7


  • Учителю
  • Планирование Турнир по информатики

Планирование Турнир по информатики

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Дайындаған: Калышева Алтынай Суйебаевна, Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы,

№3 Қарауылкелді орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі



Турнир: «Информатика білгірлері» 9-11 кластар арасында (1 Слайд )



Мақсаты:



  • оқушылардың ойлауын,

  • компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін,

  • танымдық қабілетін,

  • логикалық сауаттылығын дамыта отырып,

  • пәнге деген қызығушылығын,

  • белсенділігін арттыру.



Әдіс - тәсілдері:



  • сұрақ-жауап,

  • баяндау,

  • көтермелеу



Көрнекілігі:



  • ұпай есептеу таблосы;

  • турнир тапсырмаларының презентациясы

  • мультимедиялық проектор;

  • компьютер;

  • секундомер.



Іс - шараның жоспары:



  1. Тапсырма «Сергіту».

  2. Капитан бәйгесі.

  3. Тапсырма «Сенесің бе - сенбейсің бе».

  4. Тапсырма «Мақалды ашу».

  5. Тапсырма «Кім жылдам».

  6. Қорытынды.

  7. Марапаттау.



  1. Тапсырма «Сергіту» (2-23 Слайды)



Слайдта ұяшықтар 5, 10, 15 санымен орналасқан. (Әр ұяшықтағы сан дұрыс жауаптың құны). Қатысушы командалар кезекпен таңдаған ұяшықтарын шертеді, ұяшықтың астында жасырылған сұраққа жауап береді. Дұрыс жауап берген команда таңдаған ұпайларын алады. Әр команда кезекпе - кезек ұяшық таңдайды..

Командаларға деңгейіне байланысты ойлануға 20 секунд беріледі (ол мына сұрақтарға 5 және 10 ұпай) ал (15 ұпай сұрақтарға 30 секунд). Таңдалған ұяшық жоқ болып кетеді.





Сұрақтар:



5 ұпайлар



  1. Қандай жүйе компьютерлік бағдарламаларды қамтамасыз етеді?(Операциялық)

  2. Оқушылар арасындағы компьютерлік бағдарламаның танымал түрі (Компьютерлік ойындар)

  3. Компьютерлік бағдарламаны бұзушы? (Хакер)

  4. Экрандағы сілтегіш не деп аталады? (Меңзер)

  5. Шешімін қажет ететін мәселе (Тапсырма)

  6. Компьютерді ең алғаш қолданушы? (Үйренуші)

  7. Компьютерлік ойындарға өте құмар адамды қалай атаймыз? (Геймер)

  8. Информатикадағы «Ноль» немесе «бір» (Бит)

  9. Компьютера «Миы» (Процессор)



10 ұпайлар



  1. Қайсысы үлкен: 1024 Кб әлде 1 Мб? (екі шамада тең)

  2. «ПЕРНЕТАҚТА» сөзінің ақпараттық өлшемі? (10 байт)

  3. Электронды механикалық құрылғы немесе компьютер жадына қағаз тасығышынан ақпаратты енгізу құрылғысы. (Сканер)

  4. «ВИРТУАЛЬДЫ» антоним сөзді атаңдар?. (Шынайы)

  5. Тұңғыш рет қай елде «компьютер» сөзі шықты. (Англияда. Ертеректе Англияда кімнің қызметі есептермен байланысты болса, сол адамды компьютер деп атаған.)



15 ұпайлар



  1. Компьютерді, «жандандыратын» маман? (Программист)

  2. Экранда нысандар тізбегін бейнелейді, соның ішінен қолданушы қажетті нұсқасын таңдайды?

(Мәзір /Меню)

  1. Компьютердің сыртқы құрылғыларымен өзара әрекеттесуін басқаратын бағдарлама?(Драйвер)

  2. Компьютердің сыртқы құрылымдарын тағы да қалай атайды? (Перифериялық)

  3. Мына сөздегі әріптерді қойып, ГРАММ және ОРАП информатикаға байланысты сөз шығар?

(Программа)

  1. ЭВМ І буын техникалық негізгі элементі? (Электрондық лампа)



Жинаған ұпайларын әділ - қазылар есептейді.





  1. Тапсырма «Капитандар бәйгесі» (24 Слайд )



Бәйге «Қалашық» ойыны арқылы. Жүргізуші информатикаға байланысты сөз айтады. Мыс: «КОМПЬЮТЕР», келесі капитан командасы осы сөздің соңғы әрпіне байланысты сөз айтады. Сөйтіп бірін - бірі сөзі аяқталғанша жалғастырады. Айтылған сөз Информатика пәніне байланысты болуы керек. Әрбір дұрыс жауапқа капитандар 1 ұпай алады. Егер капитан 30 секундтан артық сөз білмей қалса, келесі ойыншы жауап береді.

Бұл тапсырмаға 10 минут беріледі.



















  1. Тапсырма «Сенесің бе, сенбейсіңбе» (25-35 Слайды)

Турнирге қатысушылар келіссе «ия» , келіспесе «жоқ» деп жауап береді

  1. «Ақпарат» сөзі латын тілінен аударғанда түсіндіру, баяндау, мәлімет дегенді білдіреді. (ия)

  2. Баспаға шығару құрылғысы пернетақта деп аталады? (жоқ)

  3. Адам ақпаратты сақтай алмайды? (Жоқ)

  4. Компьютерлік вирустар 2000 жылы шықты? (Жоқ)

1981 жылы ең алғаш компьютерлік вирустар жарық көрді.

  1. Великобританияда Винчестер қаласы бар? (ия)

  2. Ең алғашқы ЭЕМ 1946 жылы АҚШ - та пайда болды. (Ия)

  3. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі килобайт деп аталады? (Жоқ)

  4. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 80 перне болады. (Жоқ)

  5. Пернетақта компьютерге ақпаратты енгізу құрылғысы (Ия)

  6. Компьютер ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал. (Ия)

    1. Тапсырма «Мақал -мәтелді табу» (36-37 Слайды)



Програмистің қолы- ортақ, Программаның тілі ортақ.

Шебердің қолы - ортақ

Шешеннің тілі ортақ.

Флешка алсаң форматтап ал.

Алтын тапсаң санап ал.

Компьютер вирустан азады, антивирустан жазады

Адам көңілінен азады,

Тілінен жазады

Ақпарат жеткізер, ақпарат жеткізбегенді, ғаламтор

жеткізер

Көз жеткізер,

Көз жеткізбегенді

Сөз жеткізер.

Paskal- дағы есепті, Программадағы қате бұзар.

Үйдегі есепті, Базардағы нарық бұзар.

Монитордың жүзі компьютердің айнасы

Адамның жүзі ақылдың айнасы.

Вирустан қорыққан - Ғаламторға бармасын.

Қасқырдан қорыққан - орманға бармасын

Вертуалды әлемнің шегі жоқ, адамдардың тегі жоқ.

Дөңгелектің шегі жоқ, Көргенсіздің тегі жоқ.

Ғаламтор азбайды, ақпарат тозбайды

Ақыл азбайды, Білім тозбайды,

Құпия сөз - алтын сандық, адамына қарай ашылады.

Ақыл - алтын сандық,

адамына қарай ашылар.

Ақпарат жадыда - жады жүйелік блокта

Күш білімде - білім кітапта

Компьютерді қосулы тастама

Таңғы асты тастама



















    1. Тапсырма «Кім жылдам» (38 Слайд)



Әр командаға жүргізуші 2 минут ішінде сұрақ қояды, әрбір дұрыс жауапқа - 1 ұпай беріледі.



9 А класс тобына сұрақтар

  1. Басып шығару құрылғысы. (Принтер)

  2. Пайдаланушы әмірлерді таңдайтын тізім. (Мезір)

  3. 1 Кбайтта қанша байт. (1024)

  4. Компьютердің сыртқы құрылғылармен өзара әрекеттесуін басқаратын бағдарлама. (Драйвер)

  5. Экранда жанып-сөніп тұратын жылжымалы жол белгісі (Меңзер)

  6. Презентациядағы беттер не деп ат(Слайд).

  7. Тышқанның қай батырмасы қосымша? (Оң)

  8. Ақпараттарды алу, сақтау, түрлендіру, жеткізу және оны пайдалану зандылықтарын, тәсілдерін, жолдарын зерттейтін ғылым саласы. (Информатика)

  9. Ертедегі есепшот. (Абак)

  10. Мәтіндік және сызбалық ақпаратты бейнелейтін құрылғы. (Монитор)

  11. Монохромды дисплей неше түстен тұрады (2)

  12. Компьютерде есептеу жұмыстарын немесе ұйымдастыру қызметін атқаратын машиналық программа. (Процессор)

  13. Жойылған файлдар орналасатын арнайы қапшық. (Қоқыс жәшігі)

  14. Қатарды жалғастыр: байт, килобайт, мегабайт, ... (Гигабайт)

  15. Мәтін жазылған немесе суреті бар кез келген қағаз құжат сияқты дерек жинағы болып табылады (Файл)

9 ә класс тобына сұрақтар

  1. Компьютерде есте сақтау құрылғысы. (Жад)

  2. Компьютерде болатын иілгіш, қатқыл, оптикалық. (Диск)

  3. Ақпаратты ұзақ уақыт сақтауға арналған құрылғы (Винчестер)

  4. Іске қосылатын басқа программалардың жұмысын басқаратын жүйе (Операциялық жүйе).

  5. Қатарды жалғастыр: Жүйелік блок, монитор, тышқан,...(пернетақта, )

  6. Кез - келген нысанның шетінде кішкентай нұсқашыш белгісі бар (Ярлык)

  7. 1 байтта қанша бит бар. (8)

  8. Компьютердегі тізбектелген команда (Бағдарлама / Программа)

  9. Ақпаратты автоматты есептеуге арналған машина. (Компьютер)

  10. Мәліметтерді есте сақтай алатын микросұлба . (Флеш-карта)

  11. 1846 жылы Бэббидж машинасына программа жазған кім? (Ада Лавлейс)

  12. Дүниежүзілік компьютерлер арасындағы байланыс ортасы. (Ғаламтор)

  13. 10 байт қанша бит бар. (80)

  14. Қазіргі кезде қандай құрылғы компьютерге сымсыз /тоқсыз/ жалғанады? (Тышқан, перентақта).

  15. ЭЕМ алғаш атауы. (Эниак)



















10 класс тобына сұрақтар

  1. Түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін. (Ақпарат)

  2. Ең кіші өлшем бірлік (Бит).

  3. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас (интерфейс).

  4. Қазіргі нарықта компьютерлік процессорлар өндіруші компаниялардың арасындағы үздігі. (Интел)

  5. Файл атауындағы нүктеден кейін келеді де. (кеңейтілім)

  6. Шағын программа, сырт көзге біліне бермейді. Компьютердің жұмысы нашарлайды. (Вирус)

  7. Ең бірінші программа құрған оқымысты (Ада Лавлейс)

  8. Алгоритм сөзі қай ғасырда кімнің есіміне байланысты пайда болған? (IXғасыр, Әл - Хорезми)

  9. Microsoft фирмасының негізін салушы (Билл Гейтс).

  10. Winzip, winrar қандай программа (архиватор)

  11. Информатика пәні нені зерттейді (ақпараттық үрдістерді)

  12. Мылтықтың және компьютердің бір элементі арасындағы байланысты анықтай алатын құрылғы?(Винчестер)

  13. IBM фирмасы жылы әлемдегі алғашқы дербес компьютерді жасады? (1971жылы)

  14. Ұйымдар мен жеке тұлғаларға Internet қызметін ұсынатын компания (Провайдер)

  15. Программистің қойған есебін шығару үшін процессор орындауға тиісті болатын командалар немесе нұсқаулар жиыны (программа)

11 класс тобына сұрақтар

  1. Тақырыптарға байланысты слайдтар жиыны (Презентация)

  2. Терезені жабу пернелері / Alt+F4 /

  3. Дыбыс толқындарын техникалық қабылдағыш қалай деп аталады ? /микрофон/.

  4. «Компьютер» сөзінің алғашқы мағынасы (Есептеуді орындайтын адам)

  5. Сыртқы жады /винчестер, дискет, компакт диск /

  6. Беббидж машинасының қазіргі компьютермен және адамның миымен ортақ қасиеттері неде? /Сандық мәліметті өңдеу қабілеттілігі/

  7. Компьютердің «Миы» (Процессор)

  8. Гипермәтіндік</</font> байланысу мүмкіндігі бар файлдармен жұмыс істеуге арналған бағдарлама (Браузер)

  9. Мультимедиа қай жылы , қай елде пайда болды ? (Америкада 1990 ж)

  10. Паскаль тілінің авторы (Никлаус Вирт)

  11. Бір-бірімен жалғастырылған компьютерлер тобы. (компьютерлік желі)

  12. Әр түрлі объектілер орналасқан Windows экраны? (жұмыс үстелі)

  13. Іске қосу- батырмасын ата. (Пуск)

  14. Интернет желісі қай жылы пайда болды? (1969 жылы)

  15. Стандартты бағдарламалар (Блокнот, Калькулятор, Word Pad, Paint)

    1. Қорытынды.

    2. Марапаттау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал