7


  • Учителю
  • Сабақ тақырыбы, 'Компьютер. Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері мен мүмкіндіктері. '

Сабақ тақырыбы, 'Компьютер. Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері мен мүмкіндіктері. '

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітілді» _____________

Оқу ісінің меңгерушісі

Класы: 5 «Г»

Пән аты: Информатика

Сабақ тақырыбы: Компьютер. Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері мен мүмкіндіктері.

Сабақ мақсаты: оқушыларды «компьютер» түсінігімен таныстыру, компьютердің құрылымдары туралы алғашқы түсінін қалыптастыру үшін жағдай жасау, оның құрамдас бөліктерін анықтау.
Білімділік: Оқушыларды компьютер ұғымымен,оның түрлерімен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың компьютермен жұмыс жасау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың пәнге деген дұрыс қатынасын тәрбиелеу.
Сабақ типі: жаңа сабақ
Сабақ барысы:

  • Ұйымдастыру кезеңі

  • Үй тапсырмасын сұрау

  • Жаңа сабақты түсіндіру

  • Жаңа сабақты бекіту

  • Үйге тапсырма беру

  • Оқушыларды бағалау


Үй тапсырмасын қайталау сұрақтары:

  • Ақпараттың өлшем бірліктерін атаңдар.

  • Байт Кбайттан, Кбайт Мбайттан, Мбайт Гбайттан қанша шамаға кем?

  • 1 байтта неше бит бар?

  • « Кездесу қыркүйек айына тағайындалады» деген хабарламада қанша көлемдегі ақпарат бар?

Жаңа сабақты түсіндіру

Ақпаратпен жұмыс істеу үшін қажетті заманауи құрылғы - компьютер. Компьютер - күрделі құрылғылардың жиыны.Ол жұмыс жасау үшін программалық жабдықтамалар керек.Компьютердің жұмыс істеуі үшін ең қажетті программа - оның жұмыс қабілеті мен басқаруды қамтамасыз ететін операциялық жүйе. Алғашқы компьютерлер «компьютер» және «ЭЕМ» атауларында көрініс тапқандай, тек есептеулер үшін жасалып шыққан болатын.Ең қарапайым есептеу машиналары есесптеу үдерістерін аса жылдамдататын адамдарға көмекке келді.

Қазіргі кезде компьютерлердің түрлері өте сан алуан.

Суперкомпьютерлер арнайы мақсатта немесе нақты тапсырыспен жасалады.Супер-р жаппай өндірілетін детальдардан құралады.Басқаша айтқанда, дайын детальдар жиынынан қатаң анықталған міндеттерді орындайтын компьютер жиналады.

Үлкен компьютерлер(мэйнфреймдер) Олар үлкен көлемді ақпаратты сақтауға арналған. Әдетте ол - дерек қорлары, Интернет желісінің әртүрлі қызметтері.Себебі, желі дұрыс жұмыс істеу үшін көп көлемді ақпаратты тез өңдеу қажет.

Компьютерлік желілердің орталық торабы болып табылатын үлкен компьютерлерді серверлер деп атайды.

Дербес Компьютер - ол бір адам басқа компьютерлерден тәуелсіз, жеке қолдана алатын компьютер.

Үстел үсті компьютері - үйде немесе офисте ең жиі қолданылатын компьютер.Ол монитордан,жүйелік блоктан және пернетақтадан тұрады.

Алып жүретін компьютерді ноутбук деп атайды.Кішкене мөлшерлі ноутбуктерді нетбуктер деп атайды. Дербес компьютерлердің ішіндегі ең кішісі алақан компьютері (планшет)

Алып жүретін

Үстел үсті

алақан

Үлкен компьютер

дербес компьютер

суперкомпьютер

сервер


компьютерКомпьютердің түрлері












Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

1-деңгей. Интернет желісінен суперкомпьютер туралы ақпаратты тауып, оқушыларға оқыту.

2-деңгей. Мәтіндік редакторда берілген тақырыптың біріне хабарлама жазыңдар. (Компьютерді қолдану, Компьютердің түрлері)

3-деңгей. Өздеріңе белгілі программалардың бірінде «Компьютердің түрлері» сызбасын сызыңдар


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар:

  • Компьютер деген не?

  • Компьютер қандай функциялар орындайды?

  • Компьютердің қандай түрлері бар?

  • Компьютер неге дербес деп аталады?

  • Үлкен компьютер дегеніміз қандай комьютер?

Үйге тапсырма: Компьютер тақырыбын оқып келу.

Шығармашылық тапсырма: сабаққа байланысты ребус, сөзжұмбақ құрастыру.

Оқулықтың 37 бетіндегі тестті орындау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал