- Учителю
 - Сызықтық алгоритм 4 сынып
 
Сызықтық алгоритм 4 сынып
Күні: 23.11.2011ж.
Сыныбы: 4 «Ә»
Сабақтың тақырыбы: Сызықтық алгоритм
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға сызықтық алгоритм туралы біледі
2. Оқушыларды сызықтық алгоритм құрастыруды үйренеді.
3. Оқушылардың алгоритмдік ойлау қабілетін қалыптасады.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, көрсете отырып түсіндіру, практикалық жұмыс.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, компьютер, слайд.
Пән аралық байланыс: математика, дүниетану, қазақ тілі, орыс тілі, еңбекке баулу.
Негізгі бөлім :
І. Ұйымдастыру :
-  
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу
 
Қолымызды созайық,
Күннен шуақ алайық.
Қуанайық, күлейік.
Шаттанып, біз жүрейік.
Апайларға сәлем берейік.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: түрлі-түсті шарлар арқылы сұрақтарға жауап беру.
-  
Алгоритм - бұл атқарушыға арналған әрекеттер тізбегі
 -  
Патша бұйрығы: «Мен білмейтін жаққа бар, мен білмейтін затты әкел!» алгоритм ба? Жоқ
 -  
Командалар жүйесі - деп атқарушыға түсінікті әрекеттер
 -  
Алгоритм түрлері қандай тәсілдер арқылы берілуі мүмкін. Сөз, сызба, сурет
 -  
Сөздік алгоритм деп - әрекеттер тізбегін сөздердің көмегімен сипаттау.
 -  
Алгоритм құрастырғанда не қолданады? команда
 -  
Алгоритм қанша түрі бар? 3түрі
 
 
ІІІ. Жаңа сабақ: Сызықтық алгоритм.
Командалары бірінен соң бірі тізбектеле орындалатын алгоритм сызықтық алгоритм деп аталады.
 
Мысалдар:1
Винни қонжығы бал жегісі келді.
- алақаныңды жуу.
- үстел басына отыр.
- қасықты ал.
- шүмекті аш.
- балды же.
- шүмекті жап.
- алақаныңды орамалмен сүрт.
 
ІV. Дәптермен жұмыс
№1
Тізбекті толтыр
2х2=4+10=14+14=28/4=7
№2
Арифметикалық амалдар таңбаларын қой.
4+6=10+10=20+26=46-1=45
V. Компьютермен жұмыс
№1
«Әлімнің есікті ашу» алгоритмін толықтырып жаз.
-  
Кілтті алу.
 -  
Кілтті құлыпқа салу.
 -  
Кілтті бұрау.
 -  
Есікті ашу.
 
Алгоритм орындаушы - Әлім.
№2
Арунаға жармадан ботқа пісіру алгоритмін жазуға көмектес.
-  
Қазанды алу.
 -  
Сүт құю.
 -  
Газ жағу.
 -  
Қазанды газға қою.
 -  
Сүт қайнағанда, оған дарма салу.
 -  
5 минут араластыра отырып, пісіру.
 -  
Газды өшіру.
 
Алгоритм орындаушы - Аруна.
VI. Сергіту сәті:
 
VII. Жаңа сабақты бекіту:
№1
Сызықтық алгоритмді орындап, ҚОЛА сөзінен ЖҰРТ сөзін ал.
«Л» - ны «Р» - ға ауыстыр «О» - ны «Ұ» - ға ауыстыр
«А» - ны «Т» - ға ауыстыр «Қ» - ны «Ж» - ға ауыстыр
ҚОЛА ҚОРА ҚҰРА ҚҰРТ ЖҰРТ
№2
ҚҰЛАН сөзін ҚҰРАҚ сөзіне айналдыру алгоритмін жаз.
ҚҰЛАН ҚҰЛАҚ ҚҰРАҚ
VIII. Рефлексия
 
 
Үйге тапсырма: ережені жаттау, қайталау.
Е. Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектеп
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Тақырыбы: Сызықтық алгоритм
 
 
 
 
 
Пән мұғалімі: С. Жұмағазы
 
 
 
 
 
 
Талдықорған, 2015 жыл