- Учителю
- Сабақтың тақырыбы: Мәліметтерді енгізу, шығару және меншіктеу операторлары
Сабақтың тақырыбы: Мәліметтерді енгізу, шығару және меншіктеу операторлары
Күні: 19.12.2015 жыл
Сыныбы:7 «а,ә»
Пәні: информатика
Тақырыбы: Мәліметтерді енгізу, шығару және меншіктеу операторлары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды Паскаль тілінің қарапайым операторларын
қолданып программалауға жаттықтыру, білімдерін жүйелеу.
Дамытушылық: Паскаль тілінің қарапайым операторларын қолдана
отырып программалауға және ЭЕМ-ге программаны енгізу, нәтиже
алуға, алған білімдерін практикамен ұштастыру дағдысын жетілдіру;
Тәрбиелік: Зерделілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, ақпараттық
мәдениеттілікке, мақсатқа жетуге тәрбиелеу;
Сабақтың типі: дәстүрлі
Сабақтың түрі: дамытушылық сабағы
Сабақтың әдісі: практикалық жұмыс, қатемен жұмыс, техникалық диктант
Оқыту формасы: жеке жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: Презентация(слайдтар),таратпа тапсырмалар, оқулық, тест тапсырма
Программалық жабдықтама: ДК, Турбо Паскаль
Пәнаралық байланыс: математика,ағылшын тілі,
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасып, түгелдеу
Сынып тазалығына назар аудару
Қауіпсіздік ережесін қайталау және қауіпсіздік журналына оқушылар қол қою.
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау, қайталау
ІІ. 1 «Ойлан тап» ойыны ( оқушыларға жауап-сұрақ тәсілі арқылы)
1. Қарапайым типке жататындарын тап! жауабы: Нақты, бүтін, логикалық, тіркестік
2. Логикалық типке жататын асқабақтарды жина! жауабы: True, z>0, a
3. Символдық типке жататын асқабақтарды жина! жауабы: '?', 'A', '#'
4. Тіркестік типке жататын асқабақтарды жина!жауабы:'алма','agth','girl','we are','325'
5. Нақты типке жататын асқабақтарды жина! жауабы: -58,213, 3,5, 0,562
6. div, mod функциялары қандай типке қолданылады? жауабы: Бүтін (integer)
7. Логикалық типке қолданылатын амалдарды тап. жауабы: XOR, OR, AND,NOT
8. Символдық типке қолданылатын функцияларды тап.
жауабы: PRED(X), CHR(X), ORD(X), SUCC(X)
9. Бүтін типке қолданылатын амалдарды тап. жауабы: MOD, DIV
ІІ. 2 Үй тапсырмасын қорытындылау «Техникалық диктант»
Паскаль тілін 1968-1971 жылдары швейцариялық ғалым Никлаус Вирт қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған болатын.
2. Паскаль тіліндегі программа 3 бөліктен тұрады: тақырып, сипаттау бөлімі, оператор бөлімі.
3. Кез келген программаның алғашқы жолы PROGRAM сөзінен басталатын оның тақырыбынан тұрады. Одан кейін программаның ішкі объектілерініңсипаттау бөлімі жазылады.
ІІІ. Жаңа сабаққа кіріспе
Программаға енетін айнымалылар мен тұрақтыларды, сандарды пайдаланып түрлі әрекеттер (нұсқау, жарлық) орындай алатын сөйлемдерді Паскаль тілінде операторлар, ал алгоритмдік тілдекомандалар деп атайды. Операторлар қарапайым және күрделі(құрама командалар) деп екі топқа бөлінеді. Вegin және end түйінді сөздеріоператорлық жақшалар деп аталады.
ІҮ. Жаңа білімді меңгерту
Меншіктеу операторы: Паскаль тілінде негізгі операторының бірі-меншіктеу операторы. Ол қарапайым операторлар тобына жатады.
Меншіктеу операторының ":=" белгісі "меншіктеу"деп оқылады.
Меншіктеу операторының жалпы жазылуы:
айнымалы атауы :=өрнек;
мысалы: а := а+1;
мұндағы айнымалы атауы - а
а-ға меншіктеу а+1 өрнекті
Енгізу операторы:Программадағы орындалатын алғашқы іс - әрекет - берілгендерді енгізу. Берілгендерді енгізу - программадағы алғашқы берілгендерді компьютердің жедел жадына өңдеуге жіберу болып табылады. Паскаль тілінде берілгендерді енгізуге read - ағылшын тілінен аударғанда "оқу", readln ( read Line) - "жолды оқу" операторлары қолданылады.
Енгізу операторының жалпы жазылуы:
READ(al, a2,…, an);
READLN(al, a2,……, an);
ЕСКЕРТУ. Енгізу операторының соңынан нүкте-үтір (;) қойылады.Енгізуоператорын орындау кезінде біріншіден «?» белгісі ретінде сұранысшықпайды, екіншіден, айнымалы үшін мәнді бір- бірнен бос орын арқылыбөлеьіндей етіп енгізу керек
Мәліметтерді шығару операторы - компьютердің жедел жадысындағы өңделінген мәліметтерді сыртқы құрылғыларға (экранға принтер) беру. Паскаль тілінде мәліметтерді экранға шығару үшін Write ағылшын тілінен аударғанда "жазу", (Write line) - "жолды жазу" қолданылады.
Шығару операторының жалпы жазылуы:
WRITE (al, a2,…, an);
WRITELN(al, a2,……, an)
Ln дегеніміз - (ағылшының Line - "жол" деген сөзінің қысқартылған түрі)
Мысал Есеп 1 y = a*x
Алгоритм
Программа
Блок - схема
алг алгоритмнің аты
басы бүт a, x, y
енгізу a, x
y: = a * x
шығару у
соңы
Program е1;
Var a, x, y: integer;
Begin
Readln (a, x);
y: = a * x;
writeln ('y=',y);
end.
Мысал: Есеп 2. Екі бүтін санды қосып, қосындысын экранда шығару.
program kosu;
var a, b, c: integer; (сипаттау бөлімі)
begin
read ( a, b ); (енгізу операторы)
c:= a + b; (меншіктеу операторы негізгі бөлім)
writeln ( c ); (шығару операторы)
end.
Осы программаның орындалуын оқушыларға түсіндіру,
Программаны орындау үшін
1) F9( программаны орында) пернесін басамыз.
2) а және в айнымалыларына мән енгізу керек. Мысалы, 9 5 сандарын енгізіп, enter пернесін басамыз.
3) Экранға с - ның мәні 14 шығады.
Мысал Есеп 3 Берілген а,в,с үш санның қосындысын және көбейтіндісін есептеу
программасын жазайық.
Program candar;
Var a,b,c : integter;
Begin
A:=5; b:=2; c:=3
Writeln ( ' kosundu=' , a+b+c);
Writeln ('kobitundu=' , a*b*c);
Writeln ( ' kosundu=' , 10);
Writeln ('kobitundu=' , 30);
End.
V. Компьютерде практикалық жұмыс жасау
№1 - есеп.Кез келген екі санның қосындысын есептейтін программа құру .
Program kosu;
Var a,b:integer;
Begin
readln(a,b);
Y:=a+b;
Writeln('y=',y);
End.
№2-есеп. Екі санның көбейтіндісін табуға программасын құру.
Program kobitu;
Var a,b,y:integer;
Begin
readln(a,b);
Y:=a*b;
Writeln('y=',y);
End.
№3 - есеп. Екі санның бөліндісін табуға программасын құру.
Program bolindi;
Var a, b, x:real;
Begin
Write ('a, b-сандарын енгіз');
Readln(a, b);
X:=a/b;
Writeln('x=',x);
End.
VІ. жаңа сабақты бекіту
Тест тапсырма (7 сұрақ). 72 бет
Тест тапсырма
1. Программа құрылымын ата
А) сипаттау бөлімі, оператор денесі
Ә) программа тақырыбы, сипаттау бөлімі
Б) программа тақырыбы, сипаттау бөлімі, оператор бөлімі
В) программа тақырыбы
2. program kbt; - бұл...
А) программа тақырыбы Ә) программаның оператор бөлімі
Б) программаның сипаттау бөлімі В) программаның соңы
3. Операторлық жақшаны көрсетіңіз?
А) program Ә) Begin, end
Б) Write, writeln В) Read, readln
4. Енгізу операторын көрсетіңіз?
А) program Ә) Begin, end
Б) Write, writeln В) Read, readln
5. Шығару операторын көрсетіңіз?
А) program Ә) Begin, end
Б) Write, writeln В) Read, readln
6. Қай оператор дұрыс жазылған?
А) read(a,b,c) Ә) read(a:b:c)
Б) read(a;b;c) В) read(a b c)
7. Қай оператор дұрыс жазылған?
А) writeln(a=5,b=6); Ә) write(a,,b);
Б) writeln(a:b:); В) write(a,b);
8. Қай пікір қате?
А) программаның әр жолы (;)- нүктелі үтірмен аяқталады;
Ә) сызықтық өрнек бір жолға жазылады;
Б) ондық бөлшек үтірмен жазылады;
В) градустық өлшеуіштер радиандық өлшеуішпен жазылады;
9. 61 div 7. Нәтиже неге тең?
А) 5 Ә) 7 Б) 8 В)2
10. 61 mod 7. Нәтиже неге тең?
А) 5 Ә) 7 Б) 8 В)2
Жауабы:
1- б, 2- а, 3- ә, 4- в, 5- б, 6- а, 7- в, 8- б, 9- б, 10- а
VІІ. жаңа сабақты қорытындылау
Үйге тапсырма: 12-13 - тақырыптарды оқу сөзжұмбақ құрап келу, түін сөз құрастыру
Күнделіктеріңе баға қойдыруды ұмытпаңдар!