- Учителю
- Конспект по информатике на тему 'Санау жүйесі'
Конспект по информатике на тему 'Санау жүйесі'
Сабақтың тақырыбы: Екілік сандармен орындалатын арифметикалық
Амалдар
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың екілік сандармен орындалатын арифметикалық амалдар бойынша меңгерген білімдерін қорытындылау арқылы білімін жүйелеу
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Екілік сандармен орындалатын арифметикалық амалдарды қосу, азайту, көбейту, бөлу амалдары туралы білімдерін қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілетін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру, нәтиже алуға және уақытты үнемдеуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: Білімді, іскерлікті және дағдыны жетілдіру сабағы
Әдіс тәсілдері: Тест тапсырмалары, ойға шабуыл, тапсырмалар
Қолданылатын көрнекіліктекр: Интерактивті тақта, оқулық
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
-
Санау жүйесі дегеніміз не?
-
Екілік сан дегеніміз не?
-
Разряд дегеніміз не?
-
Бит деген не?
-
Ондық санау жүйесіне қандай цифрлар жатады?
-
Сегіздік санау жүйесіне қандай цифрлар жатады?
-
Оналтылық санау жүйесіне қандай цифрлар жатады?
Тест тапсырмалары:
-
Сандардың атау және жазу ережелері мен әдістерінің жинағын не деп атайды?
А) Бит Ә) Байт Б) Санау жүйесі В) Разряд
-
Санның цифрына бөлінетін позицияны не деп атайды?
А) Бит Ә) Байт Б) Санау жүйесі В) Разряд
3. Екілік санның әрбір разрядын не деп атайды?
А) Бит Ә) Байт Б) Санау жүйесі В) Разряд
4. Екілік жүйеде кез келген сан 0 мен 1 цифрларының көмегімен жазылады да ...
А) Ондық Ә) Екілік Б) Сегіздік В) Он алтылық
5. Сегіздік санау жүйесінде қандай цифрлар көрсетіледі?
А) 1,2,3,4,5,6,7,8 Ә) 0,1,2,3,4,5,6,7 Б) 0,1,2,3,4,5,6,7,8
6. Ондық санау жүйесінде қандай цифрлар көрсетіледі?
А) 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9 Ә) 1,2,3,4,5,6,7,8,9
Б) 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9,10
7. Ондық санды сегіздік санау жүйесіне ауыстырыңдар:22310
А) 3378 Ә) 4568 Б) 1598
8. Ондық санды оналтылық санау жүйесіне ауыстырыңдар:22910
А) Е516 Ә) В616 Б) С816
9. Екілік санды сегіздік санау жүйесіне ауыстырыңдар: 11000111010 А) 3978 Ә) 6168 Б) 3598
10. Екілік санды оналтылық санау жүйесіне ауыстырыңдар: 10000011101110
А) Е716 Ә) 5В316 Б) 83В16
ІІІ. Ойға шабуыл
Қосу Азайту
Көбейту Бөлу
ІV. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі:
Екілік санау жүйесіне арифметикалық амалдар ондық жүйедегі ережелер бойынша орындалады, айырмашылығы -санау жүйесінің негізі екіге тең және тек екі цифр ғана пайдаланылады.
Қосу
0+0=1
1+0=1
0+1=1
1+1=10 бір көрші (үлкен) разрядқа тасмалданады.
Мысалы
101
+
011
____
1000 алдық.
Азайту
0-0=0
1-0=1
0-1=1 көрші (үлкен) разрядтан бірді қарызға аламыз.
1-1=0
Мысалы:
1010
-
101
_____
101 алдық.
Көбейту
0*0=0
1*0=0
0*1=0
1*1=1
Мысалы :1012мен 1102 екілік Сандарының көбейтіндісін табыңдар.Сандарды көбейтуді кіші разрядтан бастап бағанда орындайық:
101 Тексеру:1012=1*22+0*21+1*20=5
* 110 1102=1*22+1*21+0*20=6
000
101
101
11110
111102=1*24+1*23+1*22+1*11+0*20=16+8+4+2+0=3010
Тапсырмалар:
-
Қосуды орындаңдар:
А) 0110+0110=?
Ә) 10001+11011 =?
2. Азайтуды орындаңдар:
А) 1101-0110 =?
Ә) 1010-0101 =?
3. Көбейтуді орындаңдар:
101*101 =?
011*110 =?
V. Үйге тапсырма:
1. Қосуды орындаңдар: а)1011110+010101
ә)0111011+1010111
2. Азайтуды орындаңдар: а) 100110-01100
ә)100011-00011
3. Көбейтуді орындаңдар: а) 0101*111
ә) 1101*011
VІ. Бекіту кезеңі:
-
Айналадағы дүние туралы анықталмағанды анықтайтын мәліметтер
-
Санның цифрына бөлінетін позицияны не деп атайды?
-
Екілік санның әрбір разрядын не деп атайды?
-
Бағдарламалар мәліметтер немесе олардың бөліктері не деп аталады?
-
Ақпаратты компьютер экранына шығару құрылғысы
-
0 мен 1 цифрларының көмегімен жазылады
-
Ақпараттың 8 биттен тұратыны не?
-
Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым
-
Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал
-
Екілік сандарды жазуды қысқарту үшін негізі 16 санау жүйесін қолданады
VІІ. Сабақты қорытындылау:
Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше қиын іс.
Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу-ұстаз парызы. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу.
VІІІ. Бағалау:Үй тапсырмасына жақсы дайындалып келген, жаңа сабаққа белсене араласқан және қосымша сұрақтарға тиянақты жауап берген оқушыларды білімдеріне қарай бағалап, бағаларын журнал мен күнделіктерінің бетіне түсіру.