7


  • Учителю
  • Урок по информатике на тему 'Графикалық редактор'

Урок по информатике на тему 'Графикалық редактор'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: «Графикалық ақпаратты өңдеу.
7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Графикалық ақпаратты өңдеу. Paint графикалық редакторы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Paint графикалық редакторы туралы мәлімет беріп, Paint бағдарламасын іске қосу әмірлерімен, терезесінің интерфейсін және сурет салу кезеңдерін «ЖИГСО-2» әдісі арқылы меңгерту;.

Дамытушылық: Оқушылардың Paint графикалық редакторымен толық таныстыра отырып, құралдардың міндеттерін бір-бірінен айыра отырып тиянақты жұмыс жасай білу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды бірін-бірі сыйлауға, ұйымшылдықпен жұмыс істеуге, шығармашылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау технологиясының «Жигсо-2» әдісі
Көрнекі-құралдар: дербес компьютер, оқулық, жұмыс дәптері, таратпа қағаздар, суреттер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Оқушылармен аманадсу;

  • Келмеген оқушыларды белгілеу;

  • Оқушылар зейінін сабаққа аударту.


ІІ. Тренинг.
Барлық оқушылар шығып, жасырып қойған суреттерді таңдайды, таңдап алған суреті бойынша бір-бірлеріне тілек айтады. Мысалы, гүлдің суреті болса, «Гүлдей сұлу, нәзік бол», т.с.с.
Суреттерді гүлдер мен мультфильм кейіпкерлері бойынша топтастыру арқылы таңдап алған суреттері бойынша оқушыларды екі топқа бөлу.
Бағалау әдісімен таныстыру.
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Сиқырлы дорбашықтың сұрақтарына жауап беру арқылы өткен тақырып бойынша білімдері тексеріледі. Сұрақтар:

«Ақпарат» және «технология» сөзі қандай мағына береді?
Ақпараттық технологиялар дегеніміз не?

Ақпараттық технологияның мақсаты?
Ақпараттық технология құралдарына қандай құралдар жатады?
Ақпараттық технологиялардың қандай түрлері бар?
Ақпараттық төңкеріс кезеңдері атаңдар.


Дарынды оқушылар мен үйге берілген қосымша тапсырмасы «Сұхбатты» тамашалау.

IV. Жаңа тақырып.
Баспа басылымдарын, жарналамаларды, құжаттарды, хаттарды және т.б безендіру үшін компьютерлік графикалық редакторлар қолданылады. Ең қарапайым графикалық редактор арқылы сурет салуға, түрлі қылқаламды пайдалануға, суреттерді әр түрлі түске бояу, қалыңдығы мен түсі әртүрлі сызықтарды сызуға , суретке мәтін енгізуге мүмкіндік береді. Ал күрделі графикалық редакторлар суретке әр түрлі рең беруге, көлемін өзгертуге, көлеңке жасауды, суреттің бір бөлігін үлкейту, түстерді өзгерту және түзетуді және басқа да клмандаларды орындауға мүмкіндік береді.
Бүгінгі танысатын Paint қарапайым графикалық редакторы. Paint сурет салу программасы әр түрлі графикалық кескіндерді салуға, өңдеуге мүмкіндік береді.
1-топ Paint программасын іске қосу, 2-ші топ Сурет салу кезеңдерін «Жигсо-2» әдісі бойынша өздері оқулықтан топ болып меңгереді де, бір-біріне түсіндіреді.
Раіnt бағдарламасын іске қосу. Пуск => Программы => Стандартные =>
Графический редактор Раіnt
Редакторды жүктегеннен кейін экранда әдеттегідей, тақырып жолынан, меню мен жұмыс үстелінен тұратын терезе пайда болады. Менюді пайдалана отырып, терезеде құрал-саймандар тақтасын, палитраны және қалып-күй жолын жарықтандыруға болады. Егер жұмыс ортасының өлшемі терезе өлшемінен үлкен болып берілсе, онда жұмыс ортасының төменгі және оң жақтарында айналдыру жолақтары пайда болады. Қалып күй жолында меңзердің пикселдердегі координаттарын байқауға болады.

Тақырып жолы


Сурет салу кезендері
Құрал-саймандар тақтасы жұмыс аймағының сол жағында орналасады және онда мынандай құрал-саймандар бар:
- суреттің ерікті аймағын белгілеу;

суреттің тік төртбұрышты үзіндісін белгілеу;




суреттің белгілі бір бөліктерін өшіруге арналған өшіргіш;
- тұйық контурды құю;


суреттен түс таңдау;



- экрандағы бейненің өлшемін өзгертуге арналған масштаб;

- жіңішке сызықтарды сызуға арналған қарындаш;

- ерікті сызықтарды сызуға арналған кисть (қылқалам);

- түрлі түсті нүктелерді салуға арналған бүріккіш;

- мәтінді енгізу мен қалыптастыруға арналған жазу (әріптердің пішіні мәтін атрибуттарының тақтасының көмегімен өзгертіледі, ол меню арқылы шақырылады);
- түзу сызықтарды салуға арналған сызық;
қисық сызықтарды салуға арналған қисық (алдымен түзу сызық саламыз, содан кейін екі рет сызық қисықтығын береміз, бұл маустың сол жақ батырмасын басып жылжыту арқылы орындалады);

  • тікбұрыш, көпбұрыш және эллипс - қажет фигураны салуға мүмкіндік беретін құрал-саймандар, фигура дұрыс салынуы үшін (шаршы, шеңбер) маусты жылжытқанда Shift пернесін басып ұстау керек.


- салынған кескінді болдырмау үшін Сtrl+Z пернесін басу керек.

Түстер палитрасы.
Палитра жұмыс аумағынан төмен орналасқан және түсnер жиынтығъшан басқа (түрлі түсті шаршылар), негізгі және фонның түстерін көрсететін түс индикаторы бар. Түстер маус батырмасын қажетті түсте басу арқылы таңдалынады. Оң жақ батырмамен - фонның, ал сол жақ батырмамен негізгі түсті тандаймыз. Өшіргіш кескінді фон түсімен өшіреді. Тікбұрыш, көпбұрыш және эллипс тандалған режімге байланысты, фон түсімен боялуы мүмкін. Палитраны өзгерту үшін, оған маустың оң жақ батырмасымен екі рет шерту керек.
V. Сабақты бекіту.
Оқушылар, сіздердің алдыларыңыздағы қағаздарда берілген тапсырмаларды дербес компьютерді іске қоысп, орындаймыз.
Тапсырмалар:
1-ші топ: Сәйкестік тест орындайды

суреттің ерікті аймағын белгілеу;

ерікті сызықтарды сызуға арналған қылқалам

суреттен түс таңдау

экрандағы бейненің өлшемін өзгертуге
арналған масштаб
суреттің белгілі бір бөліктерін өшіруге
арналған өшіргіш;
тұйық контурды құю;

суреттің тік төртбұрышты үзіндісін белгілеу
мәтінді енгізу мен қалыптастыруға арналған
жазу
жіңішке сызықтарды сызуға арналған
қарындаш;
түрлі түсті нүктелерді салуға арналған
бүріккіш

қисық сызықтарды салуға арналған қисық

түзу сызықтарды салуға арналған сызық;
2-ші топ тапсырмасы:
Компьютерде Paint бағдарламасын ашыңдар.

  1. Терезенің элементтерін сипаттаңдар.

Бекіту сұрақтары:
Раіnt графиктік редакторының атқаратын қызметі қандай?
Раіnt графиктік редакторын қалай іске қосамыз?
Раіnt графиктік редакторының тезесінің бөліктерін атаңыз
Түстер палитрасының қызметі қандай?
Меню жолының қызметі қандай?
V. Үйге тапсырма:
4.1. тақырыпты оқу.

  • «Редактор» сөзіне ребус құрып келу


VI. Бағалау.
Оқушылардың белсенділігі мен тапқырлығы және де сұрақтарға жауап берулеріне қарай бағалау.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал