7


  • Учителю
  • Microsoft Excel құрылымы және деректерді енгізу 8 сынып

Microsoft Excel құрылымы және деректерді енгізу 8 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





Тақырыбы:



</ • Microsoft Excel құрылымы және деректерді енгізу

Мақсат:



Жаңа білім

•Microsoft Excel электрондық кестесінің жалпы құрылымымен таныстырады және деректерді енгізу процессімен қорытындылайды.

Жаңа түсінік

• Microsoft Excel-дің құрылымының түсіндірмесін береді.



Қолданым әрекеті

•Microsoft Excel-де деректерді өңдейді.

Талдау әрекеті

•Электрондық кестенің құрылымын өзгертуді бейнелеп көрсетеді.

Шығармашылық әрекет

•Microsoft Excel электрондық кестесінде деректермен жұмыс жасауды жоспарлайды.



Бағамдау әрекеті

•Microsoft Excel электрондық кестесі құрылымы жайлы білімдерін түйіндейді.

Сабақ құрылымы:



І. Ақпарат алмасу ( 12 мин.).

ІІ. Алғашқы бекіту (3 мин.).

ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (15 мин.).

ІV. Шығармашылық қалыптастыру (20 мин.).

V. Бағамдау-бағалау (5 мин.).

Сабақ типі:



• Сабақта жаңа білімді игеру

Оқыту әдісі:



• Түсіндірмелі-иллюстративтік, топтық жұмыс

Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:



  • Оқушыларды жаңа деректермен таныстыру

  • Жаңа тақырыпты бекіту мақсатында нақты мысалдар көрсету

  • Оқушыларға мысалда берілген тапсырмаларды өз бетімен орындап көруге мүмкіндік беру. Өз бетімен орындауда нәтижелер оң болмаған жағдайда, нұсқаулар беру.

  • Сабақ барысында оқушыларға қосымша сұрақтар қоюға мүмкіндік беру.

Негізгі ұғымдар мен терминдер:



• Ұяшық, өрнек, белсенді ұяшық, мәтінмәндік мәзір.

Оқушыда дағды қалыптастыру:



  • Жаңа өткен тақырыпты толық игеру

  • Қажет болған жағдайда мұғалімнен көмек сұрау

  • Өтілген тақырыпты бекіту мақсатында үй жұмысын, деңгейлік тапсырмаларды толығымен өз бетімен орындау

Ақпарат көздері:



1. Microsoft Office Еxcel. Википедия Ашық Энциклопедиясы.

2. Excel-ДЕ ЖҰМЫС ІСТЕУ.ЭЛЕКТРОНДЫ КЕСТЕЛЕРДІ ӘЗІРЛЕУ. Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасы бойынша халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту жөніндегі оқу-әдістемелік құрал.

Оқушы жетістігін бағалау:



  • Оқушының негізгі бағасы деңгейлік тапсырмаларды орындауына байланысты қойылады.

Үй тапсырмасы:



• Келесі сабаққа дайындық тапсырмасы:



Электрондық кестеде баған және жолдың енін, биіктігін өзгерту үшін жасалынатын қадамдарды жазып келу.

САБАҚ БЛОКТАРЫ 



Тақырып жоспары:

1. Ұяшық дегеніміз не?

2. Деректерді енгізу.

3. Ұяшық мазмұнымен жұмыс істеу.

4. Баған және жолдың параметрін өзгерту.

Слайдтар:1-слайд Microsoft Excel құрылымыMicrosoft Excel құрылымы және деректерді енгізу 8 сынып

Excel-де әрбір жұмыс парағы жолдар мен бағандардан тұрады. Бағандар аты латын алфавитінің бас әріптерімен жазылады. Бір жұмыс парағы 256-ға дейін бағанды қамти алады. Жолдар 1-65536 аралығында нөмірленеді.





2-слайд Microsoft Excel құрылымы

  • Бағандар мен жолдардың қиылысуы ұяшықтар деп аталады. Әрбір ұяшықтың жол мен баған белгіленуінен тұратын адресі болады. (Мысалы: А9, D21, F5, G7, L16)

  • Ұяшық мекен жайы ұяшыққа деген сілтеме болып табылады және осы ұяшықтағы деректерді өрнекте пайдалану үшін қолданылады. Ұяшықтың бірі ғана берілген уақыт мезетінде белсенді болып табылады.Microsoft Excel құрылымы және деректерді енгізу 8 сынып



3-слайд Іргелес ұяшықтартарды таңдауMicrosoft Excel құрылымы және деректерді енгізу 8 сынып

Excel бағдарламасы кестесінде іргелес ұяшықтар ауқымын бөлектеп алу үшін:

  • бірінші бөлектелетін ұяшықты шертіп, пернесін басып тұрып, бөлектелетін ауқымның соңғы ұяшығын шерту қажет;

  • Тышқан көмегімен алғашқы ұяшықтан бастап соңғысына дейін белгілеу қажет;



4-слайд Іргелес емес ұяшықтарды таңдауMicrosoft Excel құрылымы және деректерді енгізу 8 сынып

Excel бағдарламасында іргелес емес ұяшықтарды ерекшелеу үшін бірінші ұяшықты шертіп, пернесін басып ұстап тұрып, қажет ұяшықтарды шерту керек.



5-слайд Ұяшықтардың енін өзгерту

Ұяшықтардың енін өзгерту үшін :

  • Пішім - Ұяшық ені қосымша мәзірінде керек мәнді көрсетеміз;

  • Баған таңбашасының оң жақ шетін оңға немесе солға жылжытып, бағанның енін ұлғайтуға болады;Microsoft Excel құрылымы және деректерді енгізу 8 сыныпMicrosoft Excel құрылымы және деректерді енгізу 8 сынып







6-слайд Ұяшықтардың биіктігін өзгертуMicrosoft Excel құрылымы және деректерді енгізу 8 сынып

Ұяшықтардың биіктігін өзгерту үшін :

  • Пішім - Ұяшық биіктігі қосымша мәзірінде керек мәнді көрсетеміз;

  • Жол таңбашасының үстіңгі жағын жоғары немесе төменге жылжытып, жолдың биіктігін ұлғайтуға болады;





7-слайд Деректерді енгізуMicrosoft Excel құрылымы және деректерді енгізу 8 сынып



Microsoft Excel кестесінің ұяшығында не мәтін, не сан, не өрнек орналасуы мүмкін, бірақ ұяшық мазмұнының аралас болуына болмайды.





8-слайд Ұяшық мазмұнымен жұмыс істеу

Ұяшық мазмұнымен жұмыс істеу үшін оны белсенді етіп алу керек. Microsoft Excel құрылымы және деректерді енгізу 8 сынып

Белсенді ұяшықтың мазмұнын өңдеу үшін:

  • Ұяшықты тінтуірдің сол жақ пернесімен екі рет шерту;

  • Ұяшық мазмұнын өрнектер жолағында өңдеу;

  • <Ғ2> пернесін басу;

  • Белсенді етіп алып үстінен жаңа ақпарат жаза беруге де болады.

Белсенді ұяшықтың мазмұнын өшіру үшін:

  • пернесін шерту керек.



9-слайд Кестеге жол және баған үстеу





Кестеге жол және баған үстеу үшін:

  • жол немесе баған тақырыбын тінтуірдің оң жақ пернесімен шертіп, мәтінмәндік мәзірді шақырып алыңыз да, кірістіру әмірін таңдаңыз;

  • Тышқанның оң жағын басып, кірістіру - баған/жол әмірін таңдаңыз;Microsoft Excel құрылымы және деректерді енгізу 8 сыныпMicrosoft Excel құрылымы және деректерді енгізу 8 сынып





10-слайд Кестедегі жол және бағанды жоюMicrosoft Excel құрылымы және деректерді енгізу 8 сынып

Кестеге жол және бағанды жою үшін:

  • жол немесе баған тақырыбын тінтуірдің оң жақ пернесімен шертіп, мәтінмәндік мәзірді шақырып алыңыз да, Жою әмірін таңдаңыз;

  • Тышқанның оң жағын басып, өшіру - баған/жол әмірін таңдаңыз;



іі. алғашқы бекіту





Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.Ұяшық мекен-жайы дегеніміз не?



Белсенді ұяшықтың мазмұнын өңдеу үшін не істеуге болады?

Excel-де іргелес емес ұяшықтарды ерекшелеу қалай жүзеге асады?







Қорытынды:___________________________________________________________



 Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей тапсырмалары

1.Ұяшық мекен-жайы нені көрсетеді?

____________________________________________________________________

2. Ұяшықта мәтін, сан және өрнек бірге орналасуы мүмкін бе?

____________________________________________________________________

3. Кестедегі жол немесе бағанды жою мәтінмәндік мәзірді қалай шақыруға болады?

____________________________________________________________________

4. Ұяшық белсенді кезде пернесін басу қандай нәтиже береді?

_____________________________________________________________________

5. Ұяшық белсенді кезде пернесін басу қандай нәтиже береді?

____________________________________________________________________

6. Ұяшық белсенді кезде пернесін басып, басқа көрші емес ұяшықтарды таңдау мүмкін бе?

____________________________________________________________________

7. Өрнектер жолағы дегеніміз не?

____________________________________________________________________



ІІ деңгей тапсырмалары

1. Ұяшықтардың енін өзгерту үшін не істелінеді?

____________________________________________________________________

2. Ұяшықтардың биіктігін өзгерту үшін не істелінеді?

____________________________________________________________________

3. Кестеге жол және баған үстеу үшін не істелінеді?

_____________________________________________________________________



ІІІ деңгей тапсырмалары

1.Кестеде барлығы қанша ұяшық болуы мүмкін?

____________________________________________________________________

 Топтық жұмыс.

Сынып 3 топқа бөлініп, әр топ өзіне сәйкес тапсырманы орындауы тиіс.

I топ. Ұяшықтардың енін қалай өзгертуге болады?Биіктігін?

____________________________________________________________________

II топ. Кестеге жол және баған үстеу қалай жүзеге асырылады? Жолды қалай жоюға болады?

_____________________________________________________________________

III топ. Іргелес ұяшықтар ауқымын бөлектеп алу үшін қай перне басылу қажет? Басқаша тышқанмен бөлектеу қалай болады?Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал