7


  • Учителю
  • «Логика» тақырыбы бойынша тәжірибелік жаттығулар

«Логика» тақырыбы бойынша тәжірибелік жаттығулар

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы

«Логика» тақырыбы бойынша тәжірибелік жаттығулар

Жалпы мақсаты

Санау жүйелері мен Логикалық есептерді шығаруды үйрене отырып, логикалық функциялардың айырмашылықтарын біле алады;

Оқу нәтижелері

§ Санау жүйелері мен Логикалық есептерді шығару алгоритмін үйрене алады(барлығы);

§ Санау жүйелері мен Логикалық функциялардың айырмашылықтарын біле алады(барлығы);

§ оқушылар топтық және жеке жұмыста өз-өздерін көрсете алады;

Сабақ түрі:

практикалық

Сабақтың әдісі:

ОЖТ(оқытудын жаңа тәсілдері): Топтық жұмыс

СТО:Блум таксономиясы жоғары және төменгі деңгей сұрақтары

АКТ:интерактивті тақта, тапсырмалар

Көрнекілігі

интерактивті тақта, оқулық, слайд, деңгейлік тапсырмалар, стикер, түрлі түсті қалам, кестелер.

Түйінді идеялар

Бірлескен топтық және жұптық жұмыстар оқушылардың ынтымақтастығын дамытудың қуатты құралы болып табылады.

Сабақ кезеңдері

Кіріспе

Уақыты: 6 мин

Қызығушылықты ояту.

Тренинг: «Поезд»

Ойын ортада жүргізіледі. Ең алдымен1 мен 2-ге саналып аламыз. 1-номердегілер қолдарын 1 рет соғып, аяқтарымен еденді 2 рет тарсылдатады, ал 2-номердегілер 2 рет қолдарын соғып, 1 рет аяқтарын еденге тарсылдатады.

Сары және қызыл гүлдер арқылы сыныпты 2-топқа бөлу.

Әр топ өз қалаулары бойынша топ басшысын сайлайды. Топ басшысы бағалау критерийі жазылған кестеге тобындағы оқушылардың жұмыстарын бағалап отырады.

Тұсаукесер

Уақыты: 5 мин

«Жеміс жейік бәріміз» (Үй тапсырмасы)

Слайд арқылы жемістердің артында сұрақтар жасырылады. Оқушылар қалаған жемісін таңдау арқылы артында жасырылған сұрақтарға жауап береді.

  1. Санау жүйесінің түрлері?

  2. Логикалық амалдарды атаңдар?

3. Конъюнкция деген не?

4. Дизъюнкция дегеніміз не?

5. Инверсия деген не?

6. Санау жүйесі дегеніміз не?

7. Ақиқат кестесін құрудың неше ережесі бар?

Негізгі бөлім

Уақыты:28 мин

Мағынаны тану.

Слайд арқылы логикалық есепті шығаруды дәптерлеріне жазып алу.

Электрондық оқулық-Компьютердің логикалық негіздері. (Тыңдалым)

Мысал келтіріп түсіндіру. Логика алгебрасында жай пікірлер латынның бас әріптерімен белгіленеді.

Мысалы: А={Астана-Қазақстанның астанасы}

В= {Мағжан Жұмабаев- Ұлы математик}

С={2*2=5}

Шешуі:А=1, B=0, C=0

1-топ: Тәжірибелік жаттығу

2-топ: Тәжірибелік жаттығу



Сергіту сәті: «Супер физкультминутка»

«Тапқыр болсаң шешіп көр»

Мен 10001 жасымда мектеп бітірдім, ал 10110 жасымда академия бітіріп, электронды сарайда қызмет еттім.Ол кезде сендер бар болғаны 111жастасыңдар. 11110 жасымда ғылыммен айналысып, 11 жылдан кейін ВИРУС атанып сиқырға ұшырадым. Мені сиқырдан құтқару үшін осы есепті шешу керек.

Шешуі:

10001-17 жас, 111-7 жас, 10110-22 жас, 11110-30 жас, 11-3 жыл

«Білгенге маржан» Деңгейлік тапсырмалар.

А деңгей: 658 санын 2-лік санау жүйесімен жазып шық?

В деңгей: 583 санын 2-лік санау жүйесінен 10-дық санау жүйесіне аудар?

С деңгей: А=«Самат ағылшын тілін оқиды»

B= «Самат неміс тілін оқиды» болсын. Келесі формулаларды кәдімгі тілде жазыңдар.

А˄В=

A˅ B=

A*B=



А деңгей: 4525 санын 10-дық санау жүйесімен жаз:

В деңгей: 38 санын 10-дық санау жүйесінен 2-лік санау жүйесіне аудар?

С деңгей: А=«Бүгін таңертең күн ашық»

B= «Бүгін таңертең күн жылы» болсын. Келесі формулаларды кәдімгі тілде жазыңдар.

А˄В=

A˅ B=

A*B=



Бекіту.

Слайдтағы өтілген тақырыптарға сәйкес тест орындау

  1. Санау жүйесі - ол:

А) цифрлар жиынтығы

В)сандардың жазылу тәсілі

С)натурал сандардың жиынтығы

Д)римдік санау жүйесінде жазу

2. Екілік санау жүйесінің негізі:

А) 0

В)1

С)2

Д)0 және 1

3. Санау жүйесінің неше негізі бар:

А)4

В)5

С)6

Д)7

4. Логика деген қандай ғылым:

А) санау жүйелерін зерттейтін ғылым

В) дәлелдеу тәсілдері туралы ғылым

С)пікірлерге орындалатын амалдарды зерттейтін ғылым

Д) тұжырым немес жоққа шығаруды зерттейтін ғылым

5. «Және» біріктіру жалғауын қай логикалық амалда қолданамыз:

А) конъюнкция

В) дизъюнкция

С) инверсия

Д) импликация

6. «Немесе» біріктіру жалғауын қай логикалық амалда қолданамыз:

А) конъюнкция

В) дизъюнкция

С) инверсия

Д) импликация

7. . «Емес» біріктіру жалғауын қай логикалық амалда қолданамыз:

А) конъюнкция

В) дизъюнкция

С) инверсия

Д) импликация

8. Ақиқат кестелерін құрудың неше ережесі бар:

А)4

В)5

С)6

Д)7

9. Логикалық амалдарды компьютерде жүзеге асыратын электрондық құрылғылар қалай аталады:

А)вентиль

В)триггер

С)сумматор

Д)инвертор

10. Қарапайым бір транзистордан тұратын электрондық сұлба не деп аталады:

А)вентиль

В)триггер

С)сумматор

Д)инвертор

11. Инвенторлар мен логикалық вентильден тұратын электрондық сұлба:

А)вентиль

В)триггер

С)сумматор

Д)инвертор

12. Екілік сандардың қосындысын орындайтын электрондық сұлба:

А)вентиль

В)триггер

С)сумматор

Д)инвертор



Жауаптары: В, С, А, В, А, В, С, С, А, Д, В, С.

Қорытынды

Уақыты: 3 мин

РефлексияНе білемін?

Не білдім?

Не білгім келеді?







Оқушылар сабақта не үйренгендірін және алда не үйренгілері келетіндерін стикерге жазып кестеге жапсырады.

Үй тапсырмасы

Уақыты: 2 мин

Үйге: санау жүйелеріне және логикаға бір-бір есептен құрастырып келу

Бағалау

Уақыты: 1 мин



Дереккөздер

Е.В.Шевчук., Н.С.Кольева «Информатика» оқулығы 8-сынып, Алматы-«Мектеп»,2008; электрондық оқулық-8 сынып, «Әдістемелік нұсқау», Дидактикалық материалдар (практикум), Интернет ресурстары.































































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал