7


  • Учителю
  • Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері. 5 cынып

Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері. 5 cынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Мұғалімі Ыбырайқызы Рыскүл.


Сабақтың тақырыбы: Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік Оқушылардың Операциялық жүйе және онын түрлерін, WINDOWS типті
операциялык жүйе туралы және оның баптауды, файлдар мен қашпыктарды іздеу туралы білімдерін қалыптастыру;
Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жүзшс істеуге тәрбиелеу;
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік кабілеттерін дамыту,
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар : компьютер, окулык. практикум. тақта. Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Тапсырмаларды орындау
Үйге тапсырма
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II.Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:
1. 1.Процессор қандай қызмет атқарады?
2. 2.Микропроцессордың құрылымына қандай қүрылғылар кіреді?
3. Басқару құрылғысы не істейді?
4. Процессордың разрядтылығы деген не?
5. Ішкі жадта ақпарат қалай сақталады?
III.Жаңа тақырыпты түсіндіру
Операциялық жүйе компьютердің барлық құрылғыларының жұмысын және программалық жасауының жүмысын басқару үшін қажет екенін білесіңдер. Ол компьютер мен адамның арасындағы байланысты қамтамасыз етеді, демек,
Операциялық жүйе адам мен компьютердің электрондық құрауыштары және қолданбалы программалар арасында келістіруші қызметін атқарады. Ол адамның программаларды іске қосуына, барлық мүмкін деректерді оларға беруге және олардан алуға, программа жұмысын басқаруға, компьютердің және оған қосылған қүрылғылардың параметрлерін өзгертуге, ресурстарды қайта бөліп беруге мүмкіндік береді. Дербес копьютерде жұмыс істеу, шынында, оның операциялық жүйесімен жұмыс істеу болып табылады.Біз үшін компьютермен қарым-қатынас жасаудың қолайлы әдісі- операциялық жүйе қамтамасыз ететін интерфейс маңызды.
Операциялық жүйелерді жіктеу
Дербес компьютерге арналған операциялық жүйелер бірнеше параметрлері бойынша ерекшеленеді. Атап айтқанда, ОЖ-лер:
Бір міндетті және көп міндетті қатар атқаратын;
Бір адам пайдаланатын және бірнеше адам пайдаланатын;
Бұдан басқа операциялық жүйенің командалық немесе графикалық (немесе екеуі
бірге) кеп терезелі интерфейсі болуы мүмкін.
Анығырақ айтқанда, мүндай жүйелер, әдетте, негізгі режимде бір программаны және фондық деп аталатын режімде көмекші тағы бір програманы іске қосуға мүмкіндік береді. Мысалы, негізгі режимде мәтіндер редакторын, ал фондық режимде басу программасын іске қосуға болады.
Бұл программалар бір-біріне кедергі келтірмей, қатар жұмыс істейді. Мысалы, бір программа адаммен шахмат ойнағанда, басқасы басқа компьютерлермен бірге модем арқылы ақпарат тексеруі мүмкін.
Бір міндетті жүйелер қарапайым, жинақы, қуатты аз компьютерлерде жұмыс істеу қолайлығы жағынан көпміндетті жүйелерге теңесе алмайды, сондықтан да біртіндеп
Әрине, дербес компьютерде бірнеше адам кезекпен жұмыс істеуіне болады және олардың әрқайсысы компьютердегі барлық ақпаратқа шыға алады.
Файл - аты бар бірқатар байттар тізбегі. Файл не бағдарлама не құжат болуы мүмкін. Windows - та бағдарламалардың басқа атауы - қолданба да қолданылады.
Әр файлдың аты болады. Оның аты оң және сол бөліктен тұрады. Оң жақ бөлігі үш символдан тұрады және оның типін анықтайды. Сол жақ бөліктің ұзындығы 1 - 255 символға дейін болады.
Файл типтерінің кейбір негізгі «құжат ретінде» белгіленулерінің тізімі төменде келтірілген:
*. bmp Paint
*. doc Word WordPad
*. txt Блокнот қолданбасының құжаты
*. wav Фононграф қолданбасының дыбыстық файлы.
*. avi Бейне - клип
*. xls Excel кестелік процессорының құжаты
*. ppt PowerPoint қолданбасының тұсаукесер
Бума - бұл аты аталған файлдар тобы. Windows 98 - дің бумалары каталог рөлін атқарады. Тұрмыстық деңгейде буманы кәдімгі ішіне қағаз беттерін - файлдарды салатын бумалармен салыстыруға болады. Windows 98 - дегі барлық файлдар, құжаттар мен бағдарламалар бумаларда сақталады. Бумалардың аты, файлдың аты сияқты оның мазмұнын көрсете алады.
Буманың пиктограммасы болуы мүмкін. Бумаларда таңбашалар, файлдар және басқа бумалар да болуы мүмкін. Бума бос болуы да мүмкін. Бумада аты бірдей объектілері болмауы керек. Буманың ішіндегісін қарап шығу үшін, тінтуірдің батырмасын онда екі рет басу жеткілікті.
Бумалар екі түрлі болады:
- жүйелік бума - каталогтар;
- жұмыс бумалар (Менің компьютерім, принтерлер және т. б.)
Бумаларды құру оның құрылымы:
Бума элементтері: тақырып, меню, терезені басқару батырмалары, айналдыру жолағы, құрал саймандар тақтасы, қалып күй жолы.
Терезеде жаңа бума құру:
Буманы Файл →Создать→Папка командасын құрады.
Таңбаша(ярлык) - нақты бір файлдарды көрсететін арнайы белгішелер. Олардың бума белгішесінен айырмашылығы - оның сол жақ төменгі бұрышында кішкене иілген бағдаршасы бар. Таңбашаны жойғанда, оның көрсетіп тұрған файлы жойылмайды.
Таңбашалардың негізгі міндетті - объектіге әр түрлі орыннан оның көшірмесін жасамай - ақ қатынауды қамтамасыз ету. ІV Бағалау V. Үйге тапсырма: берілген тақырыпты оқып келу.
IV. Бағалау.
V. Үйге тапсырама: Берілген тақырыпты оқып келу.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал