7


  • Учителю
  • Қазіргі заманғы ДК архитектурасының даму үдерісі

Қазіргі заманғы ДК архитектурасының даму үдерісі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

№10 сабақ

Сыныбы: _____8 а, ә, б, в___________ Күні: __ 16.11.2016ж_____________

</ Мұғалімі: Бекқожаева Т Бекіткен: __ Абуова А.___________

Сабақтың тақырыбы: Қазіргі заманғы ДК архитектурасының даму үдерісі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға қазіргі заманғы ДК архитектурасы туралы айта отырып,

компьютердің құрылымы мен жұмыс принциптерінің сипаттамасы туралы

толық мағлұмат беру.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін,

танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып,

олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.

Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: ДК, жұмыс дәптері, сызбалар

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру

  4. Тапсырмаларды орындау

  5. Сабақты бекіту

  6. Үйге тапсырма



Өткен материалды қайталау сұрақтары:

  1. Позициялық санау жүйесінде арифметикалық амалдар қалай орындалады?

  2. Екілік санау жүйесінде қосу амалының дұрыс екенін қалай тексеруге болады?

  3. Пікір және оның түрлері қандай?

  4. Пікірлер алгебрасы нені зерттейді?

  5. Логикалық көбейтуді қалай түсінеміз?

  6. Логикалық қосуды қалай түсінеміз?

  7. Логикалық теріске шығаруды қалай түсінеміз?



Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Компьютердің сәулеті - компьютердің құрылымы мен жұмыс принциптерінің сипаттамасы.

Дербес компьютердің сәулеті - процессор, есте сақтау құрылғылары (ЕСҚ), ішкі видеожүйе, шеткері орналасқан (перифериялық) құрылғылар мен енгізу-шығару құрылғылары сияқты бөліктерінің құрастырылуы.

Компьютердің көпшілігі Фон Нейман сәулетіне негізделген.

Джон Фон Нейман принциптері- 1946 жылы үш ғалым Артур Беркс, Герман Голдстайн және Джон Фон Нейман «ЭЕМ құрылғысын, логикалық құруды алдын ала қарастыру» атты мақала жариялады. Джон Фон Нейманның аты сол кездегі ғылым кеңістігінде кеңінен танымал болатын. Сондықтан бұл идеялар «Фон Нейманның принциптері» деген атауға ие болады.

1. Екілік принципі - деректер мен бұйрықтарды бейнелеу үшін қолданылады.

2. Программалық басқару принципі - программа бұйрықтар жиынтығынан тұрады, процессор оларды бірінен соң бірін белгілі бір ретпен орындайды.

3. Жадтың біртектілік принципі - бір жадта программалар да, деректер де сақталады. Деректерге қолданылатын амалдарды бұйрықтармен де орындауға болады.

4. Жадтың мекенжай принципі - жады нөмірленген ұяшықтардан тұрады, процессор кез келген сәтте әр ұяшыққа қатыса алады.

5.Тізбектеп программалық басқару принципі - барлық бұйрықтар жадта орналасады және тізбектеліп, біреуі аяқталған соң екіншісі орындалады.

6.Шартты көшу принципі - программаның бұйрықтары әрқашан да бірінен соң бірі орындалмайды. Программада бұйрықтардың тізбектеліп орындалу тәртібін берілгендердің мәндеріне сәйкес өзгертетін шартты көшу бұйрықтары да болуы мүмкін.

Процессордың негізгі қызметі - ақпаратты өңдеу. Процессор тікелей тек жедел жадымен байланыса алады.

Дербес компьютердің электрондық компоненттері өзара шиналар деп аталатын сымдар тобымен біріктірілген. Компьютердің ең басты шинасы жүйелік шина деп аталады.

Ол 3 түрлі шинадан тұрады: адрестік шина, басқару шинасы, деректер шинасы. Адрестік шинаның көмегімен процессор байланыстырылатын жады ұяшықтарын таңдайды. Басқару шинасы бойымен жедел жадтан процессорға бұйрықтар, ал деректер жеткізіледі. Шинаның сипаттамасы - разрядтылығы. Мысалы, Pentium процессорларының адрестік шинасы - 32-разрядтық, яғни процессор 232 (4 млрд-тан аса) жады ұяшықтарын ажыратуға қабілетті.

Дербес компьютерге процессор мен жадтан басқа деректерді енгізу, басып шығару және ұзақ уақытқа сақтау үшін қажетті тағы да көптеген құрылғылар керек. Олармен процессор микробақылаушы арқылы байланысады. Құрылғы өзінің бақылаушысымен байланысады, ал одан кейін бақылаушы процессормен қатынас жасайды.

Микробақылаушылардың өзара байланысу тәртібі компьютердің сәулетімен анықталады. IBM PC компьютерлерінің сәулеті шиналық болып саналады.

Шиналық сәулетте:

  • Әрбір құрылғы өз шинасына жалғанады;

  • Әрбір шина өз бақылаушысына қосылады,

  • Әрбір бақылаушы өзінен жоғары деңгейдегі шинаға қосылады.



Заманауи компьютерлерде күнделікті пайдалану үшін USB (Universal Serial Bus) шинасы қолданылады - ол арқылы сыртқы құрылғылардың көпшілігі (пернетақта, принтер, фото және видеокамера) қосылады.



USB шинасының артықшылықтары:

  • 128 құрылғыға дейін қосуға болады;

  • Компьютерді өшірмей-ақ қосуға болады;

  • Арнайы программалар орнатудың қажеті жоқ.



Аналық тақша - заманауи дербес компьютердің есептеу жүйесінің негізі - екі негізгі үлкен микросызбадан тұрады.

  • Солтүстік көпір - орталық процессордың, жедел жадтың және видеокартаның жұмысын қамтамасыз ететін жады бақылаушысы;

  • Оңтүстік көпір - ол аналық тақшада шоғырланған құрылғылар бақылаушысының (локалдық есептеу желісінің, дыбыстық ішкі жүйенің) жұмысын, сонымен қатар сыртқы құрылғылармен өзара байланысты қамтамасыз ететін енгізу-шығару бақылаушы-концентраторы.



Сабақты бекіту сұрақтары:

  1. Дербес компьютердің сәулеті деп нені атайды?

  2. Сәулеттердің қандай сипаттамаларын білесіңдер.

  3. IBM PC компьютерлерінің сәулетін сипаттаңдар.

  4. Процессордың сыртқы құрылғылармен өзара байланысы қалай жүзеге асады?

  5. Стандарттық және стандарттық емес, ашық және жабық сәулеттердің артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсетіңдер.



Үйге тапсырма: Қазіргі заманғы ДК архитектурасының даму үдерісі



Оқушыларды бағалау, күнделікпен жұмыс.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал