7


Сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың тақырыбы: Білім беру ақпараттық ресурстары. Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға білім берудің ақпараттық ресурстары туралы жалпы түсінік беру. Дамытушылық: пәнге деген қызығушылықтарын арттыра отырып, ойлау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелілік: оқушыларға э
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Білім беру ақпараттық ресурстары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға білім берудің ақпараттық ресурстары туралы жалпы түсінік беру.
Дамытушылық: пәнге деген қызығушылықтарын арттыра отырып, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілік: оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың типі: Пікірлесіп - түсіндіру
Сабақтың көрнекіліктері: тақырып бойынша құрылған слайд, оқулық, жұмыс дәптері.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: сынып тыныштығы мен тазалығын қадағалап, оқушылардың назарларын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру: өткен тақырып бойынша қайталау. Оқушылардың дайындықтарын тексеру.
1. «Ақпарат» термині туралы жаңадан не білдіңдер?
2. Ақпаратты қанша деңгейде қарастыруға болады?
3. Ақпараттану деген не?
4. Ақпараттанудың негізгі нысаны не?
5. Ақпараттық жүйелер деген ұғымды түсіндіріңдер.
6. Ақпараттық жүйелер қандай түсінікпен тығыз байланысты? Неліктен?
7. Ақпараттық қамтамасыз етудің түрлерін атап, оларға сипаттама беріңдер.
III. Жаңа сабақты түсіндіру:
Сәлеметсіздер ме! Өткен сабақта біз әлемнің ақпараттық бейнесі туралы аұпарат алған болатынбыз. Бүгін сабақта біз осы тақырыпты жалғастырамыз. Яғни білім берудің ақпараттық ресурстарымен танысамыз.
Білім берудің ақпараттық ресурстары - ақпараттың кез келген түрі немесе оқу үдерісінде қолдану үшін арнайы жасалған программалық өнімдері.
Оның ішіндегі білім берудің электрондық ресурстарына тоқталып өтейік:
• оқу материалдары (электрондық оқулықтар, оқу құралдары, рефераттар, дипломдар);
• оқу-әдістемелік материалдар (электрондық оқу бағдарламалары, әдістемелер);
• ғылыми-әдістемелік материалдар (диссертациялар);
• қосымша мәтіндік және суретті материалдар (дәрістер, зертханалық жұмыстар);
• тестілеу жүйесі (білімді электронды тексеру тестілері);
• электрондық кітапханалар;
• білім саласының электрондық мерзімді басылымдары;
• білім саласының мерзімді басылымдарының электрондық мазмұны мен мақала аңдатпалары;
• электрондық мұрағаттар шығару.
Білім беру ресурстарын белгілі сайт адресі бойынша немесе әртүрлі тақырыптық сілтемелер арқылы пайдалануға болады.
Білім ресурстары. Білім порталдары мен каталогтары.
ҚР Білім және ғылым министрлігі - http://www.edu.gov.kz.
«Білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі» бөлімінде «Тест тапсырмаларының үлгілері» берілген. Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті - http://www.educontrol.kz.
Ғылым порталы - http://www.nauka.kz .
ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы - http://www.pa-academy.kz .
Халықаралық бағдарламалар орталығы - http://www.bolashak.gov.kz .
Негізгі өызметі - халықаралық бағдарламаларға кадрларды таңдау, іс-шараларды ұйымдастыру, сонымен қатар «Болашақ» бағдарламасыда кіреду. Шетелдің ЖОО және ұйымдарымен білім бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында байланыс орнату.
Шетелде білім алу жөніндегі кеңес орталығы - http://eac.bilim.kz .
Қазақстанның орта білім жөніндегі ақпарат ресурсы - http://www.schools.kz .
Қазақстандағы қазіргі заманғы білім - http://www.obrazovanie.kz .
Ресейдің жалпы білім беру порталы - http://school.edu.ru .
Ресей білімі - http://edu.ru.
Білім ресурстарының бірлескен жиынтығы - http://school-collection.edu.ru.
«Учеба» білім порталы http://www.uroki.ru.
Информатика - http://www.informatika.ru.
Redline - http://www.redline.ru.
Білім ресурстарының бірлескен терезесі - http://window.edu.ru/window.
«Менің мектебім» жобасы - http://www.mektep-rk.kz.
«Әріптестер» - педагогикалық журналы. Қазақстан оқытушыларының шығармашылық клубы - http:// www.collegy.ucoz.ru.
Ұлттық білімді ақпараттандыру орталығы - http://www.nci.kz1.
IV. Жаңа тақырыпты бекіту.
Тәжірибелік тапсырма. Электрондық ресурстарды пайдаланып, «Информатика», «Биология», «Физика» пәндеріне қатысты электрондық материалдарға шолу жасаңдар.
Тест тапсырмасын орындау. І тарауды қорытындылау.

V. Қорытындылау. Оқушылардың тест жұмысы мен тәжірибелік тапсырмалары, үй жұмысының қорытындысы барлығы тексеріліп бағаланады.
VІ.Үйге тапсырма. 14-17 беттерді оқып,бақылау сұрақтарына жауап дайындап келу.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал