7


11 сынып сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

№3 сабақ

Сыныбы: 11а Күні:_______ Мұғалімі: Сагимбаева С.Ж. Тексерген: Дуйсенбинова У.Д.



Сабақтың тақырыбы: Ақпараттық құқықты қорғау

Сабақтың мақсаты:

  • Заңдарды әзірлеу- ақпаратты қорғаудың бірден-бір ұйымдасқан әдісі екенін білу және ақпараттандыру туралы заңның негізгі қосымшаларымен және авторлық құқық заңымен танысу.

Оқушылар білуі тиіс: авторлық құқықтың нысаны не екендігін, ПЖ және желіден алынған ақпаратқа қолданылатын авторлық құқық туралы заңның баптары туралы.

Оқушылар үйренуі тиіс: желіден алынған ақпаратқа дұрыс сілтеме жіберу.



Сабақтың барысы

I Ұйымдастыру кезеңі

II Сабақтың мақсат-міндеттерін қою

III Білімді өзектендіру

Оқушылар сенімділіктің(бұл дереккөзінің тізімі немесе "ғылыми журнал-Уикипедиядағы баптар қағидасы бойынша) азаюын бір реттілікпен орналастыратын дереккөз тізімдерін ұсыныңыз.

IV Жаңа материалды түсіндіру

Мәселенің қойылымы

Оқушы әртүрлі дереккөздердегі сілтемелердің стандарттарымен таныс(орыс тілі курсынан оқу жобасы бойынша библиографиялық тізім құрған).

Оқушыларға дұрыс рәсімделген(сілтемелердің бірнеше мысалдарын дайындаңыз, олардың дұрыс рәсімделуі- ескертпе немесе тұсаукесерді) деп есептелінген электронды қорларға сілтемелерді таңдауға рұқсат етіңіз.

Оқушыларға өз ойларын айтуға және мына сұрақтар бойынша қорытынды жасауға мүмкіндік беріңіз:

  1. Мәліметті қалай таңдау керек?

  2. Авторға сілтемені жіберу міндетті ме?

  3. Тұсаукесерде сілтеменің болуы міндетті ме?

  4. Қорға жүгінгендегікүнді көрсету қажет пе?

Интернет желісіндегі авторлық құқықтың әрекетін талқылаңыз. Мысалға, оқушы

фильмді қандай жолмен көреді(онлайн, жүктейді, қандай қорлармен). Әдістердің қайсысы заңды емес? Жай ғана көшіріп қоюға және суретті Интернеттен алып қоюға бола ма?

Оқушыларға оқулықтағы мәтінмен жұмыс істеуге, автолық құқық нысандарының не екендігін анықтауға, басқалай акттармен қорғалған, авторлық заңдарының әсеріне түспейтін нысандарға өзінің мысалдарын келтіруге мүмкіндік беріңіз.

Автордың рұқсатынсыз шығармаларының Интернет желісіне орналастыру себебі бойынша автор тарапынан туындайтын дау туралы бірнеше мысалдарын дайындаңыз(мысалға, "Мошков кітапханасы" қарсы талаптары).

Арнайы программаларды(дайын нәтижелерді тексеруге немесе оқушының сабақта өздігінен тәжірибелік жұмысқа уақыты болмаса) қолдана отырып, бірнеше мәтінді плагиатқа тексеруге дайындаңыз. Тексерулердің алынған нәтижелерінің қаншалықты көрілмегенін немесе көшірілгенін талқылаңыз.

Ақпаратты қорғаудың тағы да қандай әдістері бар екендігін талқылаңыз. Оқушыларға заң шығарушы қызметтеріне сәйкес(программалық, ақпараттық немесе ұйымдық) тобына бөлуді ұсыныңыз. Тұсаукесерді қорытындылау үшін интерактивтік тақтаның мүмкіндіктерін қолданыңыз.

Оқушыларға "Электронды ақпараттық қорларды, ақпараттық жүйелерді қорғау" бап мәтінін, "ақпараттандыру туралы" заңын оқуға мүмкіндік беріңіз. Олар кез келген ақпарат біреудің жекеменшігі болып табылады деген қорытындыға келуі керек. Сондықтан ақпаратты қорғау, жекеменшікті қорғауға сәйкес мемлекеттік заңдармен қарастырылады және қылмыстық кодекске сәйкес жекеменшік құқығының бұзылуы қудаланады және бас бостандығынан айырылуға дейін жазаланады.

V Тәжірибелік жұмыс

Тапсырманың орындалуы.

VI Қорытындылау

Қандай сұрақтар қалды/туындады? Келесі сабаққа мәселенің мақсат-міндеттерін қою-шағын жобаларды қорғау сабағы. Жобалардың тақырыбын таңдау.

Оқушы зерттеуге арналған тақырыпты өзі ұсынуына болады. Өзіндік зерттеуге болжам жасайтын шағын жоба тақырыптарын ұсыныңыз және дайындаңыз. Мысалға,

"Авторлық құқық туралы заң мен сабақтас құқықты салыстыру(Қазақстан) және Ақпаратты қорғау туралы заң(Ұлыбритания)"

VII Үй тапсырмасы

§2-ні, бақылау сұрақтарына жауап беру және тапсырмаларды орындау, тақырып бойынша шағын жоба дайындау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал