7


  • Учителю
  • Информатика пәнінен сабақ жоспары 'Сұрыптау. Сүзгіш' (11 класс)

Информатика пәнінен сабақ жоспары 'Сұрыптау. Сүзгіш' (11 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сыныбы 11а,б

Сабақтың тақырыбы: Сұрыптау, сүзгіш

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділігі: білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту

  2. Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру

  3. Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер

Сабақтың барысы:

  1. ұйымдастыру

  2. үй тапсырмасын сұрау


  1. Көрсеткіштің Есептеуіш типін анықтаңдар?

  2. МЕМО типінің мәтіндік көрсеткіштен айырмашылығын атаңдар?

  3. Конструктор режимінде бар көрсеткіштің алдына жаңа көрсеткішті қалай кірістіруге болады?

  4. Конструктор режимінде кестені құру немесе өзгерту кезінде мәтіндік көрсеткіштің бірнеше қасиетін атаңдар?


  1. жаңа сабақ

  2. бекіту

  3. қорытынды


Жаңа сабақ


Мәліметтер қорында үлкен көлемді жазбалар болғандықтан белгілі критерий бойынша қолмен іздеу қажетті ақпаратты табу қиындау болады, кейде тіпті мүмкін болмайды. Бұл қиындықты Access жеңілдетуге көмектеседі. Іздеуді жүргізу үшін кестеден Басты  Іздеу бұйрығын орындау қажет. Осы кезде Іздеу сұхбаттық терезесі пайда болады. Осы тереземен қалай жұмыс істеу керектігін қарастырайық. Үлгі көрсеткіші ізделетін мәнді енгізуге арналған. Іздеу көрсеткіші көрсеткіштер бойынша іздеу жүргізеді. Сұхбаттық терезені шақыру барысында үнсіз келісім бойынша көрсеткіште меңзер тұрған мәлімет көрсетіледі. Бірақ терезеде кестенің кез келген көрсеткішін таңдауға болады.

Көру көрсеткішінде іздеуді қайтадан бастау керектігін, кестенің басынан немесе соңынан, ағымдағы немесе барлық жазбадан іздеу керектігін көрсету қажет.

Алмастырып қою символдарын қолдану арқылы іздеу шеңберін кеңейте аламыз. Олар стандартты түрде болады:

* - кез келген символдар санын алмастыра алады;

? - тек бір символды алмастыра алады. Мысалы, * ова барлық аты - жөнінің ішінен -ова мен аяқталатындарды іздейді. Іздеудің барлық параметрін баптағаннан кейін Әрі қарай іздеу батырмасын басыңдар. Ізделген нысан табылған жағдайда ерекшеленеді, ал қалып - күй жолында Іздеу табылды деген хабарлама келеді. Әрі қарай іздеу батырмасын басуды жалғастыру арқылы қолданушы барлық табылған мәндерді көре алады. Іздеу тоқтағаннан кейін сендер экранның сәйкес хабарламаны көресіңдер.


Сүзгі - жазбаларды сұрыптауға арналған шарттардың жиыны.

Сүзгілеу тек арнайы жазбаларды бір формада көруді қарастырады. Сұрыптау жасау үшін керекті мәліметті белгілеп, Сұрыптау және Сүзгі  Ерекшелеу батырмасын басу қажет.

Сүзгі бұйрығы осы жолақтың сүзгілеу үшін кез келген сұрыптауына мүмкіндік береді. Бұйрықтың соңғы бөлігі сол бағанның барлық мәнін шығарады. Қажет мәнді сұрыптау үшін басқа мәндердің қатарындағы «қанат белгілерін» алып тастау қажет.

Егер шартты түрде көрсететін болсақ, Мәтіндік сүзгі немесе Сандық сүзгі қолданылады.

Кестедегі жолдар ішіндегі бір немесе бірнеше баған арқылы сұрыптауға болады. Ол үшін сұрыптау жүргізілетін көрсеткішті таңдап, Өсу бойынша сұрыптау немесе Кему бойынша сұрыптау батырмасын басу қажет.


Жаңа тақырыпты бекіту

Оқулықтағы тапсырмаларды орындап, бөлімдерін бекітеміз.


Сабақты қорытындылау

  1. Жасырын бағандар не үшін қолданылады?

  2. Кесте жазбасының орфографиясын тексеруге бола ма?

  3. Кесте режимінде жазбалармен қандай операциялар орындалады?

  4. Кесте жазбасымен жұмыс жасау үшін пернелер үйлесімінің бірнешеуін көрсетіңдер?

  5. Басты  Сүзгі  Ерекшелеу бұйрығы не үшін қщолданылады?

  6. Сүзгі дегеніміз не?

  7. Excel - дегі Access - тегі сүзгінің ұқсастығын атаңдар ?


Бағалау. Тест сұрақтарын бере отырып, жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.


Үйге тапсырма § 9. Мәліметтерді сұрыптау, сүзгілеу тақырыбына реферат жазу



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал