7


  • Учителю
  • Файлдар, бумалар және белгішелер. Бумалар мен белгішелерді құру. Атын өзгерту

Файлдар, бумалар және белгішелер. Бумалар мен белгішелерді құру. Атын өзгерту

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Файлдар, бумалар және белгішелер. Бумалар мен белгішелерді құру. Атын өзгерту.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік Оқушыларға файлдар, бумалар және белгішелер. Бумалар мен белгішелерді құрумен таныстыру және атқаратын қазментерін түсіндіру.

Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, пәнге деген қызығушылығьш арттыру.

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік кабілеттерін дамыту,

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьтер,оқулық,жұмыс дәптері

Сабақтың өту барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4.Тапсырмаларды орындау.

5.Сабақты бекіту.

6.Үйге тапсырма беру

І.Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу.

2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

3. Оқушыларды түгендеу, назарларын сабаққа аудару.

ІІ.Үйге берілген тапсырманы тексеру кезеңі:

Жұмыс үстелі деген не?

Есептер тақтасы қайда орналасқан

Бастау батырмасы не үшін керек?

Есептер тақтасының қызметі не?

ІІІ.Жаңа тақырыпты түсіндіру

Компьютердегі ақпарат белгілі бір тәртіппен орналасады. Ол тәртіп файлдық жүйе деп аталады.

Файлдық жүйеде жасалатын әрекеттер:
1. Файлдық жүйе бойынша іздеу

2. Қосымшаларды іске қосу және құжаттарды ашу

3. Бумалар құру

4. Бумалар мен файлдарды көшіру

5. Бумалар мен файлдардың орынын ауыстыру

6. Бумалар мен файлдарды өшіру

7. Бумалар мен файлдардың атын өзгерту

8. Жарлықтар құру


Файл деп логикалық байланысқа ие сыртқы жадының мәліметтер немесе программалар жиынтығы орналасқан , өз алдына дербес аты бар атаулы бөлігін айтады. Құрылған файлға ат беріледі және ол файлдық жүйеге тіркеледі. Файлдың аты екі бөліктен тұрады: файлдың атауы және файлдың кеңеймесі (типі), олар бір-бірінен нүкте арқылы ажыратылады.
Бума (папка, каталог) - бір дискіде орналасқан, белгілі бір қажеттілік бойынша бір топқа біріктірілген файлдар жиынтығын атау үшін қолданылатын Windows жүйесінің негізгі объектілерінің бірі. Мұндай қызмет атқаратын объектіні MS DOS жүйесінде каталог деп атаса, қазіргі Windows жүйесінде бума деп атайды. Бумада тағы да басқа бумалар , файлдар орналасуы мүмкін. Бумалардың қызметі- есте сақтау құрылғыларында сақталатын өте көп файлдардың арасынан қажет файлды тез іздеп тауып алу үшін, оларды белгілі бір ретпен бағынышты немесе сатылы иерархиялық құрылымда орналастыру.

Жарлық (Ярлык)- нақты бір объектіге апаратын жол (маршрут, путь) сақталатын, бір килобайт көлеміндегі шағын файл. Жарлықтар да қажет объектілерді жылдам тауып алу үшін қолданылады

Файлдың аты екі бөліктен тұрады. Сол жақ - аты, оң жақ - кеңеейтілуі.

Бумалар ақпартаттарды реттеу үшін құралады.


Нысандардың атын алмастыру.

Нысанның атын алмастыру үшін нысанның контекстік мәзірін қолданады. Одан переименовать бұйрығын таңдау керек.

Бірден бірнеше нысанның атын алмастыруға болмайды.

Сабақты бекіту кезеңі:

  1. тапсырма.

Жаңадан қапшық құрыңыз.
Атын "Суреттер" деп өзгертіңіз.
Ішіне суреттерден құралған бірнеше файлды
Жылжытып,көшіріп алып келіңіз

2-тапсырма.

Сілтеуіш программасымен жұмыс жасау.
1. Сілтеуіш қосымшасын немесе программасын іске қосыңыз.
2. Сілтеуіш қосымшасының терезесіндегі мәзірдің командаларымен танысыңыз.
3. Сілтеуіш қосымшасының терезесіндегі панельдердің көмегімен дискілердің мазмұнын қараңыз, қасиеттерімен танысыңыз .
4. Ағымдағы жұмысшы дискінің түпкі каталогында бума құрыңыз, оған ат ретінде өз фамилияңызды беріңіз.
5. Құрған бумаңыздың көшірмесін Жұмыс үстеліне бірнеше тәсілді пайдаланып орналастырып көріңіз.
6. Справка.txt құжатыңызды түпкі каталогтағы өз бумаңызға көшіріңіз.
7. Жұмыс үстеліндегі бумаңыздың атын өзгертіңіз.
8. Жұмыс үстеліндегі аты өзгертілген буманы диск түпкі каталогына апарып орналастырыңыз.
9. Справка.txt құжатты аты өзгерген бумаға көшіріңіз.
10. Аты өзгерген буманы жойыңыз.
11. Дискі түпкі каталогындағы doc. (*.doc) кеңеймелі файлдарды іздеңіз

Үйге тапсырма: Өткен тақырыпты оқып, мазмұдап келу.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал