7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары 'Компьютердің құрылымы және жұмыс істеу принципі' 8 - сынып

Сабақ жоспары 'Компьютердің құрылымы және жұмыс істеу принципі' 8 - сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сыныбы:_____________________ Күні: ___________________________________

Мұғалімі: __________________________ Тексерген: _______________________________


Сабақтың тақырыбы: Компьютердің құрылымы және жұмыс істеу принципі


Сабақтың мақсаты: Оқушыларды компьютердің құрылымы мен жұмыс істеу, микропроцессор(МП) қосымша құрылғылары өңдеу принциптері туралы үйрету.

1. Білімділік: Компьютердің құрылымы және жұмыс істеу принципі, микропроцессор (МП) қосымша құрылғылар, өңдеу принциптері туралы білімдерін қалыптастыру;

2. Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге

деген қызығушылығьш арттыру.

3. Тәрбиелік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;

Сабақ түрі: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау

арқылы түсіндіру.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, практикум, тапсырмалар.

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру

  4. Тапсырмаларды орындау

5. Үйге тапсырма

Үй жұмысын сұрау

  1. Есептеуіш машиналарының түрлерін атап шығыңдар.

  2. Есептеуіш машиналардың жалпы сипаттамаларын атаңдар.

  3. ДК -дің қандай модельдері әлемде жетекші орын алады?

  4. ДК-нің кең таралуына себепші болған сипаттамаларын атаңдар?

  5. ДК-дің негізгі құрауыштарын атап шығындар.

  6. Аналық (жүйелік) таңшаның құрауыштарьш атаңдар.

  7. Монитор неге арналған?

  8. Мақсатына қарай ДК-лер қандай топтарға бөлінеді?

  9. Түрмыстық мақсаттағы ДК-ні сипаттаңдар.

  10. Жалпы мақсаттағы ДК-ні кімдер, қайда пайдаланады?

  11. Кәсіптік мақсаттағы ДК-ні сипаттаңдар.

  1. Конструктивтік (құрылымдық) орындалуы бойынша ДК-лердің айырмашылығы
    неде?


МИКРОПРОЦЕССОР (МП)

Микропроцессор - дербес компьютердің орталық блогы, машинаның барлық блоктарының жұмысын басқаруға және арифметикалық - логикалық операциялар орындауға арналған.


Арифметикалық - логикалық құрылғы - сандық және символдық ақпараттарға арифметикалық - логикалық операциялар орындауды жүзеге асырады.

Басқару құрылғысы барлық компьютердің жұмысын реттейді, яғни белгілі басқару сигналдарын құрастырады және дер кезінде беріп тұрады, ұяшықтары адресін ұйымдастырады және осы адресті ЭЕМ-нің блоктарына беріп тұрады.


Процессордың сипаттамасы


Тактілік жиілік

Разрядтылық

Такт - Процессордың белгілі бір операцияны орындауына кететін уақыт бірлігі.

Тактілік жиілік - Бір тактіге неғұрлым аз уақыт кетсе немесе процессордың тактілікжиілігі неғұрлым жоғары болса, ақпарат өңдеу соғұрлым тез өтеді.

Жад регистрлері - Ақпарат өңдеу барысында процессорға түскен деректерді сақтауға арналған жадтың ішкі ұяшықтары.

Процессордың разрядтылығы - Бір тактіге процессор өңдей алатын байттар мөлшері.Разрядтылық неғұрлым үлкен болса, компьютер бір такт ішінде соғұрлым көп ақпарат өңдей алады.

Дербес пайдаланылатын компьютердің өнімділігі - ішкі жадтың көлеміне,процессордың тактілік жиілігіне, процессордың разрядтылығына, кеңарна өңдеу соғұрлым тез өтеді.


Бекіту: Жаңа сабаққа байланысты сұрақ жауап беру арқылы жаңа сабақты қорытындылау.


Сабақты қорытындылау: Жаңа сабақты түсіндіріп, оқушылардың біліміне сәйкес бағалау.


Үй тапсырмасын беру: Операциялық жүйе дегеніміз не? Операциялық жүйелерді жіктеу. WINDOWS типті операциялық жүйелер. WINDOWS -ты баптау. Файлдар мен қапшықтарды іздеу

Бағалау:




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал