- Учителю
- Кестелер. Кестелерді құру (6 сынып)
Кестелер. Кестелерді құру (6 сынып)
«
№219 Ы.Алтынсарин
атындағы қазақ орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ашық сабақ
Тақырыбы: Кестелер. Кестелерді құру.
Пән мұғалімі: Сүлейменова А.І
2015-2016 оқу жылы
К
үні 06 .02 .2016 ж
Пәні: Информатика
Сыныбы: 6 «б»
Сабақтың тақырыбы: Кестелер. Кестелерді құру.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды мәтінді кесте түрінде ұйымдастыру туралы білімдерін қалыптастыру. Кесте құруды үйрету.
Білімділік: Оқушыларды мәтінді кесте түрінде безендіру жолдарымен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік:Техникалық тазалыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ меңгерту
Сабақ әдісі: Баяндау , сұрақ - жауап, көрсету, түсіндіру.
Көрнекілігі: Компьютер, дискет.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезең: (2мин)
а) оқушылармен амандасу, түгендеу;
б)назарларын сабаққа аудару;
в)сабақ барысымен таныстыру.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. (7 мин)
Билет№1
Мәтінді форматтау әрекеттері қандай?
Билет№2
Тізім түрлері?
Тізім жасау қалай жүзеге асырылады?
Билет№3
Қаріп терезесінде қандай өзгертулер жүргізуге болады?
Билет№4
Тізім деп нені түсінесің?
Тізімнің түрлерін ата?
І
ІІ.Жаңа тақырыпты
түсіндіру. (15 мин)
Кесте мәтіндері мен суреттері бар жолдар мен бағандардан, ұяшықтардан тұрады.
Кестелермен жұмыс істеу үшін Кесте (Таблица) менюі пайдаланылады. Кесте бойынша орын ауыстыру үшін ←, ↑, →, ↓ пернелері пайдаланылады.
Кестені құру үшін келесі әрекеттерді орындау керек:
Кесте (Таблица) менюінде Кірістіру (Вставить) командасын және содан кейін Кесте (Таблица) командасын орындау
Кестені кірістіру (Вставка таблицы) терезесінде жолдар мен бағандардың санын көрсету
ОК батырмасын басу
Кестелер мен шекаралар (Таблицы и Границы) тақтасы батырмаларының міндеті:
Кестені құру (Создать таблицу)
- кестенің немесе оның
элементтерін (жолын, бағанын, ұяшығын) дайындауға арналған
Өшіргіш (Ластик)
- кесте шекарасының
сызықтарын жояды
Сызықтар типі (Тип линии)
- кесте шекарасының типін
тағайындайды
Сызықтың қалыңдығы (Толщина линии)
- кесте шекарасының
қалыңдығын тағайындайды
Шекараның түсі (Цвет границ)
- кесте шекарасының түсін
тағайындайды
Шекара менюі (Меню Границы)
- таңдалынған шекараларды
ерекшелейді
Кестені кірістіру менюі (Меню Вставить таблицу)
- жаңа кестені
немесе оның элементтерін кірістіреді
Ұяшықтарды біріктіру (Объединить ячейки)
-ерекшеленгендерді
бір ұяшыққа біріктіреді
Ұяшықтарды бөлу (Разбить ячейки)
- ерекшеленген ұяшықты
(ұяшықтарды) бірнеше ұяшыққа бөледі
Теңестіру (Выравнивание)
- ұяшықтардың ішінде мәтінді
теңестіруді тағайындайды
Жолдарды теңестіру (Выравнивание строк)
- жолдарды биіктігі
бойынша теңестіреді
Бағандарды теңестіру (Выравнивание столбцов)
- бағандарды ені
бойынша теңестіреді
Автоформат
- Кестелерді безендіру
мәнерін тағайындайды
Мәтіннің бағыты (Направление текста)
- ұяшықтағы мәтіннің
бағытын өзгертеді
Сұрыптау (Сортировка)
и
- ерекшеленген
ұяшықтардағы мәліметтерді өсуі және кемуі бойынша сұрыптайды
Автоқосынды (Автосумма)
- ерекшеленген ұяшықтардағы
мәліметтерді қосындылайды.

IV. Компьютермен жұмыс: (12 мин)
А деңгейі
Суреттегі кестені компьютерде орында:
В деңгейі
Мәтіннің бағытын бұру бұйрықтарын дұрыс орындап, кестені толтыр:
Мәтінді бұру
Мәтінді бұру
Мәтінді бұру
С деңгейі
Кестені құрыңдар және толтырыңдар:
1
6
2
7
3
8
4
9
5
10
IV.Сергіту жаттығулары.(2 мин)
Бейнежазбаға қарап оқушылар жаттығу жасайды.
V.Жаңа тақырыпты бекіту сұрақтары: (5 мин)
1.Кесте дегеніміз не?
2.Кесте мен шекара тақтасы батырмаларының міндеті?
3.Кестені құру әрекеттері?
4. Кестенің соңына жаңа құжатты қалай қосуға болады?
5.Бір мезгілде бірнеше баған немесе жол қосуға бола ма?
V
I.Оқушыларды бағалау.
Әр оқушыға фишка таратылып, сонымен бағаланды.



VІІ. Рефлекция (2 мин)
Не ұнады?
Не қиын болды?
Сабақта түсінгенім?
VIІ.Үйге тапсырма: Кесте құру. Тест сұрақтары.