7


  • Учителю
  • Жоспар. Компьютер әлемі 6 сынып.

Жоспар. Компьютер әлемі 6 сынып.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

№ 122 Ақжар ЖОМ. 6 сынып.

Пән мұғалімі: Сурумбаева Маржан

"Компьютер әлемі" сыныптан тыс сабақ

Мақсаты:

- Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау;

- Компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.

Сабақтың барысы:

1. Шаттық шеңбері

2. Топқа бөліну.

3. Топтың атын қорғау.

4. Өткен тақырыптарды еске түсіру, қайталау.

"Ақылды доп" әдісі.

5. Топтық жұмыс. "Адасқан пернелер"

6. Жұптық жұмыс.

7. Ойлан тап. "Есептеуіш техниканың даму тарихы"



1. Оқушылар ортаға шығып, шеңбер болып тұрады. Бір- біріне жылы лебіздерін білдіріп бүгінгі күнге сәттілік тілейді.



2. "Мозайка" әдісімен берілген қима қағаздардағы әріптер жинау арқылы 2 топқа бөлінеді.

1- топ: "Негізгі құрылғылар"

2- топ: "Қосымша құрылғылар"



3. Конверттегі компьютердің құрылғыларының ішінен өз топтарының құрылғыларын жинап, плакатқа орналастырады. Топ мүшелері қорғайды.

"Негізгі құрылғылар" тобы: Жүйелік блок, монитор, пернетақта.

"Қосымша құрылғылар" тобы: принтер, модем, сканер, диск, дыбыс колонкалары.



4. "Ақылды доп" әдісімен өткен тақырыптарды еске түсіру мақсатында бір-біріне сұрақтар беру арқылы жауап береді.



5. "Топтық жұмыс" әдісімен берілген конверттегі

"Адасқан пернелерді" жинап, олардың қызметіне тоқталады.





6. Жұптық жұмыс: «Кім жылдам?»

Берілген мәтінді 3 минуттың ішінде компьютерге жазып болуы тиіс.

«Негізгі құрылғы» тобына:

Ақпаратты жеткізу үшін оның түрін өзгертеді, яғни оны түрлендіреді. Ақпаратты белгілі бір алфавит арқылы құпиялап жазады. Мұндай процесті кодтау деп аталады. Бір ғана ақпаратты әр түрлі әдістермен ұсынуға болады. Бір белгі тобынан екінші белгі тобына көшіру ережесін код деп аталады. Кодтауға қолданған алфавиттің әріптері неғұрлым аз болса, кері кодтау құрылғысы соғұрлым қарапайым болады.



«Кім жылдам?»

«Қосымша құрылғы» тобына:

Берілген мәтінді 3 минуттың ішінде компьютерге жазып болуы тиіс.



Ақпараттық процестің әр түрлі сатыларында ақпарат бірнеше рет қайта кодталады, яғни өзінің ұсыну бейнесін өзгертеді. Символдардың кодталу комбинацияларының жиынтығы кодтау кестесі деп атайды. Ақпаратты осы екі таңбаның көмегімен кодтау оларды сақтау мен жеткізу құрылғыларының конструкциясын мейлінше жеңілдетеді.





7. "Есептеуіш техниканың даму тарихы"

2 топқа суреттер беріледі. Топ мүшелері суреттегі есептеу құралдарын ретімен қойып, оларға түсініктеме айтып кетеді.

Жоспар. Компьютер әлемі 6 сынып.Жоспар. Компьютер әлемі 6 сынып.Жоспар. Компьютер әлемі 6 сынып.Жоспар. Компьютер әлемі 6 сынып.Жоспар. Компьютер әлемі 6 сынып.

Бэббидж машинасы Билл Гейт Арифмометр Есепшот Холлерит машинасы

Жоспар. Компьютер әлемі 6 сынып.Жоспар. Компьютер әлемі 6 сынып.Жоспар. Компьютер әлемі 6 сынып.Жоспар. Компьютер әлемі 6 сынып.Жоспар. Компьютер әлемі 6 сынып.

Ада Лавлейс Калькулятор Паскаль машинасы Ноутбук Герман Холлерит





Жақсы атсалысқан топты мадақтау.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал