7


  • Учителю
  • Тесты по информатику на тему Программы Windows

Тесты по информатику на тему Программы Windows

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Информатика» тест



  1. Windows - бұл …

А) амалдық жүйе*

Б) қосалқы бағдарлама

В) ортақ міндеттер атқаратын қолданбалы десте

Г) кеңсе бағдарламасы





  1. Амалдық жүйе ... міндеттерін атқарады.

А) файлдарды сақтау және ұйымдастыруды қамтамасыз ету

Б) ақпаратты енгізу/шығару құрылғыларын қосу

В) компьютерлер арасында мәліметтер алмасуды ұйымдастыру

Г) пайдаланушылармен сұхбат ұйымдастыру, компьютердің құрылғылары мен қор көздерін басқару





  1. Жұмыс үстелінде стандартты түрде қандай қосымшаларының белгішелері орналасады?

А) Менің компьютерім, Себет, Тапсырмалар үстелі, Желілік орта, Internet Explorer, Бастау батырмасы*

Б) Microsoft Word, Microsoft Excel, Microsoft PowerPоint, Желілік орта

В) Microsoft Word, Microsoft Excel, Желілік орта, Шығу батырмасы

Г) Менің компьютерім, Себет, Құралдар үстелі





  1. Менің компьютерім терезесі ... бейнелейді.

А) дискілер және қосымша ақпарат сақтау құрылғыларының тізімін*

Б) компьютерлердің, файлдардың, қалталардың, басып шығарғыштардың және желінің басқа да ортақ қор

көздерінің бәрін

В) пайдаланушы қолданбайтын дискіні немесе басқа тасымалдаушыны

Г) компьютерде орнатылған бағдарламалар санын





  1. Себет деген - бұл...

А) файлдар мен қалталарды жою кезіндегі қосымша қауіпсіздік қалтасы*

Б) іздеу құралы

В) файлдар мен қалталар құрылымын иерархиялық бейнелеу

Г) файлдардың көлемі туралы мәліметтерді сақтайтын дискідегі арнайы орын





  1. Себет ... орналасқан.

А) Менің құжаттарым қалтасында

Б) Жұмыс үстелінде*

В) Ортақ құжаттар қалтасында

Г) Желілік орта қалтасында



  1. Windows терезесі - бұл ...

А) басқарушы құралдар жинағы бар бағдарламалар және құжаттармен жұмыс істеуге арналған терезе

Б) басқарушы құралдар жинағы бар Бас мәзір терезесі

В) бағдарламалар және құжаттармен жұмыс істеуге арналған Жұмыс үстелі терезесі

Г) ішкі және сыртқы құрылғылармен жұмыс істеуге арналған Тапсырмалар үстелі терезесі



  1. Құралдар үстелі - бұл ...

А) жиі пайдаланылатын әмірлердің шартты белгішелерінің батырмалары түрінде ұсынылған осы әмірлер

мәзірінің жиынтығы

Б) басқарушы құралдар жинағы бар бағдарламалар және құжаттармен жұмыс істеуге арналған терезе

В) құжаттар және олармен жұмыс істеуге арналған әр түрлі құралдары бар монитор бейне беті

Г) пайдаланушы жиі қолданатын дискі немесе басқа тасымалдаушы



  1. Әмірдің сұхбат терезесі ... бұл

А) пайдаланушы сұратқан әмірінің параметрлерін таңдайтын немесе беретін терезе

Б) басқарушы құралдар жинағы бар бағдарламалар және құжаттармен жұмыс істеуге арналған терезе

В) құжаттар және олармен жұмыс істеуге арналған әр түрлі құралдары бар монитор бейне беті

Г) ішкі және сыртқы құрылғылармен жұмыс істеуге арналған Тапсырмалар үстелі терезесі



  1. Нысанның мәтінмәндік мәзірін қалай шақыруға болады?

А) тінтуірдің сол жақ батырмасымен нысанды шертіп

Б) тінтуірдің оң жақ батырмасымен нысанды шертіп*

В) тінтуірдің ортадағы батырмасымен нысанды шертіп

Г) тінтуірдің сол жақ батырмасымен нысанды екі рет шертіп

  1. Бір ашық терезеден екінші терезеге ... өту керек.

А) Тапсырмалар үстелінде керекті терезенің батырмасын басып*

Б) Бастау батырмасын басып және керекті терезені таңдап

В) Файл мәзірін ашып және керекті терезені таңдап

Г) Түр мәзірін ашып және керекті терезені таңдап



  1. Windows бағдарламаларының көпшілігін ... іске қосуға болады.

А) Бастау мәзіріндегі Құжаттар ішкі мәзірін, содан кейін бағдарламаның өзін таңдап

Б) Бастау мәзіріндегі Баптау ішкі мәзірін, содан кейін бағдарламаның өзін таңдап

В) Бастау мәзіріндегі Бағдарламалар ішкі мәзірін таңдап және бағдарламаны таңдап

Г) Бастау мәзіріндегі бағдарламаны таңдап



  1. Windows амалдық жүйесінде жұмысты дұрыс аяқтау үшін ...

А) бағдарламаның бәрін жауып, Бастау әмірін таңдау және Өшіру батырмасын басу керек*

Б) бағдарламаның бәрін жауып, Өшіру батырмасын басу керек

В) Бастау мәзірінен Өшіру әмірін таңдау керек

Г) Power батырмасымен компьютерді өшіру керек



14. Windows-тың қалыпталған бағдарламалары болып ... саналады.

А) Paint сызбалық өңдегіші, Microsoft Word, Microsoft Excel, Microsoft PowerPoint бағдарламалары

Б) Microsoft Word, Microsoft Excel, Microsoft PowerPoint бағдарламалары

В) Paint,Есептегіш,Блокнот, WordPad, Microsoft Word, Microsoft Excel, Microsoft PowerPoint бағдарламалары

Г) Paint сызбалық өңдегіші, Есептегіш, Блокнот, WordPad бағдарламалары



15. Блокнот бағдарламасы ... арналған.

А) мөлшері үлкен мәтіндерді теру, .doc кеңейтімі бар құжаттарды қарап шығуға және өңдеуге

Б) мөлшері үлкен мәтіндерді теру, .txt кеңейтімі бар құжаттарды қарап шығуға және өңдеуге*

В) .bmp типті сызбалық файлдарды қарап шығуға және өңдеуге

Г) .ppt кеңейтімі әлдеқашан бар құжаттарды өңдеуге



16. Блокнот бағдарламасын іске қосу үшін ... керек.

А) Бастау мәзірінен тізбекті түрде Бағдарламалар - Microsoft Offiсe әмірін таңдау немесе .txt кеңейтімі бар

файлды екі рет шерту

Б) Бастау мәзірінен Бағдарламалар - Қалыпталған әмірін таңдау, .txt кеңейтімі бар файлды екі рет шерту

немесе Бастау мәзірінен Жегу әмірін таңдап, notepad әмірін енгізу*

В) тек қана Бастау- Жегу тармағынан notepad әмірін екі рет шерту

Г) тек қана .txt кеңейтімі бар файл бойынша екі рет шерту



17. WordPad бағдарламасы ... арналған.

А) мөлшері онша үлкен емес құжатты әзірлеу және қарап шығу, .txt кеңейтімі мәтіндік құжаттарды

пішімдеуге және өңдеуге*

Б) .bmp типті сызбалық файлдарды қарап шығуға және өңдеуге

В) көлемі шектелмеген құжатты әзірлеу және қарап шығу, .doc кеңейтімі мәтіндік құжаттарды, сондай-ақ

.txt кеңейтімі Блокнот бағдарламасының құжаттарын пішімдеуге және өңдеуге

Г) .doc кеңейтімі әлдеқашан бар құжаттарды өңдеуге



18. WordPad бағдарламасын ... іске қосуға болады.

А) Бастау - Баптау - Басқару үстелі әмірлерін тізбекті түрде орындап

Б) .ppt кеңейтімі бар файлды екі рет шертіп

В) Бастау - Бағдарламалар - Қалыпталған әмірлерін тізбекті түрде орындап*

Г) Бастау -Баптау - Қалыпталған әмірлерін тізбекті түрде орындап



19. Paint сызбалық өңдегішінің көмегімен ... болады.

А) қарапайым сызбалық кескіндерді әзірлеуге және өңдеуге*

Б) мәтіндік ақпараттың түрі мен сызылымын өңдеуге

В) сызбалық нысандардың жан бітірімін баптауға

Г) сызбаны, диаграмманы әзірлеуге және өңдеуге



20. Windows Бас мәзірін ... ашу керек.

А) Менің компьютерім батырмасын басып

Б) Бастау батырмасын басып*

В) Файл батырмасын басып

Г) Power батырмасын басып







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал