7


  • Учителю
  • Урок на тему Объектілерді іздеу

Урок на тему Объектілерді іздеу

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы:Объектілерді іздеу. Бумалар мен белгішелерді құру. Атын өзгерту. Практикалық жұмыс.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларды объектілерді іздеу,бумалар мен белгішелерді құру,атын өзгертуді практика жүзінде жасауға үйрету.

Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды тәрбиелікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: компьютер, оқулық.

Сабақ барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

а) оқушылардың сабаққа дайындығын пысықтау.

ә) оқушыларды түгендеу

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

ІІІ. Білімді жан-жақты тексеру, сұрау кезеңі

Өткен тақырыптан сұрақтар қою арқылы тексеру

ІV. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі

Сабақтың мақсатымен таныстыру.

V. Жаңа материалды түсіндіру, қабылдау кезеңі

Объектілерді іздеу: Пуск-Поиск командасын орындау арқылы.

Бумаларды құру және оның құрылымы:

Бума элементтері: тақырып, меню, терезені басқару батырмалары, айналдыру жолағы, құрал-саймандар тақтасы, қалып-күйжолы. Қажет элементтар жиынын мына жолмен таңдауға болады: Түр-құрал саймандар тақтасы және Түр- Қалып-күй жолы.

Терезеде жаңа бума құру: Буманы Файл- Создать- Папка командасымен құрады. Мұны орындағаннан кейін осы терезенің бумалары мен файлдарының тізімінің соңында жаңа қапшық белгішесі пайда болады. Қапшықтың атын оны құрғаннан кейін бірден енгізуге болады. Файлға ат берілмеген жағдайда оған автоматты түрде "Жаңа файл" аты меншіктеледі.

Жұмыс үстелінде жаңа бума құру. Жұмыс үстелінің жаңа буманы орналастырмақшы болған жерінде маустың оң жақ батырмасын басу- контексті меню пайда болады. Создать- Папка командасын орындау. Жұмыс үстелінде бума белгішесі пайда болады. Буманың атын енгізіп, енгізу пернесін басу.

Белгіше - бұл бағдарламаларды іске қосу немес файлдыашу қасиеті бар пиктограмма, объектінің тамғасы, компьютер үшін объектіге жол нұсқайтыгн командалық файл,ал пайдаланушы үшін үстеліндегі немес терезедегі жай белгіше, ол Windows-тегі қандай да бір объектіге: файлға, бумаға, дискіге, компьютерге, принтерге т.б. сәйкес келеді. Белгіше жеке бір объекті емес, ол файлға сілтеме ғана. Сондықтан оны жойғанда файлдар жойылмайды. Таңбашада маусты екі рет шерту, файлға немесе буманың белгішесіне екі рет шету әсерімен бірдей. (бағдарлама іске қосылады, құжат немесе бума ашылады)

Ағымдағы терезеде белгіше құру. Ағымдағы терезеде таңбашаларды Файл-Создать-Ярлык, Файл-Создать ярлык немесе контексті менюдің Создать- Ярлык командасының көмегімен жасауға болады.Таңбашаны жасағаннан кейін онықажетті орынға, орналастыруға болады.

Жұмыс үстелнде таңбаша құру.

  1. Жұмыс үстелінің бос жерінде меңзерді орналастыорып, маустың оң жақ батырмасын басса, контексті меню пайда болады.

  2. Создать-Ярлык опциясын таңдағанда, "Создание ярлыка" диалогтық терезесі пайда болады.

  3. "Шолу" (обзор) батырмасын басу. "Шолу" диалогтық терезесі ашылады. Файлдар мен қапшықтар арасынан объект табу.

  4. "Ашу" батырмасын басу арқылы "Таңбаша жасау терезесі" ашылады. Онда файлға жол толық көрсетілген.

  5. "Дале"батырмасын басу- "Таңбашаның атын таңдау" диалог терезесі ашады. Мұда объекінің жүйелік атын өзгертуге болады.

  6. "Дайын" батырмасын басу- Жұмыс үстелінде жаңа таңбаша пайда болады.

Буманың атын өзгерту: Қосымша мәзірден Переименовать командасын таңдау.

VІ. Жаңа материалдан түсінгенін тексеру

  1. Жұмыс үстелінде өз есіміңізбен аталатын қапшық құрыңдар. Сол қапшықтың ішінде мәтіндік құжат құрып, оның ішіне өзің туралы мәлімет жаз. Қапшықтың атын өзгерт.

  2. Жұмыс үстелінде бірнеше таңбашалар құрыңдар және оларды ашып көрсетіңдер.

  3. Табу командасымен бірнеше файл, бумаларды іздеу



VІІ. Материалды бекіту және оқушылардың білімін бағалау кезеңі

VI. Үй тапсырмасы:Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері. Файлдар, бумалар және белгішелер.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал