7


  • Учителю
  • Информатика -кеше,бүгін, ертең (5 класс)

Информатика -кеше,бүгін, ертең (5 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

</<font color="#000000">Сабақтың тақырыбы: Информатика, кеше, бүгін, ертең

Сабақтың мақсаты: Сайыс өткізу арқылы оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын арттыру;

Ана тілі мен орыс тілінде, шет тілінде бірдей сөйлеу шеберлігін арттыру, информатика ғылымына қызығушылығын арттыру;

Өз білімдерін, қарсыласын бағалай білуге, информатика тарихын білуге тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: Сыныптан тыс жүргізілген сайыс сабақ

Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, слайд, компьютерлер, таратпа материал.

Әділқазылар мүшелері:

Әріп: Армысыздар, құрметті ұстаздар, әділ - қазылар, оқушылар! «Информатика кеше, бүгін, ертең» атты сайымызды бастауға рысұқсат етіңіздер. Ойынға 2 топ қатысады (топтар эмблема және ұрандарымен таныстырады).



Жансая:

Жоспар

I. Компьютер құрылғысын білеміз бе?( 10ұпай)

II. Адасқан әріптер (10ұпай)

III. Сергіту ойыны.(10ұпай)

IV. Жұмбақ шешу(5ұпай)

V. Қиықтар жинау (5ұпай)

VI. Сиқырлы тізбек(5ұпай)

Әр топтың басшылары әділ-қазылардың алдынан топ нөмірін таңдап алады.

Әріп:

Жан достарым, мұны жақсы ұғайық

Информатика, құрметтеуге лайық

Тартысайық сайыста, күш жігермен

Тартысайық қимас біз, дос көңілмен - деп 1 - кезең. «Компьютер құрылғыларын білеміз бе?» (сұрақтар қойылады)

Жансая:

І топ

1. Компьютердің негізгі құрылғыларын ата?(жүйелік блок, монитор, пернетақта, тышқан)

2. Шығару құрылғыларын атаңыз?(принтер - басып шығарғыш)

3. Тышқанның түрлері қандай?(екі батырмалы, үш батырмалы)

4. Компьютердің миы деп нені айтады?(жүйелік блок)

Әріп:

ІІ топ

5. Алғашқы есептеу құрылғысы? (саусақтар)

6. Дыбыс шығару құрылғысы? (колонка)

7. Paint бағдарламасын қалай іске қосамыз? (пуск - все программы - стандартные - paint)

8. ДК неше бөліктен тұрады? (7 бөліктен)



Жансая:

Ең қиынын жарыстың

Жеңіп алда жарыссың - деп

2 - кезең. «Адасқан әріптер» (3 мин)

Монитор --------- Торнимо

Компьютер -------- Пьютерком

Тышқан ------------ Қаштын

Колонка ---------- Каколон

Интернет --------- Тенинтер

Сурет --------- Терус

Бояу -------- Уяоб

Наушник --------- Никнауш



Әріп:

Мынау ұшқыр заманда,

Жаңалық енді ғаламға.

Компьютер тілін меңгеру,

Қажеті туды адамға - деп 3 - кезең. «Сергіту ойыны»

Жансая:



Сендер шаршаған шығарсыңдар. Енді аздап дем алып, кім түсініктерді ойында тыңғылықты сақтай алатынын тексерейік. Бұл ойын «3, 13, 33» деп аталады. 3 дегенде қолды созамыз, 13 десе қолды екі жаққа, ал 33 десе қолды жоғары көтеруіміз керек. Мұны дұрыс орындамаған немесе ауыстырып созғандар ойыннан шығады.







Жансая:

Көңілді ойын жасайық

Жұмбақ шеруін шашайық

Мұнда қызық табылар

Қиын жұмбақ бәрі бар

Бүгінгі кеште біз бастайық,

Сайыста көңілмен қол соғайық - деп 4 - кезең. «Жұмбақ шешу»



Әріп:

Жануарға ұқсас атым бар,

Бағдар көрсетер затым бар.

Кілемше үстінде тұрамын,

Ең қажетті құралмын... (тышқан)



Жұртты өзіне қаратқан

Ақпаратты сақтап, таратқан...(компьютер)



Мәліметті сұраған,

Экранға шығарған....(монитор)

Жансая:

Егер білсең, айта қойшы

Бұл қандай құрылғы

Ақпаратты қағаздағы

Компьютерге енгізеді....(сканер)



Бір сарайда тұрады екен,

Бес атаның балалары.

Қыдырмашы біреуі,

Бір күн бар да, бір күн жоқ.

Соны есепке алсақ.

Ұзын саны жүз жеті...(пернетақта)



Бұтақ орнында мың бір инесі

Компьютер жаны мекені...(кактус)

Әріп:

Әділ халқым берерсің әділ баға

Өнері мен өренін салыстырып - деп 5 - кезең:

«Қиықтар жинау»

Алдарындағы қиықтарды жинап құрастыру керек және оны бояу керек. Тез жылдам орындаған оқушыға 5 ұпай беріледі.

Жансая:

Тез жауап бер ойланып тұрып қалма

Мәреге таяп қалды бұл жарыста - деп 6 - кезең: «Сиқырлы тізбек»

Ақпараттың өлшем бірлігін өсу ретімен орналастыр.

Бит, Байт, Килобайт, Мегабайт, Гигабайт, Терабайт;(2мин)



Қорытынды: Әділқазылар жеңімпаз болған топты I, II орындарды марапаттау.

Мұғалім:

Көңіл бөліп бұл кешке,

Келгендерге көп рахмет!

Шын сезінген көрермендерге,

Мың рахмет, мың рахмет !!!



















































































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал