- Учителю
- План урока по информатике на тему 'Операциялық жүйелердің жіктелуі' (7 класс)
План урока по информатике на тему 'Операциялық жүйелердің жіктелуі' (7 класс)
Қызылорда облысы
Жаңақорған ауданы №247 орта мектептің информатика пәні мұғалімі
Әбдіраманова Гүлназ Қалдыбайқызы
Пәні: Информатика
Сыныбы: 7-сынып
Сабақтың тақырыбы: Операциялық жүйелердің жіктелуі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға операциялық жүйелері және операциялық жүйелердің жіктелуі туралы мағлұмат беру.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың компьютермен сауатты жұмыс жасауын қалыптастыру.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: практикум элементтерінің көмегімен түсіндіру.
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: Компьютер, оқулық, интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу, түгелдеу.
2. Оқушылардың құрал-жабдығын тексеру.
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
№
Жіктелу белгілері
Түрі
Ескерту
1
Қолданушылар саны
Бірқолданушылық
Бір қолданушы үшін жұмыс
Көпқолданушылық
Бірнеше қолданушы үшін жұмыс
2
Үдерістер саны
Бір міндеттік
Белгілі бір уақытта жедел жадқа бір ғана міндет болады
Көп міндеттік
Бір уақыт ішінде жедел жадта процессормен өңделетін бірнеше міндет орындалады
3
Есептеуіш техниканың құралдарының типі
Бірпроцессорлық
Бір процессордың бар болуы
Көппроцессорлық
Бірнеше процессордың бар болуы
Жүйелік
Желіде орындалатын барлық мәселелердің ресурстарын қолданады
4
Интерфейс типі
Бұйрықтық жолдар
Сұхбат бұйрықтарды енгізу арқылы орындалады
Графикалық
Нысандарды манипуляциялау
ІV.Қорытындылау.
Тапсырмалар мен сұрақтар:
1-тапсырма. «Қателерді анықтау»
2-тапсырма. Кесте толтыру
Операциялық жүйе ұғымы.
Операциялық жүйелердің дамуының қысқаша тарихы.
Дербес компьютерге арналған ОЖ - лер.
Сұрақтар:
V.Бағалау.
VI.Үйге тапсырма: §7 Операциялық жүйелердің жіктелуі(кестені сызып, тестті орындап келу)