7


  • Учителю
  • « Математика, физика, информатика» пәндер апталығының ашылуы. «Білімді ұрпақ-ертеңгі болашақ»

« Математика, физика, информатика» пәндер апталығының ашылуы. «Білімді ұрпақ-ертеңгі болашақ»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

№13 М.Мәметова атындағы орта мектеп









« Математика, физика, информатика» пәндер апталығының ашылуы.





















«Білімді ұрпақ-ертеңгі болашақ»













































Тәтті ауылы -2015 жыл

« Математика, физика, информатика» пәндер апталығының ашылуы.

«Білімді ұрпақ-ертеңгі болашақ»



Мақсаты:

• Мектеп көлемінде ұйымдастырылған апталықтың негізгі мақсаты - мүмкіндігінше мектептің барлық оқушыларын белсенді қатыстыру;

• Оқушылардың ойлау қабілеті мен математикалық қабілеттерін арттыру;

• Математикаға, физика және информатикаға деген қызығушылығын арттыру;

1- Жүргізуші

-Уа, халайық, халайық,

Бәріңе жар салайық.

Бүгінгі кеш төрінде

Дарындылар елінде

Тапқыштардың тілінде,

Есеп шешіп, жарысып

Жұмбақ шешіп аңдысып

2- Жүргізуші

Шабыт тасып шалқысып,

Есеппенен ән салысып.

Көңілді кеш жасайық

Жұмбақ шерді шашайық

Ат салысып аянбай

Бар өнерге басайық

1-жүргізуші

Асып әсте саспайық

Батыл қадам бастайық

Еркіңді билеп барынша

Жарыста сірә, қалыспа

Кеш қызығын ей, достар.

Осылайша шабытпен

Кәне енді бастайық.

2-жүргізуші

Мұнда қызық табылар

Жаңылтпаш, жұмбақ бәрі бар.

Айтыс, тартыс тағы бар

Сөз жұмбақ та, сан жұмбақ.

Суретті жұмбақ, шеш жұмбақ.

О-о-ой, бір қызық кеш болар,

Өздеріңмен бес болар.

1-жүргізуші.

Барлықтарыңызды « Математика, физика, информатика» апталығының ашылуымен құттықтаймыз! Апталықта бәрі бар - ашық сабақтар, жарыстар, конкурстар... Тамашалап, белсенді ат салысып, білімді жастар екенімізді көрсетейік!

2-жүргізуші: Бүгінгі кешке барлық ғылымдардың ішіндегі ең ауыр және ең қызық болып көрінетін үш егіз пәннің мектебіміздегі алыптарын ортаға шақырайық.

1-жүргізуші.

Ерте, ерте, ертеде

Ешкі жөні бөртеде. Тәтті деген мемлекетте, Әбу Насыр деген патша болыпты. Ол өзінің алдына ең ақылды физика, математика, информатика ғалымдарын жинап, хабарландыру айтыпты.

Патша сөзі: «Кімде-кім өзпәндерінен күшті екенің мына халыққа көрсетсе. Онда сол ғалым жер бетіндегі ең күшті білетін, басқаратын ғалым деп жариялаймын.»

Жүргізушы сөзі: сонда математика, физика, информатика ғалымдарына тапсырма береді.

Патша сөзі: Архимед сен мына менің басымдағы алтын тәжімнің ішінде қоспасы бар ма, жоқ па?, соны анықтап берші. Ұста алтынды таза алтынмен жасады ма?, жоқ қоспа қосты ма? Соны білейін деп едім.

Патша сөзі: Пифагор сен енді мына квадрат теңдеудің дұрыс шешілу жолын тауып берші:



Х2+7х+6=0

Патша сөзі: Бельгейц сен енді қазіргі заманда, мына әлемге информатика ғылымының қажет екенің дәлелдеп көрсетші.

Үш ғалымда өз тапсырмаларын жақсы орындап шықты. Соңында атақты патша үш ғалымның аталған пәндері өмірге керек екенің түсінеді.

Патша сөзі: бұл әлемде математика, физика, информатика ғылымдарының адам өміріне керек екені белгілі болды. Осындай білімдерінді жалғастырып, шындай түсіндер. Осы ғылымдардың өркендеп өсуін Архимед, Пифагор, Бельгейц сендерге табыстаймын.

Арада 5 жыл өткеннен кейін математика, физика, информатика ғалымдары бірігіп, өздерінің дайындап келген сұрақтарын оқушыларға қоюды жөн көреді. «Кімде-кім осы сұрақтарға жауап берсе, соларға біздің сыйлығымыз бар.»

1-жүргізуші.

Ғылымдардың патшасы атанған,

Евклид, Фалес, Пифагордан бата алған,

Төзбейтін өтірікке жалғандыққа!

Жасықтан емессің сен қаталдансың

Ақыл - ойды тәртіпке келтіретін

Нағыз пән математика атанғансың

Шапшандық бұл сайыста керек екен





І кезеңіміз «Қызықты сұрақтар»



Математика:

1. Кері сандардың көбейтіндісі? (оң сан)

2. Кішкене ғана саусаққа ұқсайды ма білмеймін. Сақтай алар өзіне барлық қызық дүниені. (Флэшка)

3. Ортақ бөлгіші 1-ге тең сандар? (өзара жай сандар)

4. Сәуленің 2 қуыршағы, 3алмасы,1 шоколады,2 апельсині,5 шабдалысы және 1 велосипеді бар. Сәуленің қанша жемісі бар? (10),

5. Бір тәулікте неше сағат бар? (24 сағат)

6. Шеңбер бойындағы кез-келген нүктені центрмен қосатын кесінді? (Радиус)

7. 17 жай сан ба, құрама сан ба? (жай сан)

8. Сағат тілі тәулігіне неше рет тік бұрыш жасайды? ( 4 рет)





Физика:

1. "Эврика" - кімнің сөзі? ( Архимед )

2. Атомның құрылысын ашқан кім? (Резерфорд )

3. Электр заряды жоқ бөлшектер? ( нейтрон )

4. Алғашқы әйел ғарышкер? (Валентина Терешкова)

5. Күннің энергиясы Жерге қандай жолмен беріледі? (сәуле шығару)

6. Обсерватория деген не? (аспан жұлдыздарын бақылайтын орын)



Информатика:

  1. Ақпараттар ағынын , есіңде мол сақтайды. Оқушының сенімін , ол әркез ақтайды (Ж. процессор)

  2. Аналитикалық машинаның жобасын жасаған кім? (Ж: 1834 жылы оқымысты Чарлз Бэббидж «аналиталық машинаның» жбасын жасады.)

  3. Адам мен монитор арасындағы қашықтық қанша болу қажет? (Ж: 50-70 см)

  4. Microsoft фирмасын құрған адам (Ж: Билл Гейтс)

  5. Ақпараттың ең кіші өлшем бірліктері (Ж: Бит)

  6. Windows сөзінің қазақша баламасы қалай аталады? (Ж: Терезе)

  7. Вирустың кері әсерін жоятын программа (Ж: Антивирус)

  8. "Ақпарат" сөзі латын тілінен аударғанда қандай мағына береді?

    (түсіндіру, баяндау )

  1. «Компьютер» сөзі ағылшын тілінен аударғанда нені білдіреді?

( Есептеуіш )

  1. Компьютердің теледидары? (монитор )







2-жүргізуші.

Шабыт тасып шалқысып,

Есеппенен ән салысып.

Көңілді кеш жасайық

Жұмбақ шерді шашайық

Ат салысып аянбай

Бар өнерге басайық

Мұнда қызық табылар

Жаңылтпаш, жұмбақ бәрі бар.

Айтыс, тартыс тағы бар

Сөз жұмбақ та, сан жұмбақ.

Суретті жұмбақ, шеш жұмбақ.

О-о-ой, бір қызық кеш болар,

Өздеріңмен бес болар.



2-кезеңіміз. «Ой жалғасы». Мақал - мәтелдер.



1) Жеті рет өлшеп, бір рет кес

2) Бір тал кессең, он тал ек

3) Жігіт бір сырлы, сегіз қырлы

4) Алтау ала болса, ауыздағы кетеді

Төртеу түгел болса, төбедегі келеді

5) Алты аға бірігіп, әке болмас,

Жеті жеңге бірігіп, ана болмас

6) Досың болғанына мақтан,

Дұшпаның жалғыз болса да сақтан.

7) Жеті жұрттың тілін біл,

Жеті түрлі ілім іл

8) Білгенін бір тоғыз,

Білмегенің тоқсан тоғыз.



1-жүргізуші.

Жұмбақ шешіп аңдысып

Шабыт тасып шалқысып

Көңілді ойын жасайық

Жұмбақ шеруен шашайық

Мұнда қызық табылар

Жұмбақ есеп бәрі бар

Келесі кезеңіміз «Жұмбақ шешу»



3-кезеңіміз. «Жұмбақ шешу»

1. Алтындалған тағым бар

Күмістелген шарым бар

Ауыр ма әлде жеңіл ме?

Салмағын кәнетабыңдар? (P-mg)

2. Хабар алған алыстан

Екі өріс табысқан? (электронмагниттік өріс)

3. Жәй көзге көрінбейді,

Қозғалуға ерінбейді? (Молекула)

4. Ұзын тұра жалқаубек

Тұрмай ылғи жатады

Қозғала қалса артынан

Ешбір белгі қалмайды? (бос орын белгісі)

5. Атадан 10 баламыз

Бір-бір жастан арамыз

Қосылып кейде қаламыз

Бөлініп кейде арамыз

Көбейтіп те аламыз

Ол не? (сандар)

6. Жоқ өзінде баста, қас та, мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында (Сызғыш)

7. Бірдей санды бірнеше рет

Көбейтуден тұрады

Егер оны ықшамдасаң

Қандай атау болады? (Дәреже)

2-жүргізуші.

Елбасымыз «ХХІ ғасыр - білім мен ғылым ғасыры» деп атаған. Математика- ғылымдар патшасы, информатика- ақпараттар ғылымы. Яғни оған бүгінгі күнде көзіміз жетіп отыр, күннен күнге ғылым мен техника өрлеп дамып келе жатыр. 50 елдің қатарына қосылу үшін әрбір жас өз үлесін қосу керек. Биыл тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерейтойы. 20 жыл ішінде біз көптеген жетістіктерге қол жеткіздік.

Бүгінгі кешті мен «Білімсіз -адам, тұзсыз тағаммен тең» деп аяқтағым кеп отыр. Барлығымыз бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып жұмыс жасайық. Білімді және Белсенді болыңдар!







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал