7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары 'Файл және оны баптау' (9-сынып)

Сабақ жоспары 'Файл және оны баптау' (9-сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

9 -сынып

Пән: информатика Күні: ______._______20 ж. Тексерілді:_____________

Сабақтың тақырыбы: Файл және оны баптау

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Паскаль тілінің қарапайым операторлары туралы түсінік бере отырып оқушыларды программа құруға үйрету.

Дамытушылығы: Паскаль тілінің қарапайым операторларына есептер шығара отырып оқушылардың ой-өрісін, білім білік дағдыларын қалыптастырып, алған білімдерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа адамгершілікке патриоттыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: практикалық сабақ

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру

2. Өткен материалды қайталау

3. Жаңа сабақты түсіндіру

4. Сабақты бекіту

5. Үйге тапсырма

Өткен материалды қайталау сұрақтары

  • Оператор дегеніміз не, олар қандай топтарға жіктеледі?

  • Меншіктеу операторы қандай қызмет атқарады?

  • Көшу операторы не үшін қажет?

  • Енгізу және шығару операторларының атқаратын негізгі міндеттері қандай?

  • Енгізу операторының жалпы форматы қандай?

  • Шығару операторының жалпы форматы қандай?

Файл дегеніміз - мәліметтер сақтауға арналған сыртқы тасымалдаушыдағы жадының ат қойылған аймағы (бөлігі).

File (ағылшын тілінен аударылғанда) бума, іс қағаздар жинағы, сонымен қатар ақпаратты сақтау деген мағынаны білдіреді.

Pascal-да файлдарды екі негізгі белгісі бойынша топтастыруға болады:

файлдың типі бойынша (оның логикалық құрылымына )

файл элементтеріне қатынау тәсілі бойынша

Типтері бойынша файлдар шартты тұрде үш түрге бөлінеді:

мәтіндік файл;

типтік файл;

типтік емес файл.

Біз көбінесе мәтіндік және типтік файлдармен жұмыс істейміз.

Қатынау тәсілі бойынша файлдар келесідей бөлінеді:

Тікелей қатынау файлдары

Кезекпен қатынау файлдары

Олардың айырмашылығы тікелей қатынау файлдарында арнайы

процедуралар және функцияларды пайдалана отырып, мәліметтерді, олардың файлдағы орнына тәуелсіз, оқуға немесе жазуға болады, ал кезекпен қатынау файлында оның ортасында немесе соңында тұрған мәліметті оқу үшін, оның алдындағы мәліметтердің барлығын оқуға тура келеді. Мәтіндік файлдар кезекпен қатынау файлдарына жатады, ал типтік файлдар тікелей қатынау файлдарыа жатады.

2. Мәтіндік файлға мәліметтер жазу.

Бір өлшемді массив.

Ең қарапайым файл типі мәтіндік файл болып табылады. Бұл файлдағы мәліметтер типтік және типтік емес файлдардағыдай машиналық кодта емес, сан, әріп және басқа пернетақта символдары түрінде (ASCII кодында) беріледі. Сондықтан мұндай файлдар мазмұны оңай қаралады, оңай өзгереді және оларды кез келген мәтіндік редактордың, соның ішінде Borland Pascal ортасының да көмегімен өзгертуге болады. Өздеріңіз білетіндей 2.1.2.-ні қара, мәтінді теру кезінде жаңа жолды енгізу үшін "Enter" пернесін басу керек, осы кезде арнайы код гинерацияланады-ол жол соңы коды, ал файлды сыртқы сақтау құрылғысына жазған кезде де арнайы код гинерацияланады-ол файл соңы коды. Мәтіндік файлды оқығанда бұл кодтар көрінбейді.

Сабақты бекіту сұрақтары

  • Программа әрбір жолдан кейін қандай тыныс белгі қойылады?

  • Программа қандай оператормен басталады?

  • Writeln операторының қызметі қандай?

Үйге тапсырма: Файлдармен жұмыс



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал