7


  • Учителю
  • Қарапайым графикалық редакторы. Сурет салу, сақтау және ашу

Қарапайым графикалық редакторы. Сурет салу, сақтау және ашу

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

</ Пән аты: Информатика Бекітемін ................................

Сабақ ____ Сынып: ______ Мерзімі_________ Пән мұғалімі............................

Сабақтың тақырыбы: Қарапайым графикалық редакторы. Сурет салу, сақтау және ашу. Графикалық редактордың сурет салу құралдары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға сурет салуды, Сақтауды, ашуды және суретке мәтін

енгізуді үйрету. Сурет салу құралдарымен таныстыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды тәрбиелікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету. Дамытушылық: Оқушыларға жаңа тақырып бойынша практикалық жұмыстар жасату арқылы білімдерін, ойлау қабілетін арттыру.

Сабақтың түрі: лекция сабақ

Сабақтың типі: аралас сабақ

Технология: саралап оқыту технологиясы

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, слайдтар, оқулық, жұмыс дәптері

Сабақтың өту барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: (3мин)

1.Оқушылармен сәлемдесу;

2.Сынып тазалығына көңіл бөлу;

3.Оқушыларды түгендеу;

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: (8мин)

Өткен материялды қайталау сұрақтары:

  • Алгоитм дегеніміз не?

  • Алгоритм қасиеттері қандай?

  • Алгоритмдік тіл деп нені айтады?

  • Программалау тілдері деп қандай тілдерді айтады?

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру: (15мин)

Графикалық редактор дегеніміз Графикалық бейнелерді құруғ және өзгертуге арналған программа.

Paint (ағлышынша сурет, сурет салу )

Paint графиктік редакторы іске қосу:

Windows жүйесінде Іска қосу (пуск) - Программы - Стандартные - Раіnt редактор . Редакторды жүктегеннен кейін экранда әдеттегідей, тақырып жолынан, меню мен жұмыс үстелінен тұратын терезе пайда болады. Менюді пайдалана отырып, терезеде құрал-саймандар тақтасын, палитраны және қалып-күй жолын жарықтандыруға болады. Егер жұмыс ортасының өлшемі терезе өлшемінен үлкен болып берілсе, онда жұмыс ортасының төменгі және оң жақтарында айналдыру жолақтары пайда болады. Қалып күй жолында меңзердің пикселдердегі координаттарын байқауға болады.

СУРЕТ САЛУ КЕЗЕҢДЕРІ

Құрал-саймандар тақтасы жұмыс аймағының сол жағында орналасады және ол мынадай құрал-саймандары бар.

--суреттің ерікті аймағын белгілеу.

--суреттің тік төртбұрышты үзіндісін белгілеу

--суреттің белгілі бір бөліктерін өшіруге арналған өшіргіш

--тұйық контурды құю

--суреттен түс таңдау

--экрандағы бейненің өлшемін өзгертуге арналған масштаб

--жіңішке сызықтарды сызуға арналған қарындаш

--ерікті сызықтарды сызуға арналған кисть

--түрлі түсті нүктелерді салуға арналған бүріккіш

--мәтінді енгізу мен қалыптастыруға арналған жазу

--түзу сызықтарды салуға арналған сызық

--қисық сызықтарды салуға арналған қисық

--тікбұрыш көпбұрыш және эллипс- қажет фигураны салуға мүмкіндік беретін құал-саймандар фигура дұрыс салынуы үшін мауысты жылжытқанда шифт нернесін басып ұстау керек

--салынған кескінді болдырмау үшін пернесін басу керек

Суреттерді қалай сақтайды:

Суретті келешекке тағы да қолдану үшін сақтаймыз. Раіnt графиктік редакторында файлдың кеңейтілуі.

Сақтау әрекеті былай орындалады: Файл - Сохранить как (Файл - Сохранить) және CTRL+ S пернесін басу арқылы.

Сақталған суретті ашу: Файл открыть командасын орында және CTRL+ О пернесін басу арқылы.

Суретке мәтіндер енгізу:

  1. Надпись құралының батырмасын шертеміз.

  2. Мәтін енгізетін аймақты таңдаймыз.

  3. Мәтінді енгіземіз.

  4. Егер шрифті құрал-саймандар тақтасы жоқ болса, оны Вид-Панели атрибутов текста командасы арқылы қосамыз.

Paint графикалық редакторының құралдары

Paint графикалық редакторында 16 құрал пайдаланылады.Құралдарды пайдалану үшін қажетті құралдың үстінде маус нұсқағышын шертеміз, таңдалған құрал бойынша жұмыс алаңында сурет саламыз. Құрал міндетін білу: кез- келген құралдың үстіне маус нұсқағышын орналастырамыз сол кезде ішінде жазуы бар кішкен төрт бұрыш пайда болады, ол жазу құралдың атқаратын қызметін білдіреді.

Paint құралдары:

Қарапайым графикалық редакторы. Сурет салу, сақтау және ашу



ІV. Сабақты бекіту сұрақтары: (6мин)

  • Сурет салу әдістері қалай орындалады?

  • Суреттерді сақтау командасы қалай орындалады?

  • Сақталған суреттерді ашу командасы қалай орындалады?

  • Суретке мәтінді қалай енгізуге болады

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс; (10мин)

1. Жаңа сурет салыңдар(өз үйлеріңді)/Рaint →Құру батырмасы/

2.Сурет салу аймағындағы маркерлерді/кішкене тіктөртбурштарды/ жылжыта отырып, суре салыңдар.

3.Әртүрлі түстерді таңдаідар.

4.Қылқалаиды, қарындаш сайманын, Әртүрлі фигураларды пайдаланып салңдар.

5.Суретке мәтін енгізіңдер.

6.Суретті өз бумаларыңда /менің үйім/ деген атпен сақтаңдар.

V. Оқушыларды бағалау( 2мин)

VІ. Үйге тапсырма: (1мин) Тақырыпты оқып дәптерлеріңе еркін тақырыпта сурет салыңдар. Қайталап оқып келу.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал