7


  • Учителю
  • Урок Мәтіндік және графикалық ақпаратты өңдеу

Урок Мәтіндік және графикалық ақпаратты өңдеу

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Мәтіндік және графикалық ақпаратты өңдеу.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды мәтіндік құжатқа сурет енгізу және суреттерді ерекшелеу, мөлшерін өзгерту әдістерін үйрету.

Білімділік: Оқушылардың графикалық және мәтіндік ақпараттарды өңдеу әдістері туралы білімдерін қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың алған білімдері бойынша өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру. Олардың таным әрекеті үдерісінде қарым-қатынас шеберлігін арттыру.

Тәрбиелеу: Жауапкершілікке, қауіпсіздік ережелерін сақтауға тәрбиелеу, ұжымдық жұмысқа үйрету.

Күтілетін нәтиже:

  • Бұрынғы білімді жаңа біліммен ұштастыру;

  • Мәтінмен өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын дамыту;

  • Меңгерілген ақпаратты кластастарына түсінікті етіп жеткізу;

  • Кластастарын ести және тыңдау біледі;

  • Ақпаратты өз бетінше түсіну процесін басқара алады;

  • Ақпаратты қысқа түрде жазбаша тұжырымдайды;

  • Өзінің және кластастарының білім алуына жауапкершілікпен қарау.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты игерту.

Оқыту әдісі: Сын тұрғысынан ойлау және жазу технологиялары

(ББҮ, ЖИГСО әдістері); Өз бетімен жұмыс жасату.

Көрнекілік: Маркерлі - интерактивті тақта, Net Control бағдарламасы.

Сабақтың барысы. Ұйымдастыру. Оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру. Қағаз қиындыларын таңдау арқылы, мақал құрастырып оқушыларды топқа бөлу. Топ мүшелері таратылған стикерлерге бір-бірінің жақсы қасиеттерін жазып, бір-бірімен қарым-қатынас орнатуға дайындық жасайды.

І. Қызығушылықты ояту. «ББҮ» әдісі.

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

























Сұрақ: WordPad мәтіндік редакторында не үйрендік?

Оқушылар сызбаны дәптерге сызып, алғашқы екі бағанды толтырады.

ІІ. Мағынаны тану. «ЖИГСО» әдісі.

Экранда слайд арқылы берілген сұрақтар:

  1. Алмасу буферінің көмегімен дайын суреттер мәтінге қалай қойылады?

  2. Жолақтың қандай бұйрықтары арқылы дайын суретті мәтінге орнатуға болады?

  3. Paint редакторында салған суретті мәтінге қоя аламыз ба?

Оқушылар сұрақтарға жеке жауап іздейді.

Топтағы оқушыларды нөмірлеп, 1-нөмірлер бір топқа, 2-шісі бір топқа осылай оқушылар сараптама топқа бөлінеді. Жаңа сабақ тақырыбына байланысты мәтін таратылады. Оқушылар мәтінді оқып, топтың әр мүшесі өз жанұясына барғанда мәтін мазмұнын басқаларға түсіндіре алуы үшін әрқайсысы түсінуі тиіс.

Уақыт аяқталған соң оқушылар өз жанұяларына оралып, сараптама тобында алған ақпараты бойынша жанұя мүшелеріне баяндайды. Тайм-кипер сайланып, уақыт беріледі. Уақыт аяқталған соң, әр топқа берілген сұрақ бойынша оқылған мәтін талданады.

Оқушыларға практикалық жұмыс жасату. Оқулықтың 187-бетіндегі «Компьютердегі тәжірибелік жұмысты» орындату. (10 минут)

Оқушылар компьютерге Net Contol бағдарламасы арқылы тіркеледі. Уақыт аяқталған соң, оқушылардың жұмысын жұлдызша арқылы бағалау. Оқушыларды өз орындарына шақырып, сергіту сәтін жасату.

Сергіту сәті. Оқушыларға мұрынымен «Мен мәтінге сурет орната аламын» деген сөйлемді ауаға жазғызу.

Оқушыларға экран арқылы өздері жасаған жұмыстарын көрсету.

</ ІІІ. Ой қорытындылау.

«ББҮ» кестесіне қайта оралып, жаңа тақырыпта алған білімдерімен соңғы бағанды толтыру. Топта талқылау.

Бағалау. Оқушылардың мәтінмен жұмыс, кесте толтыру, компьютерде жұмыс жасауын саралап, бағалау.

Үйге тапсырма. §25. Тақырыпты оқу.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал