7


  • Учителю
  • CheckBox, RadioButton, RadioGroup қайтақосқыштары.

CheckBox, RadioButton, RadioGroup қайтақосқыштары.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ф.219

№14. Сабақтың технологиялық картасы (жоспары)



Пән: «Бағдарламалау тілдері»

Курс тақырыбы: 3.4 тақырып. CheckBox, RadioButton, RadioGroup қайтақосқыштары.
Сабақтың тақырыбы: №14 CheckBox, RadioButton, RadioGroup қайтақосқыштары.
Сабақтың типі: аралас

Сабақтың түрі: дәріс



Қойылған есепті шешу тәсілдерін, негізгі мәліметтер типін

Кәсіптік құзыреттілік

Есепті шешу барысында мәліметтерді басқару, бағдарламаны машина тіліне аудару мен өңдеуді жүргізу;

Барлық кезеңде (есептің қойылымынан ЭЕМ-да нәтиже алуға дейін) математикалық тәсілдер мен есептеуіш техниканы қолдану арқылы ғылым, техника, экономика және өндірістің әр түрлі салаларында міндеттерді шешу;



Сабақ мақсаттары



оқытушылық

Тәуелді және тәуелсіз ауыстырғыштар компоненттерін қолдану



тәрбиелік

Оқушыларды бірін бірі тыңдай білуге, талдау жасай білуге тәрбиелеу



дамытушылық

Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту



Пәнаралық байланысАлгоритмдеу және бағдарламалау негіздері

Курс тақырыбы: Компоненттер. Олардың қасиеттері мен әдістері. Оқиғалар, оқиғаларды өңдеушілер

Қамтамасыз етілетін

Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері

Курс тақырыбы: Графикалық әдістер.



Сабақтың жабдықталуы1. Н.С.Заурбеков «Алгоритмдеу және программалау тілдері»

Қосымша

1. Фаронов В.В., "Turbo Pascal", Москва: Высшая школа, 2007, 340с.

2. Джулиан Бахнелл. Фундаментальные алгоритмы и структуры данных в Delphi. Библиотека программиста. СПБ: Питер, 2006, 557с.





Сабақ мазмұны



Сабақ элементі, қарастырылатын сұрақтар,

оқытудың әдістері мен тәсілдері

Қосымшалар, өзгерістер

1.

Ұйымдастыру (3 мин)

  1. Кабинеттің сабаққа дайындығын тексеру

  2. Компьютерлердің сабаққа дайындығын тексеру

  3. Оқушылармен амандасу

  4. Оқушыларды түгендеу

  5. Сабақтың мақсатымен таныстыру



2.

Үй тапсырмасын сұрау (20 мин)

  1. Диаграмманың құрылуы.
  2. Индикаторлардың қолдануы.
  3. Chart - диаграмма компоненті
  4. Бейнелерді жүктеу.
  5. Бейнелерді қосу.
  6. Бейнелерді өшіру және орналастыру.
  7. Image графикалық компоненті.



3.

Жаңа сабақ (20 мин)

Курс тақырыбы: 3.4 тақырып. CheckBox, RadioButton, RadioGroup қайтақосқыштары.
Сабақтың тақырыбы: №14 CheckBox, RadioButton, RadioGroup қайтақосқыштары.



4.

Жаңа сабақты бекіту (10 мин)

  1. CheckBox компонентіне сипаттама беріңіз

  2. CheckBox компонентінің параметрлерін атап өтіңіз

  3. CheckBox компонентінің Cheked қасиетіне сипаттама беріңіз

  4. RadioGroup компонентіне сипаттама беріңіз

  5. Ауыстырғышқа арналған контейнер түрлерін атаңыз

  6. RadioGroup компонентінің Cheked қасиетіне сипаттама беріңіз



5

Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау (5 мин)



6

Үйге тапсырма беру (2 мин)

133-136 бет





Оқытушы __________ М.Ж. Аубакирова

Дәріс

Курс тақырыбы: 3.4 тақырып. CheckBox, RadioButton, RadioGroup қайтақосқыштары.

Сабақтың тақырыбы: №14 CheckBox, RadioButton, RadioGroup қайтақосқыштары.



RadioButton - қызметі басқа батырмалардың қызметімен байланысты болатын тәуелді батырма болып табылады. Егер сұхбат терезесінде бірнеше ауыстырып қосқыш пайдаланылатын болса, онда әрбір топты RadioGroup компоненті арқылы беруге болады.

CheckBox - басқаларға тәуелсіз ауыстырып қосқыш батырманы сипаттайды.

CheckBox компоненті тәуелсіз ауыстырғыш батырманы ұйымдастырады, бұның көмегімен пайдаланушы "ия/жоқ" түріндегі өзінің шешімін көрсете алады. RadioGroup компоненті, батырмалар тобынан тұрады - тәуелді ауыстырғыштар. Батырмалар тобының бір батырмасын басқан кезде, барлық қалған батырмалар сөнеді.

2.1. суретке сәйкес Label, Edit және Memo компоненттерін Формаға орналастырыңыз. Компоненттер Палитрасындағы Standard бетінен CheckBox компонентінің CheckBox, RadioButton, RadioGroup қайтақосқыштары. пиктограммасын таңдап алыңыз және Форманың керек жеріне орналастырыңыз. Объектілер Инспекторының Caption қасиетінде CheckBox1 жазуының орнына мәліметтердің бақылау нәтижесі- деп жазыңыз . Қосымшаны орындалуға жіберген кезде CheckBox батырмасы қосылған болу үшін, Checked қасиетін True- деп өзгертіңіз.

Standard Компоненттер Палитрасынан RadioGroup компонентінің CheckBox, RadioButton, RadioGroup қайтақосқыштары. пиктограммасын таңдап алыңыз және Форманың керек жеріне орналастырыңыз. Caption қасиетінде RadioGroup1 атын f(x) деп өзгертіңіз. Батырмаларды бір бағанаға орналастыру үшін, Columns қасиетін 1-ге тең деп алыңыз. "Тышқанмен" Items қасиетінің оң жағына екі рет шертіңіз - батырмалар аты тізімінің жолдық редакторы пайда болады. Екі жолға ат беріңіз: бірінші жолға- sin(x), екінші жолға - cos(x) және ОК-ны басыңыз. Осыдан кейін Формада сәйкес жазулары бар екі батырма-ауыстырғыштан тұратын топ пайда болады. Қосымшаны орындалуға жіберген кезде RadioGroup бірінші батырма қосылған болу үшін, ItemIndex қасиетін 0-ге деп алыңыз.

Тәжірибелік жұмыс

1. Жаңа жоба құрыңыз

2. Қалыптың сол жақ бөлігіне 4 CheckBox компонентін орналастырыңыз.

CheckBox, RadioButton, RadioGroup қайтақосқыштары.



3. Әр компоненттің тақырыпшасын төмендегідей өзгертіңіз

CheckBox, RadioButton, RadioGroup қайтақосқыштары.



4. Енді қалыптың оң жақ бөлігіне 4 RadioButton компонентін орналастырыңыз.

CheckBox, RadioButton, RadioGroup қайтақосқыштары.

5. Әр компоненттің тақырыпшасын төмендегідей өзгертіңіз

CheckBox, RadioButton, RadioGroup қайтақосқыштары.



6. Бағдарламаны жүктеп, компоненттердің жұмыс істеуін тексеріңіз.



Өздік жұмыс.

Тапсырма 1. Таңдалған сандар қосындысын табу бағдарламасын құру.



Қалыптың түрі төмендегідей болсын:

CheckBox, RadioButton, RadioGroup қайтақосқыштары.

«Есептеу» батырмасы басылғанда таңдалған сандар қосындысы табылып, қалыпқа шығарылуы керек. Нәтижені шығару үшін Label компонентін қолданыңыз.



Тапсырма 2. RadioButton компонентін қолданып сұхбат жасаңыз.

Бағдарламаның түрі келесідей болсын:

CheckBox, RadioButton, RadioGroup қайтақосқыштары.



«Тексеру» батырмасы басылғанда таңдалған қаланың аты бар хабарлама шығу керек. Егер қала таңдалмаған болса, онда қаланың таңдалмағыны туралы хабарлама шығарыңыз.

Хабарламаны ShowMessage(); процедурасының көмегімен шығарамыз.



Мысалы:

ShowMessage('Хабарлама'); деп жазсақ, ол бізге төмендегідей хабарламыны шығарады:

CheckBox, RadioButton, RadioGroup қайтақосқыштары.

</



Оқытушы __________ М.Ж. Аубакирова



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал