7


  • Учителю
  • 3D кітапша жасауда виртуалды сабақ

3D кітапша жасауда виртуалды сабақ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Таудаева Рита Мұратқызы. БҚО, Ақжайық ауданы, 3D кітапша жасауда виртуалды сабақ

Базартөбе ОЖББ мектебінің информатика пәні мұғалімі

Пәні: Информатика

Сабақтың тақырыбы: 3D кітапша жасауда виртуалды сабақ.

Сабақтың мақсаты: Интернетті пайдалану арқылы он-лайн режимінде алған білімдерін нығайту, тиянақтау, шығармашылықпен жұмыстану, өз ойлары мен қабілеттерін дамыту және пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;

Сабақтың түрі: виртуалды сабақ (дәстүрден тыс интиерактивті on-line)

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, топтық, машықтық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: ноутбук, интерактивті тақта, интернет.

Саба қтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, оқушыларды топтарға бөліп отырғызу. Қағаз қиындыларынан «Модем» және «Браузер» суреттерін құрастыру арқылы 2 топқа бөлінеді. Әр топ өз тобының аталуына қысқаша сипаттама береді.

Мұғалім:

Қазіргі таңда жас ұрпаққа кез-келген пәнді ұғындырудың тиімді жолы - жаңа технология негіздері. Әрбір оқушыға саналы да сапалы білім беру- бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Ендеше сабағымызды «Ақпараттық технологияны қолдана білу - біздің міндетіміз.» деген сөзбен бастағым келіп отыр.

Біздер әдетте оқушыларға әртүрлі шығармашылық жұмыстар немесе рефераттар жазуда кішігірім зертеу жұмыстарын үйге беретін кезіміз болады. Сол кезде оны 3D кітап ретінде безендіруге болады. Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «3D кітапша жасауда виртуалды сабақ». Бұл қашықтан жасалатын онлайн сервис. Осындай мақсатта мультимедиалық технологияны пайдалана отырып он-лайн сабағымызды бастайық.

Сабақтың қарастыратын мәселесі - интернет желісін пайдаланып, он-лайн сайттармен жұмыстану және оның элементтерімен танысып, мүмкіндіктерін қолдану.

ZooBurst.com сайтымен жұмыс. Он-лайн түрде тіркеліп, сайтқа ену.

Оқушының (оқушылардың) алдына мынадай міндет қойылады:

Өздерінің электрондық пошталарын білу және шағын қазақ ертегілерін дайындап келу.

Мұғалім оқушыға (оқушыларға) ұсынады:

  1. Сайтқа тіркелу жолы мен ену жолын он-лайн түрінде таныстыру.

  2. Тіркеліп болған соң он-лайн режимінде кітапша жасау рәсімдерін үйрету.

  3. Кітапша жасап болғаннан кейін оны сақтап, Share батырмасын басу арқылы көрсетілген сілтемені көшіріп, мұғалімнің электронды поштасына жіберуді түсіндіру.

Тақырыппен жұмыс (Мұғаліммен бірге жұмыстану).

  • Google браузеріне ZooBurst.com деп жазып, сайтқа кіру.

  • Тіркелу жолы сайттың оң жағындағы ''Register'' басамыз.

3D кітапша жасауда виртуалды сабақ























  • Қысқаша формасы бойынша толтыру (аты, тегі, бүркеншек аты, электрондық пошта, туған жылы, білім беру саласына қатысы, автоматты тіркеуден қорғанатын қапша және сонда көрсетілген санды енгізу, сервистің ережесімен келісу туралы ақпараттарды беру).

3D кітапша жасауда виртуалды сабақ3D кітапша жасауда виртуалды сабақ

























  • Әрі қарай білім беру саласына қатысы барма? - дегенге ия яғни, «Yes» басу.

3D кітапша жасауда виртуалды сабақ



  • Автоматты тіркеуден қорғанатын қапшада көрсетілген санды енгізіп «Sign up» басу.

3D кітапша жасауда виртуалды сабақ



















  • Тіркеліп болған соң мұғалімнің жеке аккаунты мен оқушының (студенттің) жеке аккаунты деген екі шертпе бар. Оқушы өзіне қатысты аккаунт таңдайды. 3D кітапша жасауда виртуалды сабақ











  • Электронды поштамызды жазып, келесі формаға электронды поштамызға келіп түскен құпия сөзді енгізуімізге болады. Ену батырмасымен жалғастырамыз.

  • Әрі қарай әркім өз аккакунтына кіріп, бүркеншек аты, менің кітаптарым (My Books), менің сыныбыма (My Classes) жеке сыныбын ұйымдастыруға болады. Менің профилім «My Profile» дегенге өздеріңіздің суреттеріңізді қойып рәсімдеуге болады. 3D кітапша жасауда виртуалды сабақ









  • Менің кітаптарым «My Books» бөліміне кіріп, жаңа кітап «New Book» батырмасын шертеміз. Сол кезде бірінші кітаптың атауы, кітаптың сипаттамасы яғни, кітап не туралы болады? Бұл кітапты кімдер көре алады?- дегенге кез-келген бұйрықты таңдайcыздар. Пікір (коментарий) білдіре алама?- дегенге ия «Yes» немесе жоқ «No» деп жауап беріп, сақтау «Save» батырмасын басу. 3D кітапша жасауда виртуалды сабақ











  • Жаңа кітаптың бетін жүктегеннен кейін рәсімдеу кезеңдеріне көшейік. Оң жағындағы түстерден көкжиек, жер, аспан және кітап парақтарының түстерін өзгертуге болады.

Осы бетке ертегі не туралы екенін енгізуге болады.

3D кітапша жасауда виртуалды сабақ3D кітапша жасауда виртуалды сабақ

  • Әрі қарай мәтінді ерекшелеп түсін, қаріпін өзгертеміз. Бетіне түрлі нысандарды қоюға болады. Ол үшін: мына белгішені басу арқылы кез келген суретті қою.

3D кітапша жасауда виртуалды сабақ3D кітапша жасауда виртуалды сабақ

  • Сервиске жүктелген суретті екі рет шертіп кітаптың бетіне енгіземіз.3D кітапша жасауда виртуалды сабақ3D кітапша жасауда виртуалды сабақ

  • Суретті кітаптың қалаған жеріне қойып оның өлшемі, бұрылу бұрышы, көтерілу бұрышы, анимациялық жылдамдығы мен уақыты немесе аудиофайлдарды кірістіруге болады. Бұл объектіге мәтін беруге де болады.

  • Сервистің өзінің кітапханасы бар. Соның ішінен қажетті категорияны таңдаймыз.

3D кітапша жасауда виртуалды сабақ

  • Бірнеше объектіні осылай көбейтуге болады және келесі бетке өту үшін «+» батырмасын шерту арқылы парақ бетін ауыстырамыз. Әрі қарай парақтарды рәсімдей береміз. Кітапшаны рәсімдеп болғаннан кейін сақтау «Save» батырмасын басу. 3D кітапша жасауда виртуалды сабақ



  • Менің кітаптарым «My Books» бөліміне кіріп тізімдегі жаңа құрған кітабымызды шертеміз. Жүктеліп болғаннан кейін кітап бетшелерін парақтап, жұмысты аяқтаймыз. Share батырмасын басу арқылы көрсетілген сілтемені көшіріп, мұғалімнің электронды поштасына жібереміз. 3D кітапша жасауда виртуалды сабақ

3D кітапша жасауда виртуалды сабақ













3D кітапша жасауда виртуалды сабақ























Оқушыға (оқушыларға) тапсырма:

  1. Келесі элементтерді: Үйден дайындап келген шағын ертегіні диалог ретінде әр кейіпкердің суреті мен әңгімесін жазып жұмысты орындау;

  2. Үш парақтан тұратын кітапша жасау;

  3. Кітапшаны сақтап сілтемесін мұғалімнің электронды поштасына жіберу.

Оқушылардың жұмысы3D кітапша жасауда виртуалды сабақ

Браузер тобы3D кітапша жасауда виртуалды сабақ

Модем тобы3D кітапша жасауда виртуалды сабақ3D кітапша жасауда виртуалды сабақ



Сергіту сәті «Қара жорға» биі.

Бекіту кезеңі.

«Insert» әдісі. Екі топ бүгінгі өткен тақырып бойынша интерактивті тақтаға жазу керек.











Қорытынды

Оқушының компьютерлік сауаттылығын арттыруда интернет желісі кеңінен қолданылып келеді. Онлайн түрінде компьютерлік ойындарды жарнамалауға да түрлі бағдарламалармен жұмыстануға да болады. Бүгінгі таңда виртуалды сабақтарды өткізуде жаңа технологияның мүмкіндіктері дәлел болып отыр.

«Жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық» - деген сөздерді ескере отырып, бүгінгі сабағымызда тиімді әрі пайдалы шығармашылық жұмыспен шұғылдандық деп есептеймін. Осы орайда сөзімді қорытындылай келе, оқушылардың ақыл-ойы мен шығармашылық қабілетін дамытуда виртуалды сабақтарды оқыту ерекше маңызға ие деп білемін. Назарларыңызға көп-көп рахмет.

Бағалау. Мұғалім электронды поштадағы сілтемені көру арқылы екі топтың жұмыстарына электронды дыбыстық шапалақ арқылы бағалады.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал