- Учителю
- Презентация о программе Blender 2.65
Презентация о программе Blender 2.65
Күні:
Сынып: 10 «а,б»
Сабақтың тақырыбы: Графикалық әдістер мен процедуралар (2 сағат)
Сабақтың мақсаты: VisualBasic те графикалық файлдарды қолдануға, әдістерді пайдалана білуге, процедураларды жаза үйрету.
Ә) есте сақтау, ойлау, шығармашылық қабілетін дамыту
Б) әдістердің атауын сауатты жазуға, жоба құруда бағдарламаны дұрыс пайдалануға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Өткен сабақты қорытындылау мақсатында сұрақтар қою:
1. Қарапайым программалардың қатесін қалай тексеруге болады ?
2. Қатені тексеру мен қадамдық әдіспен тексерудің қандай айырмашылықтары бар ?
3. Программада қандай қателер болады ?
4. Программада қатенің неше түрі болады ?
ІІІ. Жаңа сабақ
VisualBasic тілі графикалық файлдарды қолданудың 3 тәсілін ұсынады:
-
Кез келген графикалық редакторда салынған суреттердә және компьютердің жадында
сақталған графикалық файлдарды көшіріп немесе адресі бойынша сілтеме жасау арқылы пішінге PictureBox графикалық терезесіне файлдарды кірістіруімізге болады.
-
ToolBox құрал - саймандар тақтасынан Line(сызық) және Shape (фигура) басқару элементтерін кірістіру арқылы.
-
Пішін мен PictureBox нысандарына графикалық әдістер арқылы нүкте, сызық, төртбұрыш, шеңбер, эллипс, бұрыш, доғалар салуға болады. Графикалық пішіндерді салу үшін графикалық әдістер қолданып, процедура жазамыз.
Scale әдісі жаңа координаталарды ұсынады. Scale әдісін қолданғанда PictureBox пен пішін абсолютті координатаға ие болады, олардың өлшемі (ені мен биіктігі) арнайы тип өлшем бірлігіміен өлшенеді.
Scale әдісінің жазылуы
[нысанның аты] Scale (Х1, Ү1) - (Х2, Ү2)
Scale әдісіндегі Scale әдісіндегі жылжыған
координаталар жүйесі нысанның координаталар жүйесі
Х1, Ү1 - нысанның сол жақ жоғары бұрышының координатасы, Х2, Ү2 - нысанның оң жақ төменгі бұрышының координатасы. Мысалы: Picture1.Scale(-10,5) - (10,5)
Pset әдісі нысанға нүкте салуға мүмкіндік береді, Pset әдісінің жазылуы
[нысанның аты]. Pset(Х, Ү) [, түсі]
Мұнда нысанның аты көрсетілмегендіктен Pset әдісі пішінге қолданылады, (Х, Ү) нысанға орналасатын нүктелер координатасы, түсі Long типімен кодталады.Егер түс берілмесе, ForeColor қасиеттер мәнімен сәйкестендіріледі, нысанның DrawWidth қасиеті арқылы нүктенің өлшемін өзгертуге болады. DrawWidth қасиетінің мәні бүтін сандар бола алады 1, 2, 3 үнсіз келісім бойынша 1 - ге тең. Мысалы, Picture1. DrawWidth=2
Line әдісі нысанға түзу сызықтар және іші боялған немесе боялмаған төртбұрыштар салады.
Line әдісінің жазылуы:
[нысанның аты] .Line (Х1, Ү1)-(Х2, Ү2) [ , түсі] [, белгі]
Мұнда бірінші төртбұрыш, екінші іші боялған төртбұрыш салынады. Егер В белгісі қолданса, төртбұрыштың іші болямаған, қасиетті автоматты түрде FillStyle=1 (transparent) қабылдайды. Егер бұл қасиетті өзгертетін болсақ, онда төртбұрыштың іші боялады, қасиеті
FillStyle=0 [, ][, белгі ] ,белгі болып түсі болмаса, үтірді алып тастауға болсайды, онда белгі түс ретінде қабылданады. Сызықтың немесе төртбұрыштың контурларының қалыңдығын DrawWidth қасиеті арқылы өзгертуге болады.
Белгі дегеніміз - B немесе BF символдары.
Сircle әдісі нысанға шеңбер, доға, эллипс, сектор салу үшін Сircle әдісін қолданамыз.
Сircle әдісінің жазылуы:
[нысанның аты] Сircle (Х, Ү), радиус [, түсі ] [, 1 - ші бұрыш, 2 - ші бұрыш ]
[, сығу коэффиценті ]]]
Мұнда нысанның аты көрсетілмегендіктен пішінге Сircle әдісін қолданады., мұндағы (Х, Ү)- шеңбердің немесе эллипстің центрлік нүктесі, түсі Long саны бойынша кодталады, егер түс берілмесе ForeColor қасиетімен сәйкестендіріледі, 1 - ші бұрыш, 2 - ші бұрыш дегеніміз - доға мен шеңбердің бастапқы және соңғы бұрыштары, өлшем бірліктері 0 - ден 2 - ге дейінгі интервалда радианмен өлшенеді. Егер бұрыштың мәні 0 - ге тең емес және алодында минус таңбасы тұрса, онда доға емес сектор сызылады. Доға немесе сектор сызғанда қозғалыс сағат тіліне қарсы бағытта жүреді, сонымен бірге шеңбер немесе эллипс сызылғанда бұрыштар мәні жазылмайды.
Сығу коэффиценті дегеніміз - ол таңба.
Егер берілген мән 1 - ден үлкен болса, онда вертикаль бойынша сыозылған эллипс сызылады, берілген мән 1 - ден кіші болса , горизонталь созылған эллипс сызылады, яғни созу дәрежесі сығу коэффицентімен анықталады. Сығу коэффиценті болмаса, онда шеңбер сызылады.
Түс беру
VisualBasic программасында 8 тұрақты сандар арқылы түс беруге болады.
</ QBCOLOR функциясы арқылы түс беру
QBCOLOR функциясы 0 - ден 15 - ке дейінгі диапазонды қамтитын бүтін сандар С аргументінен тұрады. Берілген сандық мәнді түстер (сандық типті Long болатын) кодын қайтарады.
Мысалы: QBCOLOR (13) - Күлгін (vbMagneta)
Компьютердегі тәжірибелік жұмыс.
1. Пішінге Command Button батырмасы мен PictureBox батырмасын кірістіріңдер, төмендегі процедураны теріңдер.
Private Sub Command1_Click()
Picture1.Scale(-15,15)-(15, -15)
Picture1.DrawWidth=15
Picture1.Pset(0, 0), vbRed
Picture1.Pset(-8,8)
Picture1.Pset(8, -8)
End Sub
2. Private Sub Command1_Click()
Picture1.Scale(-15,15)-(15, -15)
Picture1.DrawWidth=3
Picture1.Line (-10, 10) - (10, -10)
Picture1.Line (0, 0) - (10, 10), , B
Picture1.FillStyle=0
Picture1.FillColor=vbGreen
Picture1.Line (-8, -5) - (8, - 8), vbWhite, B
End Sub
3. Private Sub Command1_Click()
Picture1.BackColor=vbWhite
Picture1.DrawWidth=3
Picture1.Scale (-50, 50) - (50, -50)
Picture1.Circle (-30, 30) , 15, vbRed
Picture1.FillStyle=0
Picture1.FillColor=vbGreen
Picture1.Circle (-30, 0) , 13, vbRed
Picture1.Circle(-30, -30), 15, vbBlack, , , 2.
Picture1.Circle(30, 30), 15, vbYellow, , , 0.5
Picture1.Circle (30, 5) , 10, vbBcyan, 2, 5
Picture1.FillStyle=1
Picture1.Circle (30, -30) , 15, vbBcyan,-1, -5
End Sub
Бақылау сұрақтары:
1. VisualBasic тілі графикалық файлдарды қолданудың қанша тәсілін ұсынады ?
2. Графикалық әдістің графикалық файлдардан қандай айырмашылығы бар ?
3. PictureBox және Image элементтерінің айырмашылығы неде ?
4. Қандай графикалық әдістерді білесіңдер ?
5. Графиканың процедурасын жазғанда қандай функциялар қолданылады ?
Өзіңді тексер !
1. Line әдісінің қызметі қандай ?
А) нысанғы түзу сызықтар және іші боялған немесе боялмаған төртбұрыштар салады.
Ә) берілген елементтер файлға үтір арқылы тізбектеліп жазылады
Б) тырнақша белгісіне алынып жазылады
В) print әдісімен жазылған мәліметтер
Г) элементтер " ; " немесе " : " белгісімен бөлінеді
2. Белгі дегеніміз -
А) жарлықтар
Ә) мәтіндер
Б) файлдар
В) b немесе bf символдары
Г) сандар
3. Нысанға шеңбер, доға, эллипс, сектор салу үшін қандай әдісті қолданамыз ?
А) Сircle әдісі
Ә) Line әдісі
Б) ForeColor әдісі
В) DrawWidth әдісі
Г) BackColor әдісі
4. Сығу коэффиценті дегеніміз -
А) теріс таңба
Ә) оң таңба
Б) мәліметтер
В) файлдар
Г) жарлықтар
5. VisualBasic тілі графикалық файлдарды қолданудың неше тәсілін ұсынады ?
А) 4
Ә) 2
Б) 3
В) 5
Г) 1
Үйге тапсырма:
1. § 19 тақырыптың теориялық түсінігін айту.
2. Графикалық әдістерді қолданып, үйдің суретін салу.
Бағалау.