- Учителю
- Информатика пәнінен 'Суреттің үзінділерін ерекшелеу. Суреттің үзінділерімен жұмыс' тақырыбына сабақ жоспары (7 сынып)
Информатика пәнінен 'Суреттің үзінділерін ерекшелеу. Суреттің үзінділерімен жұмыс' тақырыбына сабақ жоспары (7 сынып)
Сабақтың тақырыбы: Суреттің үзінділерін ерекшелеу. Суреттің үзінділерімен жұмыс.
Сабақтың мақсаты:
-
Оқушыларды графикалық редактормен жұмыс істеуге үйрету.Үзінділерді белгілеуге және олармен әр түрлі әрекеттер орындауға, үзіндіні көшіруге, жылжытуға және жоюға үйрету.
-
Оқушылардың ойлау қабілітін, логикалық - абстракциясын дамыту.
-
Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.
Сабақтың түрі: практикалық сабақ
Сабақтың әдісі: практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Өткен материалды қайталау сұрақтары:
-
Түзу сызық сызу әрекеті қалай орындалады?
-
Тік төртбұрыш салу әрекеті қалай орындалады?
-
Дөңгеленген тік төртбұрыш салу әрекеті қалай орындалады?
-
Эллипс, шеңбер салу әрекеттері қалай орындалады?
-
Осы фигуралардың түстерін қалай өзгертугеболады?
ІІІ. Жаңа сабақ:
Үзінді - бұл суреттің белгіленген бөлігі. Үзінді мына құралдар арқылы бөлінеді немесе белгіленеді:
Тік төртбұрышты бойынша белгілеу үшін - батырмасы таңдалынады.
Кез - келген аймақты бөліп алу үшін - батырмасы қолданылады.
Үзінділермен орындалатын әрекеттер:
-
Алмасу буферіне қиып алу
-
Алмасу буферіне көшіру
-
Басқа жерге апару
-
Басқа жерге көшіру
-
Сурет бойынша көбейту
-
Пішіні мен өлшемін өзгерту
-
Масштабын өзгерту, қисайту
-
Төңкеру және бұру
-
Түсін өзгерту
-
Жою
Үзіндіні көшіру мен жылжыту.
-
Үзіндіні белгілейміз;
-
Көшіру:
а) Правка меню; ә) Тышқанның оң жақ б) пернетақтаның в) Ctrl - пернетақтасы арқылы;
батырмасы; көмегімен;
Ctrl - батырмасын баса отырып тышқанның көмегімен керекті жерлерге қойыңыз.
-
Правка →Копировать(Ctrl + X) немесе Вырезать (Ctrl + С) командаларының бірін орындаймыз
-
Правка → Вставить (Ctrl + V) командасын орындаймыз
Жылжыту:
Тышқанның батырмасын баса отырып керекті жерге апарып қою.
Үзіндіні өшіру.
-
Үзіндіні белгілеу;
-
Правка → Очистить выделение командасын орындаймыз немесе Delete пернесін басамыз.
IV. Бекіту
Компьютермен жұмыс
үлестірме карточкалармен жұмыс
V. Қорытынды
-
Үзінді дегеніміз не?
-
Үзінділерді белгілеу жолдары қандай?
-
Үзінділермен қандай әрекеттерді орындауға болады?
-
Үзінділерді көшіру және жылжыту әрекеттері қалай орындалады?
-
Үзіндіні жою әрекеті қалай орындалады?
VІ. Бағалау
VІІ. Үйге тапсырма: тақырыпты оқып келуге.