- Учителю
- Тақырыбы: Сызықтық программаларды құру (9 сынып)
Тақырыбы: Сызықтық программаларды құру (9 сынып)
Информатика 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Сызықтық программаларды құру
Сабақтың мақсаты:
-Қарапайым оператоларды қолданып,сызықтық программаларды құру
-Синтаксистік,семантикалық ережелерді сақтау,операторларды дұрыс жазып, дұрыс қолдану
-Өздігінен жұмыс істеп,пікірлерін айта білуге үйрету
Оқушылар білуі тиіс: қарапайым операторларды, оларды қолдану ережелерін, қызметтерін
Көрнекіліктер: ДК, проектр, экран,презентация
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Сабақтың мақсаты мен міндеттерін айқындау
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Оқушылардың операторларды жатқа білуін тексеру үшін,5-10 минуттық диктант алған дұрыс.Мұғалім операторлардың қызметін айтады,оқушы қызметші сөзді жазады.
Мысалы,
-
Айнымалыларды сипаттайтын программаның бөлігі? (Var);
-
Программа қандай қызметші сөзден басталады? /Program/;
-
Қай қызметші сөзден кейін нүкте қойылады? /End/;
-
Меншіктеу операторының белгісі?/:/ ;
-
Бүтін типтің қызметші сөзі?/Integer/
-
Енгізу операторының жазылуы? /Read, readln/;
-
Шығару операторының жазылуы? /Write, writeln/;
-
3/х/өрнегінің Паскаль тілінде жазылуы? / 3*abs/x//;
Оқулықтағы 1,2-жаттығуларды ауызша тексеру. 3-жаттығудың а/ есебінің программасын жазып,талдау.
3. х және у әртүрлі мәндерін енгізіп, төмендегі өрнектердің мәндерін есептейтін программа құрыңдар:
а/ P = x sinx - √ /2x-y/
(2x-y)² 3ycosy
Program esep 03;
var x,y P: real;
begin
write ( `x, y мәндерін енгізіңдер`) ;
readln (x,y) ;
P : = x * sin (x) /sgr (2*x-y)- sgrt (abs (2*x-y)) / 3*y*cos (y);
Writeln ( `P= ` , P: 6:2 );
end.
IV. Білімді өзектендіру
-
Паскаль программасын іске қосу?
-
Жаңа бет ашу?
-
Программа құрғаннан кейін іске қосу? Бұл сұрақ Паскаль тілінің қай нұсқасын қолданамыз соған байланысты (Paskal ABC, TurboPaskal)
V. Компьютерде практикалық жұмыс
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау
Тіктөртбұрыштың а және в қабырғалары бойынша периметрін және ауданын есептейтін программа құрыңдар
Program esep 03;
var a, b, P, S: real;
begin
write ( ` қабырғалардың мәндерін енгізіңдер`) ;
readln ( а, в) ;
P : = 2 * (а+в) ; S : = a * b ;
Writeln ( `периметр = ` , P: 5:2, `аудан = ` S : 5 : 2 );
end.
VI. Қорытынды
Бүгінгі сабақта біздің үйренгеніміз:
-Қарапайым операторларды қолданып,сызықтық программа құру;
-Компьютерде программаларды теріп,есептерді шығару
VIІ. Үйге тапсырма
-
Операторларды қайталау;
-
Оқулықтағы сыныпта шешіп үлгермеген жаттығуларды орындап келу;
-
Оқулықтағы тесті шешу