7


  • Учителю
  • Акпараттык технологиялар (Методический материал)

Акпараттык технологиялар (Методический материал)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

ИНФОРМАТИКА МАМАНДЫҒЫ СТУДЕНТТЕРІН ОҚЫТУДА АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ



М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжі

Елтаева Гүлзира Айбековна Информатика пәнінің оқытушысы

</

Ұлттық білім беру моделін қалыптастыру тенденциясы мен Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін бүкіл әлемдік білім кеңістігіне кіріктірумен сипатталатын білім беру саласы "Қазақстан - 2030" стратегиялық бағдарламасында мазмұндалған негізгі басымдықтардың бірі болып табылады. Бүгінгі күні елімізде ақпараттық қоғамға өту үдерісін іске асырудың негізгі компоненттерінің бірі, яғни ақпаратты алу, өңдеу, тарату мен тасымалдау әрекеттерін жүзеге асыратын бірден-бір себеп, ол ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың күннен-күнге арта түсуі [15].

Ақпараттық қоғам құру, онымен байланысты ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың біздің өмірімізге етене енуі, білім беру жүйесін ұйымдастыруға жаңаша көзқарасты талап етіп, ақпараттық қоғам талабына сай білімді ұрпақ тәрбиелеу, яғни өз қызметінде ғылыми-техниканың соңғы жетістіктерін оңтайлы пайдалана білетін кәсіби құзырлы педагог маман дайындауды қажет етеді.

"Құзыр", "құзырлылық" және "құзырлы" түсініктері бұрынырақта тұрмыста, әдебиеттерде кеңінен пайдаланылды, сөздіктерде түсіндірмелері берілді. Мысалы, "Шетел сөздерінің қысқаша сөздігінде" (М., 1952ж.) "құзырлы (лат. competens, competentis қабілетті) - анықталған аймақта жетекші, білуші; өз білімі деңгейінде бір нәрсені шешу немесе талқылау статусы бар" деп анықтама берілген.

Құзырлылық құзырлары мәселесі бойынша жұмыстарды талдау (Н.Хомский, Р.Уайт, Дж. Равен, Н.В.Кузьмина, А.К.Маркова, В.Н.Куницина, Г.Э.Белицкая, Л.И.Берестова, В.И.Байденко, А.В.Хуторский, Н.А.Гришанова, және т.б.) шартты түрде СВЕ-тәсілдің (CBE-competence-based education) білім беруде қалыптасуының үш сатысын бөлуге мүмкіндік береді.

Бірінші саты - 1960-1970жж. - ғылыми аппаратқа "құзыр" категориясының енгізілуімен, құзыр/құзырлылық түсінігінің шеңберін кеңейтуге алғышарттар құрылуымен сипатталады. Трансформациялық грамматика және тілдерді оқыту теориясы саласында тілдік құзырлардың түрлерін зерттеу, "қарым-қатынас құзырлылығы" (Д.Хаймс) түсінігін енгізу осы кезден басталды [16].

Екінші саты - 1970-1990жж. - тілге оқыту теориясы мен практикасында, басқарудағы кәсіпқойлыққа, жетекшілікке, менеджментке, қарым-қатынасқа оқытуда, құзыр/құзырлылық категорияларын пайдаланумен сипатталады. Дж.Равеннің 1984 жылы Лондонда жарық көрген "Қазіргі қоғамдағы құзырлылық" еңбегінде "әлеуметтік құзырлар/құзырлылықтар" түсінігінің мазмұны жасалды. Бұл "құраушылардың көптеген санынан тұратын, олардың көршілігі салыстырмалы түрде бір-біріне тәуелсіз, ..., кейбір құраушылар когнитивтік салаға қатысты, ал басқалары - эмоционалдық, ... бұл құраушылар бірін-бірі алмастыра алады". Демек, Дж. Равен атап көрсеткендей "құзырлылықтар түрлері" терминінің мағынасы "мотивацияланған қабілеттер".

Қазіргі кезде зерттеушілер жоғарыда келтірілген құзырларды ғана емес, оның оқытуды ұйымдастыру үдерісінің ақырғы нәтижесі ретінде қалыптасуын да ескеріп зерттеумен айналысуда (Н.В.Кузьмина, А.Н.Маркова, Л.А.Петровская). Зерттеушілер түрлі іс-әрекеттер үшін құзырлардың көптеген түрлерін бөліп көрсетуде. Мысалы, Европалық Кеңес (1990) тілдік құзырлардың стратегиялық, әлеуметтік, әлеуметтік-лингвистикалық және т.б. түрлерін бөліп көрсетеді.

Қазіргі кезде құзырлар/құзырлылықтар негізінде жоғары білім берудің мемлекеттік стандарттары мен оқытушыларды аттестациялау процедураларының мазмұнын өзгерту бойынша жұмыстар кең тұрғыда жалғастырылуда. Осы бағытта жоғары білім берудің информатика мамандығына арналған мемлекеттік стандартының мәтінінде білім беру құзырлары болатын негізгі жағдайлар белгіленген.

Білім беру құзырлары - бұл студенттің мағыналық бағдарлары, білімдері, біліктіліктері мен тұлғалық және әлеуметтік іс-әрекетін жүзеге асыруына қажетті нақты анықталған объектілер шеңберіне қатысты тәжірибелерінің жиынтығы.

Білім беру құзырлары түсінігін анықтап, оның иерархиясын айқындайық. Білім беру мазмұнының жалпы метапәндік (барлық пәндер үшін), пәнаралық (пәндер немесе білім беру аймақтары циклі үшін) және пәндік (әрбір оқу пәні үшін) болып бөлінуіне сәйкес үш деңгейлік иерархиясы белгілі:

1) кілттік құзырлар - білім берудің жалпы (метапәндік) мазмұныныа қатысты;

2) жалпы пәндік құзырлар - оқу пәндері мен білім беру аймақтарының анықталған шеңберіне қатысты;

3) пәндік құзырлар - алдыңғы екі деңгейге қарағанда дербес, нақты сипаты мен оқу пәндері шеңберінде қалыптасу мүмкіндігі бар.

Осылайша, білім берудің кілттік құзырлары білім беру аймақтары мен оқытудың әрбір сатысындағы оқу пәндерінің деңгейінде нақтыланады.

Информатика мамандығы студенттерінің кәсіби құзырлылығын ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде қалыптастырудың құраушылары болатын кілттік құзырларды жоғары білім берудің негізгі мақсаты, әлеуметтік тәжірибе мен тұлғалық тәжірибенің құрылымдық бейнеленуі, сондай-ақ, студенттің әлеуметтік тәжірибені меңгеруіне, қазіргі қоғамдағы практикалық қызмет пен өмір сүру дағдыларын игеруіне мүмкіндік беретін негізгі іс-әрекеттерінің түрлері негізінде анықталады.

Біздің зерттеуімізде кілттік құзырлар маман-педагогтың кәсіби құзырлылығының құраушысы ретінде қарастырылады.

Білім беру стандарттарын, бағдарламалары мен жеке пән оқулықтарын

жасауда жалпы кілттік құзырларды қалыптастыру қоры тұрғысынан ұсынылатын білім беру мазмұнының кешенділігі ескерілуі тиіс.

Аталған негізде жобаланған білім беру тек пәндік ғана емес, бүтіндей құзырлы білім беруді қамтамасыз ететін болады.

Студенттердің білім алу құзырлары ЖОО-да ғана емес, отбасында, достары арасында, болашақ өндірістік қарым-қатынастарында көп функционалды метапәндік рөл атқаратын болады.

"Құзырлылық" түсінігі өзіне когнитивтік, операциялық-технологиялық ғана емес, мотивациялық, этикалық, әлеуметтік және мінез-құлықтық құраушыларды да біріктіреді.

Құзырлылықтың мағыналық түсінігін кең тұрғыда анықтау, оны оқыту нәтижесі сапасында өлшеу мен бағалауды айтарлықтай қиындатады. Бұған А.В.Хуторский келтірген негізгі кілттік құзырлардың мазмұны дәлел бола алады.

Жалпы білім беруге құзырлылық тәсіл (СВЕ) ұстану құзырлылығының жоғарыда ұсынылған түрде қарастырылуы оларды өлшеу мен бағалаудың өте күрделілігі туралы барлық зерттеушілердің пікірлерінің дұрыстығына дәлел бола алады. Сонымен бірге, құзырлылық бағасын адамның жалпы мәдениеті, оның тәрбиелілігі бағасымен сәйкестендіре қою оны ізгілендіру және білім беру сапасын көтеруге байланысты мәселені оңтайлы шешуге мүмкіндік береді.

Білім беру саласының деңгейін жоғарылату және оны жетілдіру мәселелерін шешу мемлекеттік құжаттар мен маңызды заң актілерінде де көрініс табуда. Атап айтқанда, олар Қазақстан Республикасы "Ақпараттандыру туралы" (2003ж.), 2002-2004ж. ҚР білім беру жүйесін ақпараттандыру тұжырымдамасы. Тұжырымдама дәстүрлі және жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды интеграциялайтын, білім берудің қазіргі заманғы талаптарын қанағаттандыратын оқытудың ақпараттық-коммуникациялық орталарын құрудың кешенді тәсілдерін қарастырады. Сонымен қатар, білім беру саласын ақпараттандыру, бүкіл әлемдік талаптарға сай білім беретін оқу орындарын қалыптастыру мәселесі елбасымыздың дәстүрлі жолдауларынан да көрініс табуда.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларға байланысты жоғары білімді, қабілетті мамандарды даярлауда студенттердің жүйелік кәсіптік-ақпараттық бағыттылығын белгілі салада қалыптастыру жұмыстарының ғылыми- педагогикалық негізін жасау, оны уақыт талабына сай тез арада шешу арнайы ғылыми жолмен зерттеуді қажет ететін өте құнды мәселе.

Қазіргі уақытқа дейін осы мәселелерге жақын педагогикалық, техникалық мамандарды дайындау туралы біраз ғылыми еңбектер жарық көрген.

Шетелдік және отандық психологтардың, педагогтардың еңбектерін талдау барысында педагог мамандардың кәсіби құзырлылығын ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде жоғары деңгейде қалыптастыру әдістемесін қарастыру қажет екендігі айқындалды.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде кәсіби

құзырлылықтары қалыптасуы үшін информатика мамандығы студенттері негізгі қажетті білімдерді игерулері тиіс. Оларды пайдаланудың жеке практикалық тәжірибелерін жинақтауы, өз қызметтерінде қолдануға сәйкес даярлығы қалыптасуы тиіс (Сурет 1).

Педагогикалық мәселелердің жоғары деңгейдегі дайындыққа жету шешімі кәсіби-педагогикалық іскерлік пен шеберлікке байланысты. Оның ішінде білімге көп көңіл бөлінуі қажет. Іскерліктің дағдыдан айырмашылығы, іс-әрекеттің шығармашылыққа өтуін саналы сипаттамасы бар үлкен жылдамдықпен қалыптастыруында. В.А.Сластенин "Кеңес одағындағы кәсіби









































дайындық үдерісі кезінде мектеп мұғалімдерінің жеке тұлға ретіндегі қалыптасуы" деген жұмысында: "Елеулі дайындық көрсеткіші болып" - жеке тұлға қалыптасуының дамуын, ішкі қуаты байлығын, еріктігін, ықыласын, өнертапқыштығын және т.б. көрсететін психикалық жағдайы болып табылады. Оған өзін дұрыс ұстану мен бекемдікпен қамтамасыз ететін эмоционалды төзімділікті де жатқызуға болады, сонымен қатар, кәсіби-педагогикалық пікірі, яғни педагогикалық үдеріске байланысты себеп-салдарларға енуіне, өз іс-әрекетін талдауға, табыстылығы мен табыссыздығына ғылыми-негізді түсінік іздеуге, жұмысының нәтижесін көруге мүмкіндік беретіндігі туралы айтқан болатын [17]. Оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларына өту, оларды жасау шарттарын құру, ендіру жаңа және дәстүрлі оқыту әдістерін үйлестіру психологиялық-педагогикалық, оқу-әдістемелік және басқа да мәселелердің біртұтас кешендерін шешуді талап етеді.

Оларды келесі бағыттарға бөлуге болады:

- оқу үдерісіне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ендіру

мәселелерін шешудің біртұтас кешенді ғылыми-әдістемелік тәсілін жасау;

-практикалық қызметте ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану әдістемесін жасау;

- педагогикалық кадрларды оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын меңгеруге, оларды оқу үдерісіне ендіруге даярлау;

- студенттерді білімдер мен біліктіліктерді игеруге пайдалануға даярлау;

- оқу ғимаратының материалдық-техникалық қоры;

- сәйкес ғылыми-әдістемелік қамсыздандыруды іздеу, құру және жасау.

Оқыту үдерісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың психологиялық-педагогикалық аспектілері алуан түрлі, солардың ішінде дәстүрлі оқытуды нығайтатын келесі түрлерін атап өтуге болады.

1. Ынталық аспект. Компьютерлермен жұмыс істеу арқылы студент кез-келген оқу тапсырмасының шешімін табу үшін оқытудың ықпалды жүйелерінің көмегімен қажетті ақпаратты алу мүмкіндігіне ие болады. Компьютер оқу материалының мазмұнын ашу арқылы студенттердің ынтасына әсер ете алады. Бұл студенттің оқуға оң қарым-қатынасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

2. Оқу үдерісінің белсенділігін арттыру және тұлғалық ерекшеліктерді ескеру. Оқыту үдерісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануда интерактивті сұхбаттасуды іске асыру, оқу іс-әрекетінің режимін өз бетінше таңдау мүмкіндігін беру арқылы оқыту үдерісін жеке тұлғаға бағыттауға және саралауға мүмкіндік береді. Компьютердегі студенттің дербес жұмысы бағдарламада қарастырылған тапсырманы оңтайлы шешуіне жағдай туғызады.

3. Оқыту ақпаратын баяндау мүмкіндігін кеңейту. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану мүмкіндіктері әрекеттің нақты көрінісін ғана емес нақты жағдайда байқалмайтын үдерістерін де көрсету мүмкіндігін береді. Студентке баяндалатын ақпарат және оқу мүмкіндіктері интерактивтік компьютерлік жүйелердің дамуы негізінде тұрақты кеңеюде: ақпаратты беру (дыбыс, мәтін, түс, көлем, анимация) кешенін пайдаланатын мультимедиялық технологиялар; оқушының танымдық дамуы шеңберін, әлеуметтік ортаның шекараларын кеңейтетін телекоммуникациялар; оқытуды танымдық тәжірибе және зерттеу деңгейіне дейін көтеретін жасанды интеллект жүйелері.

4. Оқу іс-әрекетінің әдістері мен формаларын өзгерту. Оқу пәндерін оқытуды жеңілдетуге, оқу әрекеті мен ақпараттық мәдениетті қалыптастыруға белгіленген (мәтіндік, графикалық, музыкалық редакторлар, электрондық кестелер және т.б.) объектілі-бағдарланған бағдарламалық жүйелер өз бетінше оқу үдерісін ұйымдастыруды, оқу және демонстрациялау қондырғысы ретіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қызметін пайдалануды іске асырады. Сондай-ақ, оқу үдерісінде оқу-ақпараттық, тәжірибелік-зерттеу әрекеттерін ұйымдастыруға мүмкіндік беріп, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар орталарымен пәндік және өз бетінше оқу әрекеттерін жүргізуді қамтамасыз етеді.

5. Студенттердің іс-әрекеттерін бақылау. Студентті оқыту дәстүрлі формасын қуаттайтын оқу-ойын, қарапайым компьютерлік жаттықтырушы, оқытушы және бақылаушы бағдарламаларда жұмыс істеу арқылы басталады. Бұл кезде студенттер негізгі пайдаланушылық және өзіндік жұмыс дағдыларын игеріп, маңызды пәндер бойынша білім сапаларын арттырады.

Оқыту үдерісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану келесі мақсаттарға бағытталады:

- ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктерін іске асыру арқылы оқыту үдерісінің ықпалдылығы мен сапасының деңгейін көтеру;

- танымдық әрекеттердің белсенділігін арттыратын ынталарды қамтамасыз ету;

- қазіргі заманғы ақпарат өңдеу орталарын пайдалану негізінде пәнаралық байланысты тереңдету.

Студенттердің ақпараттық-коммуникациялық дайындығының қалыптасты-рылуының маңыздылығы теориялық оқу және дидактика, тәрбие теориясы мен тәлімдік жұмыс әдістемесі бағытындағы зерттеу жұмыстарының нәтижелері арқылы көрінуде.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде информатика мамандығы студенттерінің кәсіби құзырлылығын қалыптастыру үшін қажетті білім, біліктерді игерудегі психологиялық жағынан жасалатын іс-әрекеттеріне байланысты сыртқы және ішкі әсерлерге келесі айтылғандарды жатқызуға болады:

- алға қойылған мәселені шешуге байланысты туындайтын қиындықтар, жаңалықтар, шығармашылық жетістіктер;

- айналадағы құбылыстарға байланысты іс-әрекеттер;

-ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың іс-әрекеттерді жақсартуға талпындыратын ерекшеліктері мен оның нәтижелері;

- жемісті нәтижелерге жету жолдары немесе басқа да нәтижелерге жету жетістіктері;

- жетістіктерге қол жеткізуге ықтималдықтардың көрінісі;

- өз дайындығын өзі бағалай алуы;

- күрделі мәселелерді шешу барысында жинаған тәжірибелері;

- өзінің дайындық жағдайын басқару деңгейі;

- алға қойған мақсатқа жету үшін тиімді бақылаулар жүргізе білуі және болашақ ісі бойынша тиімді шешімін таба білуі.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал