7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары: Нысандар. Орын ауыстыру және өзгерту (практикалық сабақ)

Сабақ жоспары: Нысандар. Орын ауыстыру және өзгерту (практикалық сабақ)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сынып:

10 «М»

Күні:

14.03.2016

Сабақтың тақырыбы:

Нысандар. Орнын ауыстыру жəне өзгерту

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды компьютерде Blender 3D модельдеу бағдарламасы көмегімен өткен нысандар, орын ауыстыру және өзгерту тақырыбы бойынша алған білімдерін жекелей жұмыс жасата отырып тексеру, примитивтерді тиімді қолдана отырып жоба жасай алу және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту

Сабақтың түрі:

Практикалық сабақ

Әдіс-тәсілдер:

Жекелей жұмыс, сұрақ-жауап әдісі

Көрнекіліктер:

Видео, интерактивті тақта, оқулық, жұмыс дәптері

Сабақтың жүру барысы

Кезеңдер

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру

1 мин

Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру

Амандасу. Өз компьютерлеріне отырып, дұрыс жұмыс жасайтындығына көз жеткізу

Үй жұмысын тексеру

2 мин

Зымыран сұрақтар:

-Примитив деген не?

- Blender бағдарламасында қандай стандартты геометриялық примитивтер бар?

- Blender бағдарламасында примитивтерді орналастыру үшін қандай команданы орындау керек?

Сұрақтарға ауызша жауап береді

Практика

13 мин

Аққаланың моделін салуға тапсырма беріледі. Ол үшін Blender бағдарламасында аққала тұрғызудың видеосы көрсетіледі. Түсініксіз жерлер бар ма сұралады

Видеоны мұқият қарап түсініксіз жерлері болса мұғалімнен сұрайды.

Сергіту сәті

2 мин

Көзге арналған жаттығулар жасату. Видео көрсетіледі

Видеомен бірлесе отырып көзге арналған жаттығуларды қайталап жасау

Практика

20 мин

- Blender 3D модельдеу бағдарламасында аққаланың модельін салуға тапсырма беру. - Модельдеу барысында аққаланың бас киімін өз фантазиялары өзгертуге рұқсат етіледі

- Практикалық жұмыс барысында кездескен ыстық батырмаларды, жаңа құралдардың қызметін қысқаша дәптерлеріне жазып алуды ескертіп отыру керек

- Blender 3D модельдеу бағдарламасын іске қосады.

- Видеоны көре отырып Blender бағдарламасында примитивтер көмегімен аққаланы модельдеуге көшеді

- аққаланың бас киімін видеода көрсетілгеннен бөлек, өз қалаулары бойынша салады

- жаңа түсініктерді, батырмалар мен олардың қызметтерін дәптерге жазып отыру

Рефлексия

2 мин

«Бағдаршам» әдісі бойынша:



Көңіл-күйім өте керемет, барлығы түсінікті болды

Мен үшін аса қиыншылықтар туғызған жоқ

Практика барысында қиыншылықтар болды, әлі де жаттығуым керек

Әркім таратылған шеңберден өзінің бағдаршамның қай түсіне сәйкес келетінін таңдап көтереді

Бағалау

3 мин

Оқушылардың жұмыстарын түрлі-түсті шеңберлер арқылы бір-біріне бағалату:



Өте жақсы (толық аяқтап, аққаланың бас киімін өзгеше жасаған)



Жақсы (видеода көрсетілген қалыпта жасалынған)



Толық аяқталмаған

Оқушылар көршісінің жұмысын бағалайды. Күнделікке бағаларын қойдырады

Үйге тапсырма

1 мин

Дәптерлеріне жазып жүрген ыстық батырмаларды, олардың қызметтерін жаттап келу

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазу

</<br>
























 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал