7


  • Учителю
  • Біліміңді сынап көр тәрбие сағат

Біліміңді сынап көр тәрбие сағат

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: «Біліміңді сынап көр» сайыс сабақ

Мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың алған білімдерін бақылау,пәнге деген қызығушылығын арттыру,ойлау қабілетін дамыту және қатысушылар арасынан жігерлі,білімді және компьютерлік сауаттылығы жоғары оқушыны анықтау.

Дамытушылық: Оқушыларды өзара жарыстыра отырып,ойларын жинақтай білуге үйрету,компьютерлік сауаттылығын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өз бетінше еңбектенуге,ізденуге,жауапкершілікке, жауапкершілікке,өзін ұстай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілік құралдар:интерактивті тақта.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап

Күтілетін нәтиже:

Оқушының компьютерді жетік меңгереді,пәнге деген қызығушылығы артады,оқушылардың өз бетімен жұмыс істей алу дағдыларын қалыптастырады.

Ойын 6 кезеңнен тұрады:

1. Эрудиттер сайысы

2. Бәйге

3. Cиқырлы есеп

4. Полигот

5. Жорға

6. Мақал - мәтел айтысу





Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер

І− кезеңді «Эрудиттер сайысы».

Дұрыс жауап беру арқылы әр топ өз ұпайын жинайды

№1 топқа арналған сұрақтар.

1.Алгоритмнің жазылу түрлері. (сөздік, кестелік, блок -схемалар, программалық)

2.Компьютердің ішкі жады. (Жедел жад)

3.Real қандай сан? Нақты сан

4.Паскаль тілінің өрнектері (арифметикалық,логикалық ,символдық)

5.Қағаздағы кескінді түсіріп дисплей экранына шығаруға арналған (Сканер)

6.Іске қосу- батырмасын ата. (Пуск)

7.Компьютер жұмысын басқаратын арнайы программа. (Операциялық жүйе)

8.Бүкіл дүниежүзілік өрмек. (Интернет)

9.Алгоритм жазу түрлері (сөздік, кестелік, блок -схемалар, программалық)

10.Ақпарат өлшем бірлігі? (бит, байт)

№2 топқа арналған сұрақтар.

1. Бір-бірімен жалғастырылған компьютерлер тобы. (компьютерлік желі)

2. Айнымалыларды сипаттау (var)

3. Курсордың оң жағындағы символдарды өшіру пернесі? (delete)

4.Алгоритм түрлері (сызықтық, тармақталған, циклдік)

5.Writeln операторы қандай қызмет атқарады? (мәтінді экранға шығарады)

6. word пен word Pad тың айырмашылығы.

7. Логикалық өрнек нәтижесі (ақиқат немесе жалған)

8. Флеш жадыны ойлап тапқан және қай жылы (1984 Фудзи Масуока)

9.Компьютерге мәтін енгізу құрылғысы. (Пернетақта)

10. Вирус дегеніміз не? (өздігінен көбеюге арналған программа)

ІІ - кезең Бәйге

1.Компьютердің атасы. (Чарльз Бэббидж)

2. Алгоритм сөзі кімнің есімінің латынша жазлуынан шыққан. (Әбу Жафар Мұхаммед ибн Мұса әл−Хорезми)

3. Алғашқы электронды есептеуіш машинаны ата? (ENIAC)

4. Адам ақпаратпен не істейді? (сақтайды, жеткізеді, өңдейді)

5. Орындаушының белгілі бір мақсатқа жетуі үшін орындалатын әрекеттер тізбегін не деп айтады? (Алгоритм )

6. ЭЕМ неше буынға бөлінеді? (5 - буынға)

7. Алгоритмнің қасиеттерін ата? (түсініктілік, дискреттілік, анықтылық,нәтижелік, жалпылық)

8. Компьютер дегеніміз не? (Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрылығы)

9. Компьютерге символдар және мәтіндік ақпараттарды енгізуге мүмкіндік беретін құрылғы (пернетақта )

ІІI - кезең Cиқырлы есеп

Мен 1111 жастамын. Мектеп табалдырығын 111 жасымда аттадым. Мен .... 10010 мектептің 1001 сыныбында оқимын. Біздің сыныпта барлығы 11001 оқушы.Менің арманым келешекте атақты компьютер маманы болу.

Дұрыс жауабы : Мен 15 жастамын. Мектеп табалдырығын 7 жасымда аттадым. Мен 18 мектептің 9 сыныбында оқимын. Біздің сыныпта барлығы 25 оқушы. Менің арманым келешекте атақты компьютер маманы болу

IV - Полигот Интернет тобына

1.Жақсы .... үшін жан пида (дос, друг,friend)

2.Айдың он бесі ...., он бесі қараңғы (жарық, свет, eight)

3.Көңіл сырын .... білдіреді (көз, глаз,eye)

4.......- алтын қазына (кітап,книга,boor)

5. Еңбегі жоқ .....- ыстығы жоқ жалын (ғалым,наука,science)

II- Жас програмистер тобы

1.Көз қорқақ, .... Батыр (қол,рука, hard)

2. ..... басы - , бұлақ, сөздің басы - құлақ (су,вода,water)

3. ...... алма,білім ал (алтын,золото,gold)

4. Есепші ...... қарайды,айды,күнді санайды (аспан,небо,sky)

5. Күндіз ..... алса, түнде үкі алады (бүркіт,орел,eagle)

V - кезең Жорға Интернет тобына

1. Паскаль тілін қай ғалым және нешінші жылы ұсынған?

2.Алгоритм сөзі қай ғасырда шықты?

3.Microsoft Excel қандай редактор?

4. Алғашқы есепшот қай ғасырда пайда болды?

5.Түбір асты Х қалай жазылады?

6. Begin сөзі нені білдіреді?

Жас програмистер тобы

1.Пернетақта неше топқа бөлінеді?

2.Информатика ғылым ретінде қай ғасырда пайда болды?

3.Microsoft фирмасын құрған адам?

4. Гректер есептеу құралын не деп атады?

5.MS excel, бағдарламасында кесте неше жол неше бағаннан тұрады?

6. Integer сөзі нені білдіреді?

V I- кезең

Мақал - мәтел айтысу













№ 18 орта мектеп





































Тақырыбы: «Біліміңді сынап көр» сайыс сабақ

9- сыныптар

Өткізген: Мадувова Нурзия





































06.02.2015жыл



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал