- Учителю
- Типы данных по Паскалю на казахском языке
Типы данных по Паскалю на казахском языке
Сабақтың тақырыбы: Мәліметтер типтері
Үй тапсырмасы
-
Паскаль тілін 1968 - 1971 жылдары швейцариялық ғалым Никлаус Вирт оқып - үйренуге қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған болатын.
-
Паскаль тіліндегі программа жеке жолдардан тұрады;
-
Бір қатарға бірнеше команда немесе оператор орналаса алады, олар бір - бірімен нүктелі үтір (;) арқылы ажыратылып жазылады;
-
Нүктелі үтір (;) таңбасы операторларды ажырату үшін қажет, ол оператордан соң қойылмаса, компилятор қате деп санайды.
-
Нүктелі үтір (;) таңбасы begin сөзінен кейін және end сөзінің алдында қойылмайды, өйткені бұл сөздер оператор емес, тек операторлық жақшалар болып саналды.
-
Паскаль тіліндегі программа үш бөліктен тұрады: тақырып, сипаттау бөлімі және операторлар бөлімі;
-
Кез - келген программаның алғашқы жолы Program сөзінен басталатын оның тақырыбынан тұрады;
-
Программа тақырыбынан кейін объектілерді сипаттау бөлімі жазылады. Бұл бөлім программадағы айнымалылар, тұрақтылар тәрізді объектілердің қасиеттер алдын ала анықтап алуға көмектеседі.
-
Программаның негізгі бөлімі - операторлар бөлімі болып табылады. Орындалатыніс - әрекеттер, командалар осы бөлімде орналасады. Ол BEGIN түйінді сөзінен басталып, брлық атқарылатын операторлар тізбегі жеке - жеке жазылып біткен соң END түйінді сөзімен аяқталады.