7


  • Учителю
  • Ақпаратты кодтау тәсілдері. Ақпараттың өлшем бірлігі.

Ақпаратты кодтау тәсілдері. Ақпараттың өлшем бірлігі.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Ақпаратты кодтау тәсілдері. Ақпараттың өлшем бірлігі.

Сабақ мақсаты: а) Ақпарат, ақпараттық процесс, өлшем бірліктері, әлемнің ақпараттық бейнесі ұғымдарын түсіндіру.

Б) Оқушылырадың ақпарат, ақпараттық процесс, әлемнің ақпараттық бейнесі туралы түсініктерін тереңдету.

В) Оқушылардың дүниетанымдарын кеңейту, өз ойларын ашық айтуға тәрбиелеу.

Сабақ көрнекілігі:

Сабақ түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақ әдісі: Түсіндіру, әңгімелелесу

Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Жаңа сабақ түсіндіру

Жаңа сабақты бекітуге тапсырмалар беру

Үйге тапсырма

Сабақты қорытындылау

Сәләматсыңдар ма?

Бүгінгі сабақтың тақырыбы Ақпаратты белгілеу, беру, сақтау, кодтау тәсілдері. Ақпараттың өлшем бірлігі.

Сабақтың басында алдымен 6-сынып курсынан білетін оқу материалдарын қайталап өтеміз.

Сонымен қайталау сұрақтары:

Ақпарат дегеніміз не?

Ақпарат - қоршаған орта мен онда болып жатқан құбылыстар туралы хабарлар мен мағлұматтар жиыны.

Қандай ақпараттық процестерді білесіңдер?

Ақпараттық процестер дегеніміз - ақпарат сақтау, беру және өңдеу.

Ақпарат қандай қасиеттерге ие болуы тиіс?

Ақпарат пайдалы, толық, объективті, жаңа болуы керек.

Ақпарат мөлшерін қалай бағалауға болады (хабардың ақпараттық көлемі неге тең)?

Хабардың ақпараттық көлемі хабардағы символдар санына тең.

Ақпарат өлшеудің қандай бірліктерін білесіңдер?

Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі - 1 бит.

1 байт = 8 бит

1 Кбайт = 1024 байт

1 Мбайт = 1024 Кбайт

1 Гбайт = 1024 Мбайт

«Ақпарат» сөзі латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін informatio сөзінен шыққан. Қазір ақпарат сөзі күнделікті тұрмыста, ғылымның әр түрлі: философия, экономика, физика, математика, информатика т.б. салаларында кең қолданылады. Бірақ әрбір ғылымның ақпарат туралы өз ұғымы мен түсінігі бар.

Қазіргі кезде ақпарат түсінігін айқындаудың кең тараған үш теориялық жолы бар.

Олардың әрқайсысы оның мағынасын өзінше түсіндіреді.

Бірінші теория (К.Шенон) сандық ақпараттық тұрғыдан қарастырады да, ақпаратты оқиғаның анықталмағандығының (энтропия) өлшемі ретінде айқындайды. Ақпарат көлемі, қандай жағдайда болмасын, оны алу ықтималдығына тәуелді: хабар неғұрлым ықтимал (анық емес) болып табылса, оның ақпараты соғұрлым аз болады. Яғни, бізге бұрыннан таныс емес немес анық ақпараттың көлемі көп болады. Ақпаратты бұл тұрғыдан түсіндіргенде - бұл анықталмағандықтың алынуы деп айтуға болады.

Мысал: Ықтималдық жағынан алғанда қандай хабар көп ақпарат қамтиды.



Екінші теория ақпаратты материяның қасиеті ретінде қарастырады. Оның пайда болуы кибернетиканың пайда болуымен байланысты және адам немесе аспап қабылдайтын кез-келген хабарламада ақпарат болады деген пайымдауға негізделген. Ақпаратты бұлай түсінуді В.М.Глушков айқын бейнелеп жеткізген. Ол «Ақпаратты тек әріптермен шимайланған кітап беттері немесе адамның тілі ғана емес, күн сәулесі де, тау жоталарының қыртысы да, сарқыраманың шуылы да, шөптің сыбдыры да жеткізеді.» деп жазады. Яғни ақпарат материя қасиеті ретінде оның табиғаты мен құрылымы, реттелуі, көптүрлілігі және т.б. туралы түсінік береді. Ол материядан тыс болуы мүмкін емес, демек, ол болған және мәңгі болады. Оны жинауға, сақтауға және өңдеуге болады.

Үшінші теория мағыналық (семантикалық) тұрғыдан негізделген., ол бойынша ақпарат білім ретінде және кез келген білім емес, оның бағдарлау үшін, белсенді әрекет жасау үшін, басқару және өзін-өзі басқару үшін пайдаланылатын бөлігі ретінде түсіндіріледі. Басқаша айтқанда, ақпарат - бұл білімнің әрекеттегі, пайдалы, «жұмыс істеуші» бөлігі.

Бұл теориялар бірін бірі белгілі бір шамада толықтырады, ақпарат түсінгіінің мәнін жан-жақты көрсетіп, соынсымен оның негізгі қасиетерін түсінуді жеңілдетеді.

Ақпараттың әр ортада, әр салада өз анықтамасы бар. Ал ақпараттың көптеген анықтамаларының ішіндегі орындысы: Ақпарат, бұл - айналадағы дүние туралы анықталмағанды (белгісіздікті) анықтайтын мәліметтер. Олар: сақтау, түрлендіру, беру және пайдалану обьектісі болып табылады.



Ақпаратты беру, сақтау және өңдеу ақпараттық процестер екенін сендер 6-сыныптан білесіңдер.

Осы жөнінде қайталауға мынадай мысал: Ақпараттық процеске жатпайтындарын анықтаңдар.

Ақпаратты талдай отырып, біз алынған ақпараттың сапасын бағалау мен мөлшерін анықтау қажеттігімен кездесеміз. Ақпараттың сапасын анықтау өте қиын, ал кей жағдайларды тіпті мүмкін емес. Мысалы кебір тарихи мәліметтер бірнеше жыл бойы керек болмай жатып, кенеттен олардың бағалылығы күрт артуы мүмкін.

Ал ақпарат мөлшерін анықтау - алдымен, бұл ақпаратты бірі бірімен салыстыру үшін, бұл ақпаратты сақтайтын материалдық обьектілердің (қағаз, диск, магниттік таспа т.б.) өлшемі қандай болу керек екенін анықтау үшіні қажет.

Ол үшін ақпаратты оның техникалық аспектісінде қарастырады және оның көлемін хабардағы символдар саны бойынша анықтайды.

Мысал:

КАқпаратты кодтау тәсілдері. Ақпараттың өлшем бірлігі.өлемі жағынан мына хабарда қанша ақпарат мөлшері бар: 36 байт (сөз арасындағы бос орындар да бір символ болып есептеледі).



Ақпарат және басқару түсініктерінің бірігуі ХХ ғасырдың 40 жылдары Н.Винердің кибернетиканы ашуына мүмкіндік тудырды. Кибернетика тұңғыш рет техникадағы, қоғамдағы және тірі оргаризмдегі ақпараттық процестердің ортақтығын көрсетті.

Н.Винер алғашқы рет жанды, жансыз және жасанды жүйелердегі басқару жүйелерінің ортақ белгілері бар екендігі жөнінде ой айтты. Ұқсастықтарды айқындау - нәтижелері әр түрлі жүйелерде қолданылатын «басқарудың жалпы теориясын» жасауға жетеледі.

Кибернетика жалпы табиғаты әртүрлі обьектілердегі жалпы басқару принциптерін зерттейді. Сондықтан оны осындай жүйелердегі тепе-теңдік күйлер мен оған жету тәсілдері өте қызықтырады. Ал автоматтық басқару теориясы, негізінен, тепе-теңдік күйге жету және оны сақтау тәсілдері туралы ғылым.

Кибернетиканы жеке обьектілерді (станоктарды, кәсіпорын құрлығыларын, автомобильдерді т.ь.) басқарудан бастап, тұтас кәсіпорын слаларын , банк дүйелерін, байланыс жүйелерін, яғни күрделілік дәрежесі әртүрлі автоматтық немесе автоматтандырылған басқару жүйелерін жасау және пайдалану саласында қолданбалы информатика ретінде қарастыруға болады.

Тапсырма: Кестені үйден толтырып келу.



Сұрақтар:

  1. Ақпараттың мағынасын қалай түсінесіңдер?

  2. Ақпарат өлшеудің қандай тәсілдері бар?

  3. Ақпараттық процесс деген не?

  4. Ақпараттың қандай қасиеттері бар?

  5. Ақпарат қандай тәсілдермен беріледі?

  6. Кибернетиканың негізін салған кім?

  7. Кибернетика нені зерттейді?

  8. Информатикаға анықтама беріңдер.

  9. Информатика термині нені білдіреді?

Үйге тапсырма Берілген кестені толтыру, 1.1-1.3 тақырыпты оқып келу.

Сабақ аяқталды

Сау болыңыздар.













 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал