаша.

3. Осы информатика оқулығында келтірілген мәліметтер негізінен ақпараттың қай түрінен жатады?

А) мәтіндік және графикалық

В) графикалық және естілетін

С) электромагниттік және көрінетін

Д) цифрлық және музыкалық.

4. Ақпаратты сақтау үшін адамдар нені қолданбайды?

А) қағазды

В) дискіні

С) тасты

Д) суды.

5. Ақпаратты сақтау үшін ерте замандағы адамдар нені пайдаланған?

А) биді

В) суреттерді

С) қимылды

Д) дыбысты.

6. Дыбыстық ақпаратты не арқылы жіткіземіз?

А) кітап

В) радио

С) журнал

Д) плакат.

7. Қайсысы ақпараттың қасиеттеріне жатады?

А) объективтілігі және толықтығы

В) барлық жауап дұрыс

С) жеткіліктігі

Д) қолжетімділігі және өзектілігі.



3. Тақырыбы: «Ақпаратты өңдеу тәсілдері»

1. Ақпаратты сақтау үдерісін көрсет:

А) Теледидар көру

В) Дәптерге жазу

С) Кітап оқу

Д) Телефонмен сөйлесу.

2. Әдеттегі қойын дәптерді қолдану мақсаты:

А) Ақпаратты өңдеу

В) Ақпаратты сақтау

С) Ақпаратты жеткізу

Д) Ақпаратты сақтау, өңдеу және жеткізу.

3. Ақпаратты іздеуге не жатады?

А) Электрондық поштамен ақпарат алу

В) Компьютерлік желілер көмегімен ақпаратты алыс қашықтыққа жеткізу

С) Кітап мазмұнымен жұмыс істеу

Д) Мәтіндерді басқа тілге аудару.

4. Ақпаратты жеткізу мысалы бола алатын үдеріс:

А) Кітапханадан кітап іздеу

В) Телефон арқылы сөйлесу

С) Музыка тыңдау

Д) Табиғат құбылысын бақылау.

5. Ақпарат алу - ол:

А) Үй жұмысын орындау

В) Ағаш көшеттерін отырғызу

С) Музыка тыңдау

Д) Математикадан есеп шығару.

6. Адам үшін ұялы телефон - ол:

А) Ақпарат көзі

В) Ақпарат қабылдаушы

С) Ақпаратты өңдеу құралы

Д) Байланыс құралы.

7. Мәтінді қазақ тілінен орыс тіліне аудару қандай үдеріс?

А) Ақпаратты тасымалдау

В) Ақпаратты іздеу

С) Ақпаратты өңдеу

Д) Ақпаратты сақтау.



4. Тақырыбы: «Ақпараттың көлемі және оның өлшем бірліктері»

1. Ақпарат компьютерде қандай түрде сақталады?

А) Әріптер

В) Мәтіндер

С) Сандар

Д) Нөл мен бірлер.

2. Ақпараттың ең кішкене өлшем бірлігі:

А) Бит

В) Байт

С) 1

Д) Әріп.

3. Бір байт - ол:

А) 10 бит

В) 16 бит

С) 8 бит

Д) 4 бит.

4. Бір символдық мәтін әдетте... кодталады:

А) 1 битпен

В) 1 байтпен

С) Әріппен

Д) Он битпен.

5. 1 Кбайт - ол:

А) 100 бит

В) 1000 байт

С) 1024 байт

Д) 1500 байт.

6. 1 Мбайт - ол:

А) 100 Кбайт

В) 1000 байт

С) 1024 Кбайт

Д) 1500 Кбайт.

7. 1 Гбайт - ол:

А) 1024 Мбайт

В) 100 Кбайт

С) 1000 Мбайт

Д) 1500 Мбайт.

8. «Information» сөзінде қанша бит бар?

А) Ақпаратты тасымалдау

В) Ақпаратты іздеу

С) Ақпаратты өңдеу

Д) Ақпаратты сақтау.

9. Қандай ақпарат дискіде ең аз орын алады?

А) Мәтін

В) Сурет

С) Музыка

Д) Видео.

10. Қандай ақпарат дискіде ең көп орын алады?

А) Мәтін

В) Сурет

С) Музыка

Д) Видео.



5. Тақырыбы: «Компьютер - әмбебап есептеуіш машина»

1. Компьютердің қазіргі уақыттағы негізгі функциясы қандай?

А) Есептеу

В) Басқару

С) Ақпаратты іздеу

Д) Құжат құру.

2. Жұмыс қабілеті мен басқаруды қамтамасыз ететін программа:

А) Интернет

В) Операциялық жүйе

С) Операциялық қабыршық

Д) Windows.

3. Артығын көрсет:

А) Суперкомпьютер

В) Үлкен компьютер

С) Дербес компьютер

Д) Кіші компьютер.

4. Суперкомпьютерлер қайда қолданылады?

А) Үйде

В) Офисте

С) Өндірісте

Д) Ірі ұйымдарда нақты есептер шығару үшін.

5. Үлкен дерек қорларын өңдеу және сақтау үшін қолданылатын компьютер:

А) Үлкен компьютер

В) Дербес компьютер

С) Суперкомпьютер

Д) Сервер.

6. Ноутбук компьютердің қай түріне жатады?

А) Суперкомпьютер

В) Үлкен компьютер

С) Дербес компьютер

Д) Сервер.

7. Нетбук деген не?

А) Шағын мөлшерлі ноутбук

В) Алақан компьютері

С) Интернетке қосылған дербес компьютер

Д) Оқыту мақсатындағы компьютердің арнайы түрі.

8. Сервер - ол:

А) Компьютерлік желілердің орталық торабы болып табылатын компьютер

В) Суперкомпьютер

С) Үлкен компьютер

Д) Ақпарат сақтауға арналған компьютер.



6. Тақырыбы: «Компьютердің құрылымы»

1. Компьютер құрылғыларының қайсысы жүйелік блок құрамына кірмейді?

А) Процессор

В) Принтер

С) Дискжетек

Д) Жедел жады.

2. Компьютерде деректерді сақтау үшін керек құрылғы:

А) Жады

В) Процессор

С) Дискжетек

Д) Монитор.

3. Нені өшірсек компьютер жұмыс істей алмайды?

А) Дискжетек

В) Жедел жады

С) Тышқан

Д) Принтер.

4. Ақпарат компьютердің қай құрылғысында өңделеді?

А) Пернетақта

В) Монитор

С) Сыртқы жады

Д) Процессор.

5. Ақпаратты енгізу құрылғысы?

А) Процессор

В) Принтер

С) Пернетақта

Д) Компьютердің жады.

6. Компьютерде дыбыстармен жұмыс істеу үшін... керек.

А) Дыбыс картасы

В) Желі картасы

С) Видеокартасы

Д) Процессор.

7. Бас әріптер режимін қосу үшін қолданылатын перне:

А) Alt

В) Tab

С) CapsLock

Д) NumLock.

8. Орыс тілінде «,» белгісін жазу үшін нүктесі бар пернемен бірге қай пернені басу керек?

А) Shift

В) Alt

С) Tab

Д) Ctrl.

9. Мәтін тергенде сөздердің арасында қандай пернені басады?

А) Бос орын (пробел)

В) Alt

С) Tab

Д) Ctrl.

10. Enter пернесі не үшін керек?

А) Енгізу

В) Курсорды жылжыту

С) Қосымша цифрлық пернетақтаны алмастыру

Д) Бас әріптер режимін алмастыру.



7. Тақырыбы: «Компьютердің қосымша құрылғылары»

1. Графикалық ақпаратты (суреттер, сызбалар және т. б.) қағаздан компьютерге енгізу құралы:

А) Сканер

В) Принтер

С) Монитор

Д) Пернетақта.

2. Төменде көрсетілгендердің қайсысы компьютердің шығару құрылғысы?

А) Сканер

В) Пернетақта

С) Тышқан

Д) Принтер.

3. Дыбыстық ақпаратты шығару үшін не қажет?

А) Монитор

В) Колонкалар

С) Сканер

Д) Микрофон.

4. Артығын көрсетіңдер:

А) Сканер

В) Тышқан

С) Пернетақта

Д) Процессор.

5. Микрофон, Сканер, Тышқан қатарын төменде көрсетілген сөздердің бірімен (мазмұны бойынша) аяқтаңдар:

А) Пернетақта

В) Жүйелік блок

С) Дыбыс құлақтығы

Д) Монитор.

6. Винчестер дегеніміз:

А) Жұмсақ диск (дискета)

В) Қатты диск

С) Лазерлік диск

Д) Флешка.

7. Заманауи ақпарат тасығыштардың қайсысының көлемі ең үлкен?

А) Жұмсақ диск (дискета)

В) Қатты диск

С) Лазерлік диск

Д) Флешка.

8. Принтер қандай құрылғы?

А) Бір компьютерден басқасына ақпарат таситын

В) Графикалық ақпаратты енгізетін

С) Ақпаратты қағазға басып шығаратын

Д) Деректер мен программаларды ұзақ уақыт сақтайтын.

9. Орындалатын кезде программа қайда сақталады?

А) Видеожадыда

В) Жедел жадыда

С) Қатты дискіде

Д) ТСҚ - да.

10. Қайсысы ақпарат тасығыш емес?

А) Қатты диск

В) Лазерлік дискілер

С) Флеш - жады

Д) Процессор.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал