7


  • Учителю
  • Информатика 'MS Word мәтіндік редакторында кестемен жұмыс' (8-сынып)

Информатика 'MS Word мәтіндік редакторында кестемен жұмыс' (8-сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: «Microsoft Office Word редакторында кестемен жұмыс»

Сабақтың мақсаты:

А) Білімділігі: Ms Word редакторында кесте құру әдістерін түсірдіру, оқушыларды өз бетінше кесте құруға үйрету.

Б) Дамытушылық: Ms Word редакторында кесте құру әдістері туралы толық мағлұмат бере отырып, оқушылардың компьютермен жұмыс істеу қабілетін дамыту.

В) Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, саналылыққа, адамгершілікке, тиянақтылыққа, компьютерлік іскерлікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың типі: Практикалық.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрсету.

Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, проектор, интерактивті тақта, MS Power Point-та жасалған слайдтар, бағалау парағы.

Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, геометрия, ағылшын тілі.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1. Үйге берілген тапсырма бойынша дайындалып келген екі шумақ өлеңді компьютерде теру.

2. "Келесі" ойыны (сұрақ - жауап)

ІІІ. Жаңа сабақ.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

  • Практикалық тапсырмалар орындау (деңгей әдісі бойынша).

  • "Ой қозғау"- қойылған сұрақтың жауабын үш тілде кестеге толтыру.

  1. Жаңа сабақты қорыту

  • 1-тапсырма."Мәтіннің қатесін тап"

  • 2 - тапсырма. "Сөзжұмбақ" шешу

  • 3 - тапсырма. "Ребус" шешу

  1. Оқушыларды бағалау

  2. Үйге тапсырма беру

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Оқушылармен амандасу;

  2. Оқушыларды түгендеу;

  3. Сынып тазалығына көңіл бөлу;

  4. Оқушылардың назарын сабаққа аудару;

  5. Оқушыларға сабақтың әр бөлімінде алатын ұпай санына байланысты бағаланатынын айтып өту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

  1. Үйге берілген тапсырма бойынша дайындалып келген екі шумақ өлеңді компьютерде теру. Алғашқы орындаған үш оқушыға 15 ұпай, 4,5,6 орындаған оқушыларға 10 ұпай, қалғандарына 5 ұпайдан беріледі.

2. "Келесі" ойыны. Сұрақ бірінші партадағы оқушыдан бастап қойылады, егер жауабын білмесе, келесі дейді, сол кезде келесі оқушы орынынан тұрып жауап береді. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпайдан береді.

Сұрақтары:

  1. Мәтіндік процессор дегеніміз не?

Мәтіндік ақпаратты компьютерде өңдеу үшін арнайы мүмкіндіктері бар қолданбаны мәтіндік процессор деп атайды.

  1. Microsoft Word редакторына қалай кіреміз?

Пуск - Все программы - Microsoft Office - Microsoft Word

  1. Орфографиялық қатені тексеру үшін орындалатын әрекет?

Сервис - Емле ережесі (Правописание)

  1. Microsoft Word редакторының негізгі элементтері?

Тақырып жолы, меню жолы, стандартты тақтасы, пішімдеу тақтасы, сызғыш, күй жолағы, айналдыру жолағы, жұмыс аймағы, тапсырмалар аймағы.

  1. Пішімдеу дегеніміз не?

Пішімдеу дегеніміз - мәтіндік құжаттарды рәсімдеу бойынша жүргізілетін әртүрлі әрекеттерді айтамыз.

  1. Құжат құру жолы?

1. Қаріп және оның өлшемін таңдау

2. Мәтінді енгізу және редакциялау

3. Мәтінді пішімдеу

4. Құжатты сақтау

5. Баспаға жіберу

  1. Microsoft Word редакторында құжатты қалай сақтаймыз?

Microsoft Word редакторында құжатты Файл - Сохранить как . . . командасын Орындап ашылған сұхбаттық терезеге құжат атын енгізіп Сохранить батырмасын басамыз.

  1. Қаріпті пішімдеу үшін қандай менюді таңдаймыз? Формат

  2. Курсордың сол жағындағы символды жоятын перне? Backspake

  3. Microsoft Offise Word редакторында абзацты пішімдеу үшін

қандай менюді таңдаймыз? Формат

ІІІ. Жаңа сабақ.

Мәтіндік редактормен жұмыс істеу барысында реттелген ақпаратты жиі қолданамыз. Осындай реттелген ықшам ақпаратты сақтаудың ең қолайлы тәсілі кестелер болып табылады. Кесте мәтіндік және графикалық хабарламаларды көрнекі етуге мүмкіндік береді.

Кесте - бағандар мен жолдарда реттелген ақпарат.

Кесте және оның элементтері

Кесте баған мен жолдардан құралады. Баған мен жолдың қиылысуы ұяшық деп аталады.

Кесте құру жолдары



"Кесте кірістіру"

сұхбат терезесінен

Күрделі кестелерді

құру үшін


"Кестелер мен шекаралар"

аспапты панелінен

Құрылымды күрделі кестелерді

құру үшін


Стандартты панелінен

Қарапайым кестелерді

құру үшін




1-әдіс

Стандартты тақтадағы кесте қою белгісі арқылы





2-әдіс

Мәзір жолы:

Кестеà ҚоюàКесте



3-әдіс

Мәзір жолы:

КестеàКесте сызу









Ұяшықтарды біріктіру

1

2

3


1

2

3

Ұяшықты бөлу


IV. Жаңа сабақты бекіту.

  • Практикалық тапсырмалар орындау (деңгей әдісі бойынша).

  • 1-деңгей

6 бағаннан 4 қатардан тұратын кесте жаса.

  • 2-деңгей


  • 3-деңгей


  • "Ой қозғау" қойылған сұрақтың жауабын үш тілде кестеге толтыру.

Бұл тапсырмада жұмбақ берілген. Жұмбақтың жауабын үш тілде тақтадағы үлгі бойынша үш тілде (қазақ,орыс, ағылшын) кестеге толтырып отырады. Толық жауапқа 15 ұпай, ал екі тілде жауап берсе,10 ұпай,егер үшінші тілін басқа оқушы жауап берсе 5 ұпай сол оқушыға беріледі.

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

Кесте

Таблица

Table

Жол

Строка

Line

Ұяшық

Ячейка

Stage


Жасырынған жұмбақтар:

  1. Тұрады ол жолдармен бағандардан,

Және тұрар ұяшықтар ағымынан.

Кәне ойланып көрейік ол не екен,

Баған менен жолдарды қиылыстырған. К е с т е

  1. Кестенің бір негізгі элементі,

Көлденең ұяшық құру қызметі.

Ұяшық емес, баған емес ол не екен?

Кестенің негізгі болған қызметі. Ж о л

  1. Тіктөртбұрышқа ұқсайды,

Елемей кетуге болмайды.

Бағанменен жолдардың қиылысы,

Кестеде қай элементті құрайды. Ұ я ш ы қ

V. Сабақты қорыту

  • 1-тапсырма."Мәтіннің қатесін тап"

Тақтадағы қате берілген сөйлемдердің қатесін тап. Алғашқы орындаған үш оқушы 20 ұпай алады, қалғандары ұпайдан алады.

Мәтін:

Мен Ms Word редакторын іске қосу үшін Пуск - Стандартные - Microsoft Word командасын орындадымда, ашылған қолданба терезесіне " Информатика " туралы мақала жазу үшін әріптерді, тышқан құрылғысындағы пернелерді пайдаландым, Правка - Таблица командасы арқылы кесте құрдым. Осы мақаламды сақтау үшін Вставка - Сохранить как . . . командасын орындап, CTRL + F4 пернесі арқылы қолданбадан шықтым.

Дұрыс жауабы:

Мен Microsoft office Word редакторына кіру үшін Пуск - Программы - Microsoft office-Microsoft office Word командасын орындап, ашылған қолданба терезесіне "Информатика" тақырыбындағы мақаланы жазу үшін, пернетақта құрылғысының пернелерін пайдаландым.Таблица - Вставить - Таблица командасы арқылы ашылған сұхбат терезеге Баған және жол сандарын беріп, ОК батырмасын басып, кесте құрдым. Осы мақаламды сақтау үшін Файл - Сохранить как ... командысымен ашылған сұхбаттық терезеге "Информатика" атын жазып, Мои Документы қапшығына сақтадым да, ALT + F4 пернелері арқылы қолданбадан шықтым.

  • 2 - тапсырма. "Сөзжұмбақ" шешу

К

Е

С

Т

Е

И

Т

Ь

П

М

О

К

Ю

Ь

Д

Р

Р

О

С

И

Н

О

М

У

Р

И

В

Л

С

К

И

П

1

2

3

4

5


Сұрақтары:

  1. Ақпаратты сақтауға арналған құрылғы.

  2. Растрлық сурет элементі.

  3. Зиянды программа.

  4. Компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы.

  5. Электрондық машина.


  • 3 - тапсырма. "Ребус" шешу


1 2 3 4 5 6

Д и с к е т


4.5.3.6.5

Жауабы: Кесте

VI. Оқушыларды бағалау

БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ

Оқушының аты-жөні_____________________

Сынып________________

Үй тапсырмасы


«Келесі» ойыны

Практикалық тапсырмалар

«Ой қозғау»

«Мәтіннің қатесін тап»

Сөзжұмбақ

Ребус

Ортақ

баға


V. Үйге тапсырма

1. Информатика-8 оқулығынан § 7.7 тақырыпты оқу.

2. "Менің жанұям" тақырыбында кесте құрау.






 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал