7


  • Учителю
  • Конспект урока по информатики

Конспект урока по информатики

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пән: информатика

Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы: Алгоритм типтері: сызықтық, тармақталған, циклдік. Көмекші алгоритм ұғымы

Сабақтың мақсат-міндеттері:

Білімділік мақсаты: Оқушыларға алгоритмнің типтері, яғни сызықтық, тармақталған, циклдік алгоритмдер туралы түсінік беру.

Дамытушылық мақсаты: Жаңа тақырыпты түсіндіру арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілік мақсаты: Жинақылыққа, ұқыптылыққа тәрбилеу

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру

1. Амандасу

2. Отырғызу, түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару


ІІ. Үй жұмысын тексеру

Үйге берілген тақырыпты сұрау


ІІІ. Жаңа сабақ

Алгоритмдер блоктардың өзара байланысуына қарай үш құрылымға - сызықтық, тармақтық және циклдік түрлерге бөлінеді.

1. Сызықтық немесе тізбекті алгоритм. Сызықтық алгоритм тізбектеле орналасқан командалардан, ал блок-схемалар бір сызық бойына орналасқан тізбекті блоктардан тұрады. Әрекеттердің тізбектей орындалуы - сызықтық алгоритм деп аталады.

Мысалы:

алг үй тапсырмасын орындау

басы

күнделікті алу, тиісті бетін ашу,

үй тапсырмасын анықтау

үй тапсырмасын орындау

күнделікті орнына қою

соңы


Сызықтық алгоритм командалары осында көрсетілген рет бойынша орындалатын тізбектеле орналасқан командалардан (блоктардан) тұрады.

Амалдардың бұлай бірінен соң бірі реттеліп орындалу тәртібін табиғи атқарылу дейді. Мысалы, төменде көрсетілген Z функциясының сандық мәнін есептеп шығару алгоритмін жасау керек болсын.


Z=aх2+b+cos(aх2+b)-tg(aх2+b)


Бұл функцияның мәнін табу үшін алдымен жақшада тұрған aх2+b көпмүшелігін жеке есептеп алу қажет, себебі ол тізбек үш рет есептеліп, орындаушы машина оған уақытты көп кетіреді. Есептеліп болған Z функциясының мәні қағазға не экранға басылып шығуы тиіс. Жалпы компьютер жадына a, b, х мәндері алдын - ала енгізілуі керек.

алг Z функциясын есептеу

(нақ a, b, x, z)

арг a, b, x

нәт z

басы

a, b, x енгізу

t:= aх2+b

z:=t+cost-tgt

х, z шығару

соңы

Сонымен қарастырылған алгоритм қарапайым сызықтық алгоритмнің мысалы болып табылады. Мұндағы 2-блок - a, b, x мәндерін пернелерден программаға енгізу блогы, 3-блок t -ның, ал 4-блок Z функциясының мәндерін есептейді. 5-блок х айнымалысының және Z функциясының нәтижесін қағазға басып шығарады.

2. Тармақталу алгоритмдері. Тармақталу алгоритмінде көбінесе арифметикалық теңсіздік түрінде берілген логикалық шарт тексеріледі. Егер орындалса, онда алгоритм бір тармақпен жүзеге асырылады да, соңында екі тармақ қайта бірігеді. Мұндай алгоритмде шартты тексеру тармақталу командасы деп аталады. Оны алгоритмдік тілде өрнектегенде егер, онда, әйтпесе, бітті түйінді сөздері пайдаланылады. Орындалу тәсіліне байланысты тармақталу командасы «таңдау» (толымды) және «аттап өту» (толымсыз) болып екі түрге бөлінеді.


Мысалы:



3. Циклдік алгоритмдер. Көптеген алгоритмдерде белгілі бір әрекеттер тізбегі бірнеше рет қайталанып орындалып отырады. Математикада есеп шығару кезінде бір теңдеуді пайдаланып, ондағы айнымалы мәнінің өзгеруіне байланысты оны бірнеше рет қайталап есептеуге тура келеді. Осындай есептеу процесі бөліктерінің қайталап орындалуын цикл деп атайды, ал қайталанатын бөлігі бар алгоритмдер тобы циклдік алгоритмдерге жатады. Қайталану командасын алгоритмдік тілде жазу үшін әзірше (әзір), цикл басы (цб), және цикл соңы (цс) түйінді сөздері қолданылады.

Мысалы: Орындаушыда келесі командаларды орындай отырып, ернеуіне дейін жылы сумен толтырылуы тиіс бос 7 литрлік шелек бар болсын:

әзір шелек толық емес

цб

1 л суық су құю керек

1 л ыстық су құю керек

цс


ІҮ. Сабақты бекіту сұрақтары

  • Алгоритм командалары есеп шартына байланысты қалай бөлінеді?

  • Жай және құрама командалардың айырмашылықтары қандай?

  • Сызықтық алгоритм дегеніміз не?

  • Тармақталу алгоритмі мен циклдік алгоритмнің айырмашылығы қандай?

  • Компьютерде есеп шығару қандай кезеңдерден тұрады?


Ү. Үйге тапсырма

1.8, 1.9, 1.10 тақырыптарын оқу. 33 бет, 1, 3-5 жаттығулар.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал