7


  • Учителю
  • 'Алғырлар мен тапқырлар' сайысы

'Алғырлар мен тапқырлар' сайысы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қазақ бастауыш мектебі




































2 «ә» сыныбы


,


Өткізген: информатика пәні

мұғалімі Иманжанова Л.М.



2014-2015 оқу жылы




«Алғырлар, тапқырлар» сайысы


Сабақтың тақырыбы: «Компьютердің құрылысы» тарауын қайталау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың тарау бойынша лаған білімдерін кеңейту, білік пен дағдының қаншалықты дәрежеде меңгерілгенін анықтау

Дамытушылық: әр оқушыға өз қабілеттерін ашуға ұмтылдыру

Тәрбиелік: өз бетімен ізденуге, жауапкершілікке, еңбекті сүйе білу, компьютермен жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережелерін есте сақтауға, өз уақыттарын дұрыс пайдалануға білуге тәрбиелеу.

Түрі: білім сайысы

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ойын элементі, баяндау әдісі

Сабақтың барысы:

Сайыс шарты: Сайысқа екі топ қатысады, Сайыс 8 кезеңнен тұрады.

Көрнекіліктері: интерактивті тақта, слайдтар, ДК.

Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру.

Армысыздар, бүгінгі сайысқа жиналған информатиканы сүюші қауым, ұстаздар мен оқушылар!
Олай болса сайысымызды бастаймыз.
Ал, оқушы, ұстаздар
Ортаға назар салайық
Сайыскерлер шықпақ сайысқа
Қол соғып қарсы алайық
«Компьютердің құрылысы» тарауын қайталауға байланысты оқушылар 2 командаға бөлінеді.

Сайыс сабағының бағдарламасы:
I. Таныстыру (Әр топ өздерін таныстырады)
II. «Келесі» ойыны (Сұрақтар қою)
III. «Құпия жәшік»
IV. «Қатені тап» ойыны
V. «Ұшқыр оймен» (Берілген әріптерден сөз құрастыру)
VI. Ребустар
VII. Қылқалам сыры (Сурет салу)
VIIІ. Қорыту. (Топты марапаттау)

Ойынымыздың алдында білім сайысының әділ мүшелерімен таныс болыңыздар. (Әділқазылар алқасының төрағасы және мүшелерімен таныстыру).

І кезең: «Таныстыру» Бұл кезеңнің шарты бойынша әр топ өзін таныстырады.

I. «Алғырлар» тобы:
Ұраны:
Болашақтың ұрпағымыз алғырлы,
Сайыста көрсетпекпіз мектепте алған білімді.
II. «Тапқырлар» тобы
Ұраны:
Тапқырлық таныту мақсатымыз,
Біліммен шықсын тек жақсы атымыз.


ІІ кезең: «Келесі».

  1. «Келесі» атты 2 - бөлімді бастайық.
    Шарты: әр топқа 5 сұрақтан қойылады. Жауабын білмесеңдер, «Келесі» деп айтасыңдар, сол кезде сұраққа келесі топтың сайыскерлері жауап береді. Әр дұрыс жауапқа топқа 5 ұпайдан қосылады.
    «Алғырлар» тобына:
    1. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (бит)
    2. Сурет салуға арналған программа (Paint)
    3. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал /компьютер/

4. Енгізу құрылғыларын ата?/сканер,пернетақта, тышқан/

5. Дүниежүзілік компьютер арасындағы байланыс (интернет)


«Тапқырлар» тобына:
1. Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым /информатика/
2. Ақпаратты қабылдайтын сезім мүшелерін ата? /көз, құлақ, мұрын, тіл, тері/
3. Компьютердің «миы» (процессор)
4. Шығару құрылғыларын ата? /монитор, принтер,
5. Қандай құрылғы ақпаратты сақтайды? /жад/
ІІІ кезең: «Құпия жәшік».

«Білекке сенген заманда - ешкімге есе бермедік,
Білімге сенер заманда қапы қалып жүрмейік», - деген Абылай ханның ойлы сөзімен келесі бөлімімізге көшейік.

Барлық командаларға бірдей жұмбақ оқытылады, әр команда жарысы жауап береді. Топтарға информатика сабағы бойынша жұмбақтар жасырылады. Ал қанеки олай болса келесі кезеңімізді бастаймыз.

1-жұмбақ
Екі батырмалы,
Бір бұрандалы.
Жалғыз өзі - ақ,
Сансыз іс тындырады. (Тышқан )
2 - жұмбақ
Ақпаратты сақтап таратқан,
Жұртты өзіне қаратқан. (Компьютер )

3 - жұмбақ
Тетігін бассаң алаңсыз,
Жазады қағаз - қаламсыз. (Пернетақта )
4 - жұмбақ
Әдетте үнсіз тұрамын
Белгі берсең ұғамын
Жазуы бар қағаздың
Құралы боп шығамын (принтер )

5 - жұмбақ
Компьютердің айнасы
Бағдарыңды таңдашы
Сурет пен сөзін көрсетіп
Тиер саған пайдасы (монитор )

6 - жұмбақ
Барлық сурет, мәтінді
Компьютерге енгізген
Керек емес жерін де
Компьютерден өшірген (сканер )

ІV кезең: «Қатені тап» ойыны.

-Бір бала компьютерде қалай жұмыс істегені жайлы әңгіме жазыпты. Сол әңгімені оқып, оның неше қате жібергенін анықтаңдар.

V кезең: «Ұшқыр оймен». Берілген әріптерден сөз құрастыру

АҚПАРАТ, КОМПЬЮТЕР

VІ кезең: «Ребустар». Суреттегі ребустар шешу.

,,,, ,, ,,,, ,, /қыс/

1.


,,,,,, ,,,, /жаз/


2.


VІІ кезең: «Қылқалам сыры». /Сурет салу/ Ағылшын тіліне аудару.

«Алғырлар» тобына:-Қыс бейнесі, қыс- winter

«Тапқырлар» тобына: Жаз бейнесі жаз- summer

VІІІ кезең: Қорытындылау. /Топты марапаттау/

Нақты білім, терең ой саналады.
Баға берер әділқазы ортамызда,
Сіздерге құрметпен қол соғылады.
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары әділ шықты.
Білім мен тапқырлардың сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты-дей отыра, әділқазыларға сөз берейік.
Әділқазылар алқасынан 8 - кезең бойынша сайыскерлердің ұпай сандарын білсек



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал