7


  • Учителю
  • Графикалық объектілерді және көркем жазуларды кірістіру. Суреттер мен жазуларды пішімдеу

Графикалық объектілерді және көркем жазуларды кірістіру. Суреттер мен жазуларды пішімдеу

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пәні: Информатика

Күні:

Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы: Графикалық объектілерді және көркем жазуларды кірістіру.

Суреттер мен жазуларды пішімдеу.

Сабақтың мақсаты:

білімділік:

  • Microsoft Word 2010 мәтіндік процессорында графикалық нысандар мен суреттерді кірістіруді меңгеру;

  • Word мәтіндік редакторын практикада қолдануды оқушыларға тереңірек түсіндіру;

  • Microsoft Word 2010 мәтіндік процессорында графикалық нысандар мен суреттерді орындай алуын қалыптастыру.

дамытушылық:

  • танымдық қызығушылықтарын, жұмыс жасау барысында жеке тұлға ретінде қалыптасуы мен өзін-өзі бақылауын, конспектілей білуін дамыту:

  • ақыл-ойын, жадын, зейінін, салыстыра білуге, қорытынды жасай алу тәсілдерін дамыту;

тәрбиелік:

  • ақпараттық-коммуникациялық технология саласында, оның ішінде, мәтіндік ақпаратты өңдеу технологиясы бойынша білім мен біліктің маңыздылығын көрсету;

  • оқушылардың материалды саналы түрде меңгеруге, ақпаратты саналы әрі сапалы түрде игеруге, техникаға ұқыпты қарауға ықпал ету;

  • информатика пәнінен алған білімі мен білігін біріктіре отырып, практикада пайдалану, ұжымда жұмыс істей білуге тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: дербес компьютер, Microsoft Word 2010 мәтіндік процессор, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ Үй тапсырмасы:

Мұғалімнің сұрақтары:

  1. Редакторға нысанды кірістіру кезінде орындалатын әрекеттің белгілі бір тәртібі бар ма?

  2. Алмасу буфері дегеніміз не?

  3. Буферге нысанды қалай орналастыруға болады?

  4. Қандай нысанды графикалық нысан деп атайды?

  5. Графикалық кескінді қалай алуға болады?

ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру.

Microsoft Word құжатында кескіндеудің негізгі екі түрі қолданылады, олар графикалық нысандар және суреттер.

SmartArt графикалық элементі мәліметтерді көзбен көруге қызмет етеді, оларды түрлі макеттер негізінде оңай әрі тез құруға болады.

SmartArt графикалық элементінің көмегімен сапалы бейнелерді тінтуірді бірнеше рет шерту арқылы құруға болады. SmartArt графикалық элементін құруда оның түрін таңдау ұсынылады, мысалы, «Процесс», «Иерархия», «Цикл» және «Связь» (Байланыс).

SmartArt графикалық элементінің әрбір түрі бірнеше түрлі макетті құрайды. SmartArt графикалық элементінің таңдалған макетін немесе түрін оңай өзгертуге болады. Мәтіннің үлкен бөлігі және басқа құрамы - түсі, стилі, мәтіннің эфектісі мен пішімдеуі автоматты түрде жаңа макетке көшеді.

  1. Егер SmartArt графикалық элементінің қосымша бетіндегі жұмыс немесе Конструктор қосымша беттері көрінбесе, онда SmartArt графикалық элементінің таңдалғанына көз жеткіз.

  2. Фигураны қосу үшін төменде көрсетілген әрекеттердің бірін орында.

  • Фигура таңдалғаннан кейін оны фигураға кірістіру керек болса, Фигураны соңынан қосу (Добавить фигуру после) элементіне шерт.

  • Фигураны таңдаудан бұрын фигураны кірістіру керек болып жатса, онда Фигураны алдына қосу (Добавить фигуру перед) элементіне шерт.

  • Мәтін аумағына фигураны қосу керек болса, бар фигураны шертіңдер, меңзерді фигураны қоятын орынға - мәтіннің алдына немесе соңына орналастыр және Enter пернесіне бас.

  • SmartArt графикалық фигураның ішінен біреуін алып тастау керек болып жатса, алып тастайтын фигураны шертіп, Delete пернесіне бас. SmartArt графикалық элементтің барлығын алып тастау керек болса, оның шекарасын шертіп, Delete пернесіне бас.

IV Тақырыпты бекіту.

Мұғалімнің көмегімен Word Art SmartArt арқылы жазуларды, суреттерді және мәтінді пішімдеу орындалады.

Компьютердегі тәжірибелік жұмысты орындау.

А деңгейі:1. Мәтінді оқып шығыңдар.

2.Оны сөйлемдерге бөліңдер.

3. Мәтіннің иллюстрациясы болатын сурет кірістіріңдер.

4. Мәтінге тақырып қосыңдар.

5. Құжатты сақтаңдар.

В деңгейі: Кестенің көрсетілген ұяшықтарына суреттерді кірістіріңдер және осы суреттердің астыңғы жазуын жазыңдар. («Суреттің астыңғы жызуы» және «Сурет» сөздерін жойыңдар).

С деңгейі: Сандық сәуленің суретін салыңдар. Сәулеге «сандық сәуле» декоративтік бетіне жазуды қосыңдар.

V Қорытындылау.

Сабақта алған жаңа әрі жалпы ақпараттар элементтерін бекіту арқылы сабақты қорытындылау. Тәжірибелік жұмыстарды орындауын тексеру.

Сұрақтар:

  • Microsoft Word жұмыс істейтін кескіндерді ата.

  • Microsoft Word-қа графикалық нысандарды кірістіру үшін қандай қосымша беттер арналған.

  • Word Art нысаны нені білдіреді?

  • Графикалық нысанның мөлшерін қалай өзгертеді?

  • Графикалық нысанды қалай түрлендіруге болады?

VI Үй тапсырмасын беру.

Оқулықтағы §25-тің бақылау сұрақтарына жауап беру.









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал