7


  • Учителю
  • Ашық сабақ. Тақырыбы: 'Компьютер құрылғыларының міндеттері мен мүмкіндіктері' (5-сынып)

Ашық сабақ. Тақырыбы: 'Компьютер құрылғыларының міндеттері мен мүмкіндіктері' (5-сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың тақырыбы: Компьютер құрылғыларының міндеттері мен мүмкіндіктері Сабақтың мақсаты: Компьютер құрылғыларымен таныстыруБілімділік: Оқушыларды ДК - мен, оның негізгі блоктарымен, және олардың міндетімен таныстыру. ЭЕМ - нің мүмкіндіктерін көрсету. Компьютердің н
предварительный просмотр материала

Ашық сабақ


Сабақтың тақырыбы: Компьютер құрылғыларының міндеттері мен мүмкіндіктері

Сабақтың мақсаты: Компьютер құрылғыларымен таныстыру
Білімділік: Оқушыларды ДК - мен, оның негізгі блоктарымен, және олардың міндетімен таныстыру. ЭЕМ - нің мүмкіндіктерін көрсету. Компьютердің негізгі құрылғылары - процессормен, ЖЖҚ - мен таныстыру;
Тәрбиелік: Оқушылардың тәрбиелікке, ұқыптылыққа үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық - абстракциясын дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютер, интерактивті тақта, слайд көрмесі, жұмыс дәптері, бағалау парағы.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Ой сананы арттыру,
Бүгінгі күн талабы.
Біле білсең бұл дәуір,
Информатика заманы
ІІ. Үй тапсырмасы. Ой шақыру - қызығушылықты ояту кезеңі
ІІІ. Жаңа білімді игеру
ІV. Бекіту, бағалау
V. Үйге тапсырма беру. Қорытынды.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру. (Дода ойыны)
Ерте заманғы және бәрімізге белгілі есептеу құралы есепшот болып табылады. Деректерге қарағанда оның жасы 2000 - 5000 жылдар шамасында, ал пайда болған жері ертедегі Қытай немесе ертедегі Египет, тіпті ежелгі Греция болуы да мүмкін. Бұл санау құралын қытайлықтар «суан - пан», жапондықтар «серобян» деп атаған.
1. Сұрақ: (10 ұпай) Бұл санау құралын гректер мен Батыс Еуропалықтар не деп атаған? Жауабы: Абак
Бірінші электронды есептеуіш машина 1946 жылы АҚШ - тың Пенсильван университетінде жасалды, құрастырушылар Дж. Моучли мен Дж. Эккерт болды
2. Сұрақ: (10 ұпай) Бұл алғашқы ЭЕМ қалай аталды? Жауабы: ENIAC
3. Сұрақ (20 ұпай). Есепшоттың жасы нешеде?
Жауабы: 2000-5000 жыл шамасында.
4. Сұрақ ( 20 ұпай) 1694 жылы атақты неміс математигі Лейбниц Паскальдің идеясын дамытып, өзінің қандай есептеуіш машинасын құрастырды? Жауабы: Арифмометр
5. Сұрақ. (30 ұпай) 1642 жылы дүние жүзінде бірінші рет механикалық машинасын кім құрастырды? Жауабы: француз математигі Блез Паскаль
6. Сұрақ.(30 ұпай) Алғашқы автоматты есептеуіш техникасының авторы, ағылшын оқымыстысы компьютер атасы кім? Жауабы: Чарльз Бэббидж
ІІІ. Жаңа сабақ
Компьютер "сөзі" есептеуіш" дегенді білдіреді, яғни есептеуге арналған құрылғы. компьютер - деректерді бағдарламалап өңдеуге арналған электрондар құрылғы. Қазіргі компьютерлер тек есептеп қана қоймай, цифрлық емес (мәтіндер, дыбыстар, графика және т. б.) ақпаратты өңдейді, әр түрлі технологиялық процестерді, деректер базасын және басқаларды басқарады. Бұл типті компьютерлерді дүние жүзінде жүздеген өндірушілер шығарады. Олар өзара өнімділігімен, жадының сыйымдылығымен және бірқатар функционал мүмкіндіктерімен ерекшеленеді. ДК - сі. Бірақ. ДК - лердің барлық типтерінің ақпарат өндеу және адаммен қарым - қатынас жасауының негізгі принциптері бірдей. Дербес компьютер өнеркәсіп бұйымы ретінде өзара жалғастырушы кабельдермен байланыстырылған бірнеше блоктардан тұрады.
Блоктардың номенклатурасы әр түрлі болуы мүмкін, бірақ кез келген компьютер жұмыс істеуі үшін, үш блоктан тұратын жинақ керек. Басқа құрылғылардың барлығы қосымша деп аталады. Оларға принтер, дыбыс колонкалары, құлаққап, микрофон, модем, сканер, маус, трекбол, терте жатады. Компьютердің аталған негізгі жинағының басты элементі - жүйелік блок. ДК жүйелік блогы - компьютердің негізгі тораптары орналасқан тік төртбұрышты қорапша, онда: микропроцессоры мен жедел жады және т. б. аналық тақша, адаптерлер, қоректендіру блогы, иілгіш және қатқыл дискідегі жинақтауыштар, контролер ажыратпалар орналастырылған.
ДҚ (дербес компьютер деп аталуының - бір-ақ адам қолданады) қазіргі кезде көпшілік арасында кең тарай бастады. Кез-келген компьютерлер бірнеше құрылғыдан тұрады: монитор, жүйелік блок, пернетақта, мультимедиа колонкасы, модем, маус.
Бұл құрылғылардың ең негізгісі монитор, жүйелік блок, пернетақта.
Компьютердің барлық құрылғылары оның артындағы ажыратып қосқыштар арқылы ажыратылады. Компьютердің процессоры мен жедел жадысынан басқалары оның сыртқы құрылғылары болып табылады.Олар: монитор, пернетақта, принтер, маус, модем. Әрбір сыртқы құрылғы процессормен арнайы блоктар - адаптер немесе контролер арқылы жалғасады. Контролер немесе адаптердің міндеті - процессордан келіп түскен ақпаратты құрылғылардың жұмысын басқаратын сәйкес сигналдарға айналдыру.
Жүйелік блок - мұнда компьютердің негізгі құрылғылары орналасқан. Компьютерді қосып өшіру батырмасы, дискжетек, компакт-дискіні оқитын CD-ROM орналастырылған. Жүйелік блоктың ішінде аналық плата, процессор, CD-ROM, бейнетақташа, дыбыс тақташасы мен т.б. бар.
Процессор - компьютердің ең басты бөлігі.Ол компьютердің «миы». Ол бүкіл компьютердің жұмысын басқарады және бағдарламадағы барлық командаларды орындайды. Іс жүзінде компьютердің орындайтын жұмысының бәрін оның бас микросхемасына - микропроцессор атқарады. Қазіргі кезде ең көп тараған «пентиум» процессор. Сондықтан компьютер де пентиум деп аталады.Процесор жадпен жұмыс істейді. Жад микросхемасынан процессор өзіне қажетті ақпаратты алады.
Жедел жад - бұл компьютердің ішкі жады. Жедел жад немесе оперативті жадтайтын құрылғы (ОЖҚ) - ол қажет ақпараттарды өзіне жылдам жазуға және одан оқуға мүмкіндік береді. Бірақ онда ақпараттар уақытша сақталады, яғни компьютерді өшіргенше. Егер компьютерді өшірсе онда жедел жадтағы барлық ақпарат өшеді. Компьютердің ішкі жадысының екі түрі бар:тұрақты жадтайтын құрылғы ТЖҚ (ОЗУ) - ақпартты уақытша сақтайтын жад. Енгізу құрылғылары: пернетақта, маус,джойстик,өлшеу аспаптары, сканер. Шығару құрылғысы - принтер, диспей, графопроектор.
Дисплей - компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Дисплей: электрондық - сәулелі түтікшеден (ЭСТ) (электронная лучевая труба ЭЛТ), қоректендіру блогынан және сәулелі басқарушы электрондық блоктан тұрады. Монитор түрлі түсті монохромдық болады.
Монитор - ақпаратты компьютер экранына шығару құрылғысы. Мониторды екі белгісі бойынша жіктеуге болады. Бейнелеу түсі бойынша шығаратын ақпараты бойынша монохромдық (қара, ақ, градияциясы сұр) символдық, (тек мәтіндік ақпаратты бейнелейді). Түрлі түсті графикалық (графиктерді, суреттерді шығаруға мүмкіндік береді).
Пернетақта (Клавиатура) - компьютерге ақпарат енгізетін құрылғы. Онда 101 немесе 105 перне болады. Таңбалық деректерді енгізу қызметін атқарады және негізгі енгізу құрылысы болып табылады.
Пернетақтаның әрекетерінің принциптері:
Шартты түрде пернетақтаны 5-бөлікті бөлуге болады:
- басу пернетақтасы (алфавитті - цифрлық және таңбалық пернелер)
- функционал пернелер: F1-F12
- арнайы операциялар пернелері: Enter, Esc, Tab6, Ctrl, Alt, BackSpace
- меңзерді басқару және редакциялау пернетақтада.
- сандық пернетақта.
Функционалдық пернелер - Олар символдық пернелердің үстінде орналасқан. Олар компьютердің күрделі операцияларын тез орындай. Әр түрлі программаларды әр түрлі қызмет атқарады.
Символдық пернелер - пернетақтаның негізгі бөлігі. Символ, цифр енгізуге болады.
Нұсқаушы немесе меңзерді экранда басқару пернесі. Меңзерді экранда жылжытуға арналған.
Цифрлық-қосыма NumLock пернетақта арқылы қосылып ажыратылады.
Enter - енгізу пернесі - белгілі бір әрекетті аяқтағанда басылады.
Бос орын - символдарды бір-бірінен ажыратады.
← немесе Backspace пернесі алдыңғы символды өшіреді.
Shift - бұл кіші әріптерді алкен етуге және керісінше орындауға болады.
Caps Lock - алкен әріптер енгізіледі.
Delete - меңзердің оң жағында орналасқан символдарды өшіреді.
кейбір амалдарды орындау үшін пернелердің комбинациясын пайдаланады. Ctrl Alt
Тышқан. Қазіргі кездегі компьютерлер тағы да бір ақпараттарды енгізу құрылғысы - «Тышқан» манипуляторымен жабдықталған. Бұдан былай оны тек тышқан (маус) деп қана атайтын боламыз. Оның аты тышқан деп бекер аталмаған. Себебі ол-сұр түсті, тышқанның құйрығына ұқсайтын компьютерге жалғанған иілгіш сымы бар қорап. Ол алақанға ыңғайлы және кілемше бетінде еркін жылжитын арнайы құрылғы.
Джойстик. Джойстик деген компьютерлік ойындарда экрандағы жылжитын объектілерді басқаруға арналған рычагты манипулятор.
Принтер. Ақпараттарды қағазға басып шығаратын құрылғы. Ол дисплейге не шығарылса, соның бәрін қағазға басып шығаруға мүмкіндік береді. Принтерге мәтіндік, кестелік, графикалық ақпараттарды шығаруға болады. Принтердің үш түрі бар: матрицалық, сия бүріккіш, лазерлік.
Матрицалық принтерлер - бұл қарапайым басу құрылғылары. Деректер қағазға инелердің бояйтын таспа арқылы соғуының нәтижесінде пайда болады.
Лазерлік принтерлер - полиграфиялық баспадан кем емес баспа сапасын қамтамасыз етеді.Олар минутына бет баспаға шығу жылдамдығымен өлшенеді. Сия бүріккіш принтерлер - Кескін бояудың тамшыларының қағазға түсуінің нәтижесінде айда болады. Сия бүріккіш принтерлер түрлі түсті баспадан кеңінен қолданылады
Сыртқы жад - сыртқы жад ретінде магнитті диск пайдаланылады. Дискілер қазіргі дербес компьютерлерде ақпарат тасушы болып табылады, олар ақпаратты тұрақты түрде сақтауға арналған. Магнитті дискілердің екі типі болады. Бірінші типке иілгіш, алмалы-салмалы дискілер немесе дискеттер жатады.
Компакт -дискілер. Компакт дискіні лазерлік дискі деп те атайды. Оның сыйымдылығы өте үлкен, олардағы ақпаратты тек оқуға болады. CD-R компакт -дискілеріне басқа жаңа ақпараттар жазуға немесе ақпараттарды қайта жазуға болмайды. Ал CD-RW дискілеріне ақпаратты жазуға, қайта жазуға болады.
Флэшка - жинақтауыштар және жады карталары. Флэшка - ақпаратты сақтау үшін ең қолайлы контейнер болып табылады. Оларға 32 Мбайт-8 Гбайт дейін ақпарат сақтауға болады. Салмағы жеңіл, қолайлы флэшкаларды USB -портқп қосады, секундына 1-10 Мбайт жылдамдықпен ақпарат жазуға болады.
Сканер - қағаздағы кескінді (жазуды , суретті) түсіріп, дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін құрылғы. Оның көмегімен суретті, графикті, мәтіндерді сканерлеуге (түсіріп алуға) болады.
IV. Сабақты бекіту сұрақтары
1. Компьютердің "атасы" деп, кімді айтуға болады? (Ч. Бэббидж)
2. Ақпаратты енгізуге арналған құрылғы? (пернетақта)
3. Ақпаратты шығару құрылғысы? (принтер, монитор)
4. Қағаздағы көріністі экранға түсіруші (сканер)
5. Барлық ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал? (компьютер)
6. Адам көзі мен монитор арасындағы арақашықтық қанша (см) болу керек? (60-70см)
7. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі? (бит)
8. Компьютердің "миы" деп қай құрылғыны атайды? (жүйелік блок)
9. Компьютер жанында тұратын өсімдік атауы? (кактус)
10. Дыбыс тыңдау құрылғысы? (колонка)
11. Бір килобайт қанша байтқа тең? (1024 байт)
12. Қазіргі пернетақтадағы пернелер саны? (105)
13. Компьютердің "тілі"? (монитор)
14. Интернетпен байланыс жасайтын құрылғы? (модем)


Семантикалық карта.


мұнда компьютердің негізгі құрылғылары орналасқан. Компьютерді қосып өшіру батырмасы, дискжетек, компакт-дискіні оқитын CD-ROM орналастырылған. Жүйелік блоктың ішінде аналық плата, процессор, CD-ROM, бейнетақташа, дыбыс тақташасы мен т.б. бар.


Сканер

компьютерге ақпарат енгізетін құрылғы. Онда 101 немесе 105 перне болады. Таңбалық деректерді енгізу қызметін атқарады және негізгі енгізу құрылысы болып табылады.


Принтер

қағаздағы кескінді (жазуды , суретті) түсіріп, дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін құрылғы. Оның көмегімен суретті, графикті, мәтіндерді сканерлеуге (түсіріп алуға) болады.


Жүйелік блок

ақпараттарды қағазға басып шығаратын құрылғы. Ол дисплейге не шығарылса, соның бәрін қағазға басып шығаруға мүмкіндік береді


Тышқан

ол-сұр түсті, тышқанның құйрығына ұқсайтын компьютерге жалғанған иілгіш сымы бар қорап. Ол алақанға ыңғайлы және кілемше бетінде еркін жылжитын арнайы құрылғы.


Пернетақта


Тапсырма: Қатені табу
Маған бейнелерді компьютерге енгізу керек болса, алдымен сканерді іске қосамын. Бейнелерді көшіріп алып, оларды сақтап қоямын. Сонан кейін компьютердің жүйелік блогын іске қосып, сканерден өткізілген мәліметтерді түзетемін. Соңынан мониторды қосып, не шыққанын көріп шығамын. Мен осылай компьютердің аппараттық құрылғылары мен электр энергиясын үнемдеп жұмсаймын.
3 қате бар: 1. Алдымен монитор мен жүйелік блокты іске қосу қажет.
2. Жүйелік блок іске қосылмай, сканердегі мәлімет енгізілмейді.
3. Монитор қосылмай, мәлімет түзетілмейді және оны сақтау да қиын.

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс.

Қызықты ақпарат
Заманауи компьютерлердің қолданылу салалары. Компьютерді жұмыста қолдану. Көптеген адамдар күнде офиске бармай-ақ, компьютермен үйде жұмыс істегенді ұнатады.
Есепшілер, жазушылар, программистер, дизайнерлер, аниматорлар, суретшілер, музыканттар және де көптеген кәсіп иелері үйде жұмыс істей алады. Яғни, жұмыстары компьютерлік технологияларды пайдаланумен байланысты мамандардың бәрі үйде отырып компьютермен жұмыс істей алады.
Компьютер көмегімен сауда жасау. Көптеген тауарларды Интернет арқылы сатып алу өте қолайлы. Қажет заттарды іздеу үшін дүкендерді аралауға уақыт жұмсаудың керегі жоқ. Барлық каталогтар интернет-дүкендердің сайттарында орналасқан. Сондай-ақ коммуналдық қызметтерді өтеу, телефонды пайдаланғандарың үшін шоттарды толықтыру, ақша аудару және т.б. компьютер көмегімен үйде отырып жүзеге асыруға болады.

V. Бағалау. Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, қалыс қалып отырған оқушыларға ескертпелер беру арқылы білімдерін алған ұпайлары бойынша бағалау.

VI. Үй тапсырмасы. 1. Компьютер құрылғыларының міндеттері мен мүмкіндіктері.

2. Тест тапсырмасын орындау арқылы өз білімдерін тексеру.

1. Компьютердің қазіргі уақыттағы негізгі функциясы қандай?
А) Есептеу В) Басқару С) Ақпаратты іздеу Д) құжат құру
2. Жұмыс қабілеті мен басқаруды қамтамасыз ететін программа:
А) Интернет В) Операциялық жүйе С) Операциялық қабыршық Д) Windows
3. Артығын көрсет:
А) суперкомпьютер В) үлкен компьютер С) дербес компьютер Д) кіші компьютер
4. Суперкомпьютерлер қайда қолданылады?
А) үйде В) офисте С) өндірісте Д) ірі ұйымдарда нақты есептер шығару үшін
5. Үлкен дерек қорларын өңдеу және сақтау үшін қолданылатын компьютер:
А) Үлкен компьютер В) дербес компьютер С) суперкомпьютер Д) сервер
6. Ноутбук компьютерлердің қай түріне жатады?
А) суперкомпьютер В) Үлкен компьютер С) дербес компьютер Д) сервер
7. Нетбук деген не?

А) шағын мөлшерлі ноутбук В) алақан компьютері

С)Интернетке қосылған дербес компьютер Д) оқыту мақсатындағы компьютердің арнайы түрі

8. Сервер - ол:

А) компьютерлік желілердің орталық торабы болып табылатын компьютер

В) суперкомпьютер С) Үлкен компьютер Д) ақпарат сақтауға арналған компьютер

Тест жауаптары:

1

2

3

4

5

6

7

8

В

В

Д

Д

Д

С

А

А





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал