7


  • Учителю
  • Планирование по информатики на тему 'Пернетақта' (5-сынып)

Планирование по информатики на тему 'Пернетақта' (5-сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Пернетақта

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Дербес компьютердің енгізу-шығару құрылғыларына жалпы шолу. Пернетақтамен танысу.

Дамытушылық: Пернетақтадағы пернелердің қызметімен таныстырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын дамыту.

Тәрбиелік: Дербес компьютердің негізгі құрылғылармен ұқыпты жұмыс жасауға баулу.

Сабақтың типі: баяндау, көрсету, практикум.

Көрнекілік: слайдтар, электрондық оқулық, үлестірмелі карточкалар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу

2. Оқушыларды топқа бөлу

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

1-топқа жүйелік блоктың ішкі құрылғылары

2-топқа ақпаратты енгізу құрылғылары

3-топқа ақпаратты шығару құрылғылары

Үй тапсырмасын қорытындылау


ІІІ. Жаңа сабақты түсіну

І. Оқушылар өздігінен электрондық оқулықтан жаңа сабақпен танысады.


Пернетақта - компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы.

Қазіргі компьтерлік пернетақтасында 101 немесе 105 перне болады. Пернелер бірнеше блокқа бөлінеді:

  • Символдық пернелер

  • Функционал пернелер

  • Меңзерді басқарушы пернелер

  • Цифрлық пернелер

Символдық пернелер, олар пернетақтаның ортасында орналасқан және негізгі бөлігі болып табылады. Бұл пернелер көмегімен кез келген алфавитті-цифрлық ақпаратты енгізуге болады. Пернетақтаның бұл бөлігінде латын, орыс, қазақ әріптері, тыныс белгілері және басқа да символдары бар пернелерден тұрады.

Функционал пернелер, бұлар символдық пернелердің үстіндегі жолға орналасқан. Олар латынның F (F1,F2….F12) әрпімен белгіленген. Функционал пернелер компьютердің күрделі операцияларын тез орындау үшін қолданылады.

Нұсқаушы немесе меңзерді басқарушы пернелер, меңзер дегеніміз экранда (сызықша түрінде) жыпылықтап тұратын символ. Ол символдық пернені басқанда, символ пайда болатын орынды көрсетеді. Бұл пернелер символдық пернелердің төменгі оң жағында орналасқан, олардың үстінде стрелкалар салынған. Олар меңзерді экранда жылжытуға арналған.

Цифрлық пернелер. Пернетақтада оң жақта орналасқан. Бұлардың көмегімен цифрлық ақпараттарды компьютерге енгізуге болады.


ІІ. Электрондық оқулықтан тапсырманы орындау

Пернелердің қызметін дұрыс табу


ІV. Практикалық жұмыс

«Блокнот» программасында үлестірмелі карточкадағы сұрақтарға жауап жазады.

Сергіту сәті. Жұмбақ шешу

  1. Экранның бетінде оның тұрағы,
    Қашан болсын жыпылықтап тұрады (меңзер)

  2. Ұзынтұра жалқаубек,
    Тұрмай ылғи жатады.
    Қозғала қалса артынан,
    Ешбір белгі қалмайды. (бос орын пернесі)

  3. Пернетақта ауылында тұратын,

Пернелік деген атаның

Бар екен 12 ағайынды

Немерелі алғашқы

Есімдері де өздерінің бір қызық

Тек қана F(эф) әрпімен басталады. (функционалдық пернелер)


  1. Ақпарларды қағазға шығарады,
    Бұл құрылғы қалай деп аталады? (принтер)

  2. Ақпартты қағаздағы
    Компьютерге енгізеді.
    Егер білсең айта ғойшы,
    Бұл қандай құрылғы. (сканер)


V.Сабақты бекіту.

Сәйкестігін тап:

1

Пернетақта қандай құрылғы?


А

Символдық


2

Латын, орыс, қазақ әріптері қандай пернелерге жатады?

В

Ақпаратты енгізу


3

F1,F2….F12 пернелерді қандай пернелер деп атаймыз?

С

Bacs Delete

4

Символды өшіретін пернелер

Д

Caps Lock, Shift

5

Бас әріппен жазу үшін қолданылатын пернелер

Е

Функционалдық (қызметтік)


VІ. Оқушылар білімін бағалау

Сабаққа белсене қатысып, сұрақтарға жауап беріп, тақтаға шыққан оқушылар бағаланады.

VIІ.Үйге тапсырма

1.Оқулықтын 42 беттегі 2.2 тақырып бойынша пернетақта туралы түсініп оқу.

2.Арнайы пернелерді және олардың қызметін дәптерге жазу.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал