- Учителю
- HTML.WEB- ПРОГРАМАЛАУ. Интернетке арналған ақпараттық нысандарды жасау құралдары 11 сынып
HTML.WEB- ПРОГРАМАЛАУ. Интернетке арналған ақпараттық нысандарды жасау құралдары 11 сынып
Тексерілді оқу ісінің орынбасары Таженова А
Информатика пәнінен қысқа мерзімді жоспар. 11 сынып
ІІІ тоқсан
5 - күн
3- сабақ
Сабақтың тақырыбы
HTML.WEB- ПРОГРАМАЛАУ. Интернетке арналған ақпараттық нысандарды жасау құралдары
Сілтеме
Жоспар
Жалпы мақсаты
Интернетке арналған ақпараттық нысандарды жасау құралдары, сайт құруға арналған программалардың артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттауды үйрену
Күтілетін нәтиже
Интернетке арналған ақпараттық нысандарды жасау құралдары, сайт құруға арналған программалардың артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттауды үйренеді
Негізгі идеялар
WEB сайт , HTML- гипермәтіндерді белгілеу тілі- web парақтарды құрудың әмбебап құралы. HTML-құжаттардың ең басты артықшылығы- олар жүйеге тәуелсіз.
Алдыңғы оқу
Ғаламдық желі
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім , жеке оқушы немен айналысады)
І .Ұйымдастыру кезеңі. 1.1 Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу. 1.2.Назарларын сабаққа аудару, оқушыларды 1 топқа біріктіру (1-3 мин) Ой қозғау (Сұрақ қою, қайта бағыттау), Топтық жұмыс «оқы, талқыла, бөліс» Жұптық жұмыс (қателерді анықта)
1.Қалай ойлайсыңдар, сайт құруға арналған барлық программалық жасақтаманың әрбір тобы кімдерге арналған (әзірлеуші емес адамдарға, дизайнер, тәжірибелі теруші, программалаушы)
2. Сайт құруға арналған программалардың артықшылықтары кемшіліктерін сипаттаңдар.
CMS-жүйесінің артықшылықтары кемшіліктерін сипаттаңдар.
Сайт құруға арналған программалық жасақтаманы келесі топтарға бөлуге болады: сайттар конструкторлары, сайт құруға арналған программалар, CMS сайтты басқару жүйелеріПЖ түрі
артықшылықтры
кемшіліктері
Сайттар конструкторлары
Пайдалану қарапайымдылығы-арнайы дайындықты талап етпейді
Сайтқа қойылатын шектеулер
Сайт құруға арналған программалар
Визуалды дизайн редактордың HTML терең білуі қажет емес
Күрделі элементтер-форумдар,жаңалық таспалары және т.б -құру мүмкіндігі жоқ; жаңарту тек сайт құрылған компьютерден ғана жүзеге асырылады.
CMS сайтты басқару жүйелері
Интерактивтік сервистер (сауалнама жүргізу,дауысберу, каталогтар және т.б) құру мүмкіндігі
Типтік қорғау жүйесіне қолдану; арнайы сайттарды құру; зерттеудегі қиындық,т.б
Жеке жұмыс: Компьютердегі тәжірибелік жұмыс.
Интернет желісі ресурстарын пайдаланып, заманауи web парақтар құру құралдары туралы хабарлама дайындаңдар.
Кері байланыс: сұрақтар беру арқылы бағалау.1. Не үйрендім? 2.Маған не қиын болды?
Кейінгі тапсырмалар:§22, Ү тарау. HTML.WEB- ПРОГРАМАЛАУ. Интернетке арналған ақпараттық нысандарды жасау құралдары, 269-273 бет, Сапарғалиева Б.Қ, «Информатика»