7


  • Учителю
  • MS Word – та құжаттарды құру және форматтау

MS Word – та құжаттарды құру және форматтау

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Калиева Салтанат Абужаровна,

Маңғыстау гуманитарлық колледжінің I санатты информатика пәнінің оқытушысы

Пәні: Информатика

Мамандығы: 0111000 - «Негізгі орта білім беру»

Курс, тобы: 1, МБ-11

Оқытушы: Калиева С.А.



Сабақтың тақырыбы: MS Word - та құжаттарды құру және форматтау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Студенттерге мәтін немесе оның үзінділерін ерекшелеу тәсілдерін, негізгі

форматтау режімдерін қолдануды үйрету, символдарды форматтау, мәтінді

туралау, жоларалық интервал, тасымалды орналастыру сияқты мәтіндік

құжаттарды форматтаудың жолдарын үйрету;

Дамытушылық: Студенттердің компьютерге қызығушылығын, ойлау қабілеттерін және

танымдық белсенділігін арттыру, компьютермен жұмыс істеу шеберлігін

одан әрі қарай шыңдау және құжаттармен жұмыс жасауға дағдыландыру;

Тәрбиелік: Студенттерді компьютерлік сауаттылыққа, жауапкершілікке, ұқыптылық пен

тиянақтылыққа баулу, тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас

Сабақтың типі: Жаңа білімді игеру

Сабақта қолданылатын әдіс: Деңгейлеп оқыту, интерактивті, кубизм әдісі

Пәнаралық байланыс: Компьютерлік технология, орыс тілі, ағылшын тілі, іс - қағаздарын

жүргізу

Сабақтың көрнекілік ДК, проектор, интерактивтік тақта, cлайдтар, бейнежазбалар, жетондар

құралы: деңгейленген тапсырмалар, үлестірме қағаздар, бағалау парақшасы

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру бөлімі (5 мин)

Студенттермен амандасу.

Бүгінгі сабақта студенттерді екі топқа бөлеміз:

Енгізу құрылғылары

Шығару құрылғылары

(Екі топты бірге қосқанда перифериялық құрылғылар деп атаймыз. Топты енгізу және шығару деп атадық, себебі мәтіндік бағдарламада жұмыс жасауды осы құрылғылардың көмегімен іске асырамыз).

Жетонмен таныстыру

өте жақсы - жұлдызшамен, жақсы - төртбұрышпен, қанағаттанарлық - үшбұрышпен бағаланады және оқушылардың жетондарының қосындысымен қай топтың жеңіске жеткенін бағалаймыз. Топ басшылары қарсы топтың бағалау қағазын толтырып отырады.

Сабақ жоспары 3 бөлімнен тұрады (әр бөлім бірнеше әдістен тұрады):

  1. Қызығушылықты ояту

    • Шығармашылық жұмыс

    • Сөздікпен жұмыс

    • Ұшқыр ойдан ұтымды жауап

  2. Мағынаны тани білу

- Білгім келеді...

  1. Ой толғаныс

    • Ойлан тап (Ақпараттық диктант)

    • Кубизм әдісі

    • Біліміңді шыңда

Мұндағы

1 - бөлім бойынша студенттердің өткен тақырып бойынша білім деңгейін анықтау;

2 - бөлім бойынша жаңа ақпаратпен танысу;

3 - бөлім бойынша жаңа өтілген тақырып бойынша студенттердің жаңа үйренген білімді меңгергенін анықтау.



II. Өткенді қайталау (20 мин)

«Қызығушылықты ояту» бөлімі

«Шығармашылық жұмыс» әдісі бойынша топ басшылары топ аттарына сәйкес слайд түрінде дайындаған жұмыстарын қорғайды.

«Сөздікпен жұмыс» әдісі бойынша екі топтың атына сәйкес сұрақ қойылады, сұрақтың жауабын үш тілде тақтаға жазуы керек.

Енгізу құрылғыларына

Компьютерге аппарат енгізу және оның жұмысын басқару үшін пайдаланылатын құрылғы? (пернетақта - клавиатура - keyboard)

Қағазға жазылған мәліметтердің кез келген түрін (сурет, сызба, кітап мәтіні) оптикалық негізіне сүйене отырып компьютерге жылдам енгізе алатын құрылғы? (ізкескіш немесе мәтіналғы - сканер - scanner)

Өзін тегіс бетте қозғалтқанда бейне беттегі жүгіргіні (курсорды) жылжытатын шағын манипулятор? (тінтуір немесе тышқан, мышь, mouse)

Шығару құрылғыларына

Компьютердің жедел жадында өңделетін ақпаратты көрсету үшін арналған құрылғы? (Дисплей немес монитор - монитор, monitor )

Мәтіндік және графикалық мәліметтерді компьютердің жедел жадынан кағазға басып шығаруға арналған құрылғы? (баспа құрылғысы - принтер - printer)

Мәліметтерді, негізінен графиктік ақпаратты үлкен форматтағы қағазға шығаратын құрылғы? (график сызғыш - плоттер - plotter)

«Ұшқыр ойдан ұтымды жауап» әдісі бойынша деңгейленген сұрақтарға жауап беру керек. Сұрақтар жетонға сәйкес фигураның артына жасырылған.

  • Windows операциялық жүйесінің стандартты бағдарламаларын атаңыз? (Windows операциялық жүйесінің стандартты бағдарламалары: Paint, WordPad, Блокнот (Қойын дәптер), Калькулятор, Дыбыс жазу, Сілтеуіш (Проводник), Қызметтік негіздегі бағдарламалар, Сағат, Күнтізбе)

  • Microsoft компаниясының құрушысы кім? (Билл Гейтс - Microsoft компаниясының құрушысы)

  • Утилиттік бағдрламалар дегеніміз не? (Белгілі бір қосымша қызмет атқаруға керекті бағдарламалар тобы)

  • Операциялық жүйе (ОЖ) дегеніміз не? ОЖ-ның міндетіне қарай түрлерін атаңыз? Пуск қайда орналасқан? (Операциялық жүйе - компьютерді қосқан кезде жүктелетін және оның барлық құрылғыларының жұмыс басқаратын арнайы бағдарлама. ОЖ міндетіне қарай 2 - ге бөлінеді: бір міндетті, көп міндетті. Пуск есептер тақтасында орналасқан)

  • Бірміндетті операциялық жүйенің көпміндетті операциялық жүйеден айырмашылығы қандай? (бейнежазба)

  • MS Word дегеніміз не? Бағдарламаны іске қосу үшін қандай команда орындаймыз? MS Word бағдарламасының негізгі элементтерін атаныз? (MS Word бағдарламасы - бұл мәтіндік құжаттарды әзірлеуге, қарап шығуға, түрлендіруге және басып шығаруға арналған мәтіндік процессор. Бағдарламаны іске қосу үшін Пуск→Все программы→Microsoft Office→MS Word командасын орындаймыз. Бағдарламаның негізгі элементтері: тақырып жолы, мәзір (меню) жолы, стандартты панелі, форматтау панелі, жұмыс алаңы, сызғыш, айналдыру жолағы, қалып - күй жолы).

  • Файл дегеніміз не? Буманың белгішесін қалай өзгертеміз? (көрсетіңіз)

(жауабы - бейнежазба)

  • Дискіні дефрагментациялау дегеніміз не? Дефрагментациялауды іске қосу үшін қандай команда орындаймыз? (көрсетіңіз)

(жауабы - бейнежазба)

  • Архивтеу дегеніміз не? Архивтеу бағдарламасының түрлері? Буманы архивтеңіз (көрсетіңіз) (жауабы - бейнежазба)

Өтілген сабаққа қорытынды: өткен сабақта MS Word бағдарламасы туралы жалпы түсінік алған болатынбыз, енді сол бағдарламада құжаттарды құру және форматау үшін, келесі II бөлімге көшеміз.

III. Жаңа сабақ (25 мин)

«Мағынаны тани білу» бөлімі

«Білгім келеді...» әдісі бойынша бүгінгі жаңа сабақты түсіндіру керек.

MS Word - тың жаңа құжаттарын құру үшін келесі әрекеттердің бірін орындаймыз:

  • Файл → Құру мәзір командасын орындау;

  • Пернетақтада Ctrl + N пернелер қосындысын басу.

MS Word - та бұрын құрылған құжаттарды үшін келесі әрекеттердің бірін орындаймыз:

  • Файл → Ашу мәзір командасын орындау;

  • Пернетақтада Ctrl + О пернелер қосындысын басу.

MS Word - та құжаттарды сақтау үшін келесі әрекеттердің бірін орындаймыз:

  • Файл → Сақтау мәзір командасын орындау;

  • Пернетақтада Ctrl + S пернелер қосындысын басу.

MS Word - та құжаттарды баспаға үшін келесі әрекеттердің бірін орындаймыз:

  • Файл → Баспаға шығару мәзір командасын орындау;

  • Пернетақтада Ctrl + Р пернелер қосындысын басу.

Үзіндіні ерекшелеу мәтінді Көшіру, Қиып алу, Жою стандарттық опциялары үшін, сондай -

ақ, оны басып шығару мен форматтау үшін пайдаланылады.

Мәтіннің үзіндісін ерекшелеудің бірнеше ережесі бар:

  • Үзіндіні ерекшелеу үшін тінтуірдің сол жақ батырмасын басылған күйі ұстай отырып,

тінтуірдің меңзерін жол бойынша үзіндінің соңына дейін жылжыту керек;

  • Сөзді ерекшелеу үшін оған меңзерді қою керек те, тінтуірді екі рет шерту керек;

  • Сөйлемді ерекшелеу үшін CTRL пернесін басылған күйде ұстап, тінуірді сөйлем бойынша шерту керек;

  • Тік бұрышты үзіндіні ерекшелеу үшін alt="MS Word - та құжаттарды құру және форматтау" пернесі мен тінтуірдің сол жақ батырмасын ұстап, ерекшеленетін үзінді бойынша меңзерді жүргізу керек.

Мәтіннің үзіндісін Көшіру, Қиып алу, Жою опцияларын стандартты батырмалар арқылы

немесе пернелер қосындысы арқылы орындауға болады. CTRL+X - мәтін бөлігін қиып алу, CTRL+C - мәтін бөлігін көшіру, CTRL+V - мәтін бөлігін қою.

Пішімдеу (Форматтау) деп мәтіндік құжаттарды рәсімдеу бойынша жүргізілетін әр түрлі әрекеттерді айтады. Мәтінді енгізу кезінде символдарды пішімдеу режимдерін бірден беруге болады немесе бұл режимдерді бүкіл құжаттың мәтіні теріліп болғаннан кейін қолдануға болады.

Пішімдеудің негізгі режимдеріне тоқталайық:

  1. Символдарды пішімдеу. Символдарды пішімдеуге Қаріп параметрлерін, символдар

аралығындағы бос орындарды және оларды жолға байланысты жоғары не төмен жылжыту мүмкіндіктерін тағайындау жатады.

Қаріп сұхбаттық терезесін келесі әрекеттермен ашуға болады:

  • Главная - Шрифт мәзір командасы;

  • CTRL+D пернелер қосындысы;

  • Қаріп жанама мәзір командасы.

Қаріп сұхбаттық терезесінде екі астарлы бет бар: Қаріп, Аралық.

Қаріп астарлы бетінің көмегімен саймандар тақтасындағы батырмалардың орындайтын іс-әрекеттерінен басқа, мәтіннің сызылымын, эффектілерін форматтауға және үлгісін көруге болады.

Аралық астарлы беті қаріп символдарының арасындағы қашықтықты тағайындайды.

  1. Абзацтық шегіністер.

Жоларалық қашықтықты, шегіністерді, табуляцияны өзгерту үшін Абзац сұхбат терезесін шақыру керек. Ол үшін келесі әрекеттердің бірін орындау керек:

  • Абзац жанама мәзірі командасы;

  • Главная - Абзац мәзір командасы.

Әрбір абзац қызыл жолдан басталатын болады. Ол үшін Абзац сұхбат терезесіндегі

Отступы активтендірілген қосымшасынан Первая строка жақтауын шерткенде нет, отступ, выступ деген тізім ашылады. Отступ тізімін шертіп, на жақтауында арақашықтықты көрсетіп, ОК батырмасын шерту керек.

3. Туралау. Мәтінді оң жақ және сол жақ шекарасы бойынша, ортасы және беттің ені бойынша туралау үшін келесі батырмаларды қолданамыз:

MS Word – та құжаттарды құру және форматтау- "по левому краю" (абзацты сол жақ шеті бойынша туралайды);

MS Word – та құжаттарды құру және форматтау- "по центру" (абзацты бет шеттерінің ортасы бойынша туралайды);

MS Word – та құжаттарды құру және форматтау- "по правому краю" (абзацты оң жақ шеті бойынша туралайды);

MS Word – та құжаттарды құру және форматтау- "выравнять по ширине" (абзацты беттің оң және сол жақ шеті бойынша туралайды);

Немесе Абзац сұхбат терезесіндегі выравнивание жақтауын шерткенде по левому краю, по центру, по правому краю, по ширине тізімі ашылады. Пішімдеудің қажетті түрін таңдап, ОК батырмасын шерту керек.

4. Жоларалық интервал - жолдардың арақашықтығы. Жолдардың арақашықтығын өзгерту үшін Абзац сұхбат терезесіндегі интервалы активтендірілген қосымшасынан междустрочный жақтауын шерткенде одинарный, двойной, полутарный, точно, множитель тізімі ашылады. Жодардың арақашықтығын өзгертуге қажетті түрін таңдап, ОК батырмасын шерту керек.

Тізімдердің үш түрі бар: маркерленген, нөмерленген және көп деңгейлі. Маркерлердің түрін таңдауды Главная бетшесінен немесе жанама меню арқылы орындаймыз.

Колонтитулдар - құжаттың әрбір бетінде қайталанатын ақпарат. Құжаттың жоғарғы және төменгі аймағына колонтитул қоюға болады. Колонтитулды Вставка бетшесінен тағайындаймыз. Колонтитулды дайындауды аяқтағаннан кейін Колонтитулдар саймандар тақтасындағы Жабу батырмасы басылады.

Құжат беттерінің жақтау параметрін өзгерту үшін Разметка страницы - Поля - Настрайваемые поля командасын орындаймыз.

Құжат беттерін бағанға бөлу үшін Разметка страницы - Колонки командасын орындаймыз.

Құжат беттеріне жақтаулар орнату үшін Разметка страницы - Границ страниц командасын орындаймыз.

Бағдарламада тексеру мен қателерді түзету үшін Рецензирование - Провописание командасын орындаймыз. Бағдарлама грамматикалық қателері бар сөзді жасыл түспен, ал орфографиялық қателері бар сөзді қызыл түспен айрықша көрсетеді.



IV Сабақты қорытындылау (35 мин)

Жаңа сабақты пысықтау мақсатында төмендегі бөлімдер бойынша студенттер тапсырмалар орындайды:

Ойлан тап (көп нүктенің орнына тиісті сөзді орналастыру) әдісі бойынша топпен жұмыс. Оқушылар жаңа сабақ бойынша құрастырылған сөйлемдегі көп нүктелердің орнынан тиісті сөздерді қою керек. Шарт: 5 сөйлем беріледі. Сөйлемнің 3 - тен жоғарына жауап берсе тиісті бағалау қағазымен бағаланады.

Енгізу құрылғыларына



  1. MS Word - тың жаңа құжаттарын құру үшін пернетақтада ............................... пернелер қосындысын басу керек.

  2. Қаріп сұхбаттық терезесін.................................................... мәзір командасы арқылы ашамыз.

  3. .................................. - құжаттың әрбір бетінде қайталанатын ақпарат.

  4. Тізімдердің үш түрі бар: .............................., ............................................. және көп деңгейлі.

  5. Бағдарлама грамматикалық қателері бар сөзді .................................. түспен, ал орфографиялық қателері бар сөзді .............................. түспен айрықша көрсетеді.



Шығару құрылғыларына



  1. MS Word - та бұрын құрылған құжаттарды ашу үшін пернетақтада ...............................

пернелер қосындысын басу керек.

  1. ........................................................... - жолдардың арақашықтығы.

  2. Мәтінді оң жақ және сол жақ шекарасы бойынша, ............................... және беттің ені бойынша туралауға болады.

  3. Тік бұрышты үзіндіні ерекшелеу үшін ...................... пернесі мен тінтуірдің сол жақ батырмасын ұстап, ерекшеленетін үзінді бойынша меңзерді жүргізу керек.

  4. ................................... пернелер қосындысы арқылы мәтін бөлігін көшіруге болады.



«Кубизм» әдісі бойынша тақтада кубик лақтырылады, сол кубиктың 6 қырындағы санға сәйкес нөмерленген үлестірме қағаздағы сұрақтарға жауап беру керек:

  1. Қандай пернелер қосындысы арқылы мәтін бөлігін қиып алуға болады?

  2. Жоларалық қашықтықты, шегіністерді, табуляцияны өзгерту үшін Қай сұхбат терезесін шақыру керек?

  3. Колонтитулдар дегеніміз не?

  4. Тізімдердің түрлерін атаңыз?

  5. Сөзді ерекшелеу үшін тінтуірді неше рет шерту керек?

  6. Қандай пернелер қосындысы арқылы құжаттарды баспаға шығаруға болады?



- «Біліміңді шыңда» әдісінде оқушылар ДК-де деңгейленген тапсырмалар орындайды.



V Бағалау (3 мин)

Топ басшылары бағалау парағы бойынша оқушылардың жинаған ұпайларын қосып, бағалау критерийі бойынша оқушылардың бағасын анықтайды және қай топтың жеңіске жеткенін анықтайды.

VI. Үй тапсырмасы (2 мин)

Тапсырма оқушылардың деңгейіне қарай беріледі:

1 - деңгей. Бүгінгі тақырыпқа сәйкес слайд дайындап келу;

2 - деңгей. Бағдарламадағы функционалды пернелердің қызметін жазып келу.

Өмірбаян, Түйіндеме үлгісін дайындап келу;

3 - деңгей. Сөзжұмбақ құрастырып келу. Оқып келу.









Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:



  1. Д.Ғабдуллаев «Дербес компьютердің бағдарламалық жасақтамасы», Астана, 2010 ж.

  2. Ә.Исаев, А.Н.Мұхамади, О.С.Ахметова «Компьютерлік технология

негіздері курсына арналған практикум» Алматы, 2000 ж.

  1. О.Камардинов «Информатика», Алматы, 2008ж.







Деңгейленген тапсырмалар



  1. Міндетті деңгей ( 3 ұпай)

Әнұранды теріп жазыңыз.

Алтын күн аспаны,

Алтын дән даласы,

Ерліктің дастаны,

Еліме қарашы!

Ежелден ер деген,

Даңқымыз шықты ғой.

Намысын бермеген,

Қазағым мықты ғой!

Менің елім, менің елім,

Гүлің болып егілемін,

Жырың болып төгілемін, елім!

Туған жерім менің - Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,

Кең байтақ жерім бар.

Бірлігі жарасқан,

Тәуелсіз елім бар.

Қарсы алған уақытты,

Мәңгілік досыңдай.

Біздің ел бақытты,

Біздің ел осындай!

Менің елім, менің елім,

Гүлің болып егілемін,

Жырың болып төгілемін, елім!

Туған жерім менің - Қазақстаным!





Орындалуы: бағанға бөліңіз және символдарды пішімдеу командасын орындаңыз: Қаріп түрі - Times New Roman, өлшемі - 14. Ортасы бойынша туралаңыз, жолдың арақашықтығын бірлікке өзгертіңіз.



  1. Лайықты деңгей (5 ұпай)

Қызметтік хат дайындаңыз

ҚЫЗМЕТТІК ХАТ

Қазақстан Республикасы МИНИСТЕРСТВО

ҚАРЖЫ ФИНАНСОВ

МИНИСТРЛІП Республики Казахстан

473000, Астана, Республика даңғыл-ы, 60. 473000, Астана, проспект Республики, 60.

Телетайп 264126 «Филин». Факс: (3172) 28-03-31, Телетайп 264126 «Филин». Факс: (3172) 28-03-31,

тел. 28-09-85. тел. 28-09-85.

MS Word – та құжаттарды құру және форматтауMS Word – та құжаттарды құру және форматтау

Республикалық бюджет бағдарламаларының әкімшілігіне

Облыстардың, Астана және Алматы қаласының жергілікті атқарушы органдарына

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Сіздерге «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1999 жылдың 30 желтоқсанындағы 717-нөмірлі бұйрығына №1 өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2000 жылғы 15 наурыздағы №-121 бұйрығын басшылыққа алу үшін жіберіп отыр.

Бюджет департаментінің директоры

Әділбекова К. Тел.11-73-09

Орындалуы: Қызметтік хат сөзінің әріптерінің арақашықтығын 2 пт-ға өзгертіңіз. Қаріп түрі - Times New Roman, өлшемі - 12. Ені бойынша туралаңыз, жолдың арақашықтығын бірлікке өзгертіңіз.







  1. Орташа деңгей ( 7 ұпай)

Түйіндеме үлгісіне қарап, өзіңізге түйіндеме дайындаңыз.

СТУДЕНТТІҢ ТҮЙІНДЕМЕСІН РӘСІМДЕУ ҮЛГІСІ

Данияр Бексылтанов

Абай даңғылы 4, Алматы қ.,

Тел.: (012)36372

E-mail: daniyarb@gmail.com

МАҚСАТЫ

«Бухалтерлік есеп» бағдарламасының студенті банкте тағылымдамадан өту туралы ұсынысты қарастырады. Аудиторлық компаниядағы жұмыс тәжірибесі үш ай. Бухгалтерлік құжаттарды жүргізу және әкімшілік жұмыс дағдыларына ие болған. Еңбекқор, сенімді, ұғымтал, командада жұмыс істей алады. Басшылық позицияларда жұмыс істеуге қабілетті.

ЖЕКЕ АҚПАРАТ

  • Туған күні: 1991 жылғы 1 желтоқсан

  • Жасы: 24 жаста

  • Азаматтығы: Қазақстан

  • Отбасылық жағдайы: үйленбеген

ЖЕТІСТІКТЕРІ

  • Көгалдағы хоккейдің үздік ойыншысы (MVP), 2005 ж.

  • Мектепте шахматтық турнир бойынша жүлде алды, 2010 ж.

  • Алтын президенттік марапатқа ие болды, 2014 ж.

ДАҒДЫЛАР

  • Компьютерлік дағдылар: Quick Books, веб-дизайн, компьютерлік қолданбалар: Ms Office, Corel Draw

  • Коммуникативтік қабілеттіліктері: ауызша және жазбаша қарым-қатынастың тамаша дағдылары, жоғары деңгейде есептер дайындау

  • Француз және ағылшын тілдерінде жазу дағдылары

  • Көшбасшылық дағдылары: команданы нәтижелі жұмысқа жұмылдыру және ынталандыру қабілеттілігі

  • Мақсаты: команда мүшелерімен үйлесімді қарым-қатынастарды сақтау және олардың жұмысын үйлестіру.

САБАҚТАН ТЫС ІС-ӘРЕКЕТІ

  • Кингс колледжі студенттер ұйымының вице-президенті, 2012 ж.

  • Көгалдағы хоккейде ойнау

  • Шахмат турнирлеріне қатысу

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

  • Жүргізуші куәлігінің болуы









</ Орындалуы: Түйіндеме сөзінің әріптерінің арақашықтығын 2 пт-ға өзгертіңіз. Әр жолдың алдына тізім (Маркер)енгізіңіз.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал