- Учителю
- Есептеуіш техникасының даму тарихы.
Есептеуіш техникасының даму тарихы.
7сынып
№6 сабақСабақтың тақырыбы: Есептеуіш техникасының даму тарихы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды ЕТ - ң тарихымен оның құрылуының негізгі принциптерімен таныстыру. ЭЕМ - нің өміріндегі рөлін түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілігін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, жүйелілікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру
-
Үйге берілген тапсырманы тексеру
-
Жаңа тақырыпты түсіндіру
-
Сабақты бекіту
-
Үйге тапсырма
Өткен материалды қайталау сұрақтары:
-
Компьютер дегеніміз не?
-
Ақпараттық құралдар неден тұрады?
-
Компьютердің бағдарламалық жасақтамасына нелер кіреді?
-
ОЖ - нің негізгі функцияларын (міндеттерін) атаңдар.
-
Интерфайс деген не? Қандай интерфейстерді білесіңдер?
-
Қолданбалы бағдарламалардың міндеттері қандай? Олардың классификациясын түсіндіріңдер.
-
Бағдарламалау жүйелері не үшін қолданылады?
-
Драйвердің ролі қандай?
Жаңа түсініктер:
Есептеуіш техниканың даму тарихы
Есептеуіш техника дамымай тұрып адамдар қол саусақтарын, тастарды, ағаш таяқшаларды пайдаланды.
-
Есепшеттың пайда болуы деректерге қарағанда Қытай мен Египетте 2000 - 5000 жылдар шамасында болған.
-
Есепшот Ресейде 16 - 17 ғасырларды пайда болған.
-
17 ғасырдың аяғында шотландиялық ДЖон Непер логарифм түсінігін енгізді, логарифм кестесін құрды.
-
1761 ж.Ағылшын Д.Робертсон логарифм сызғышын жасады. Мұндай идеяны Исаак Ньютон ұсынған.
-
1642 ж. француз математигі Блез Паскаль 19 жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасын жасады.
-
1694 ж. неміс математигі Лейбиниц Паскаль механикалық есептеу машинасын арифмометрді құрды. Есептеуіш техниканың даму XIX ғасырдан қарқындап дами бастады.
-
1833 ж. алғашқы есептеуіш автоматтың авторы Чарлз Бэббидж аналитикалық машинаның жобасын жасады. Ол қазіргі кезде компьютердің атасы деп атайды.
-
Дүние жүзі бойынша алғашқы 1846 жылы Бэйббидж машинасына бағдарлама жасаушы Ада Лавлейс бірінші бағдарламалаушы деп аталынған.
-
XIX ғасырдың соңында амариекалық Герман Холлериат есепші - перфарациялық машинасын құрды. Холлериат 7 жыл бойы пайдаланылды. Холлериат есепші - перфорациялық машинаны жасайтын фирманың негізін қалады. IBM фирмасына айнады.
-
1944 американ математигі Говард Айкен Горвард Марк - 1 автоматты есептеуіш машинасын құрды.
Электронды есептеуіш машиналар.
-
Бірінші электрондық машина 1946 жылы Пенсильван университетінде ENIAC деп аталды, 1949 жылы EDSAC машинасы құрастырылды.
ЭЕМ буындары:
Бірінші буында - бірінші электрондық машина ENIAC, EDSAC машиналары болды, 1940 - 1955 жылдар.
Екінші буынға - 1955 жылдан бастап, жартылай өткізгіштер транзисторлар пайда бола бастады. Онда бағдарламалық тілдер Фортран, Алгол, Кобол қолдана бастады.
Үшінші буынға - интегралдық негізде құрылған ЭЕМ - дер.
Қазіргі компьютерлер төртінші буынға жатады.
Бесінші буынға компьютерлер әлі шыққан жоқ .
Қазіргі кезде көптеген елдерде бесінші буындағы ЭЕМ - ді жасау ісі қолға алынуда. Бұл машиналар кәдімгі адам сөйлейтін тілге жуық тілді түсінетін, яғни «жасанды интеллект» ЭЕМ - дері болуы керек. Бұл идея толығымен іске асқанда, ЭУМ - ге кәдімгі сөзбен мәселені түсіндіріп айтасыңдар, ал компьютер өзі бағдарламаны құрып, мәселені (есепті) шешетін болады.
Сабақты бекіту сұрақтары:
-
Бірінші электронды - есептеуіш машина қалай аталған?
-
«Марк - 1» машинасы қандай элементтерде жасалды?
-
Бұрынғы Кеңестер Одағында бірінші ЭЕМ қай жылдары жасалды? Оны кім жасады?
-
ЭЕМ буындарын атаңдар. Олардың бір - бірінен айырмашылығы неде?
-
Қазіргі дербес компьютерлер қай буынға жатады?
Үйге тапсырма: 2,1 тақырыпты оқу, жұмыс дәптеріндегі 2.1.1,.2, 3 тапсырманы орындау, сөзжұмбақ, ребус құрастыру.