- Учителю
- Информатика пәнінен Алгоритм ұғымы, алгоритм қасиеттері сабақ жоспары (9 сынып)
Информатика пәнінен Алгоритм ұғымы, алгоритм қасиеттері сабақ жоспары (9 сынып)
№2 сабақ Мұғалімі:Кажитаева М.Ж. Тексерген: __________
Сілтеме |
9- сынып, Рахманбердиева Д.С.
// авторлары Б.Бөрібаев, Б.Нақысбеков//
| ||
Оқыту нәтижесі
|
| ||
Түйінді идеялар
|
Алгоритмдеу негіздері және алгоритм құру технологиясын үйрету | ||
Сабақта қолданатын материалдар |
ЕТ кешені, оқулық, жұмыс дәптері, практикум, деңгейлік тапсырмалар, электрондық оқулық | ||
Оқыту әдістері |
Түсіндірмелі - иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап |
| |
Дерек көздері |
Электрондық оқулық 9-сынып | ||
Тапсырмалар |
Сөзжұмбақ, деңгейлік тапсырма, семантикалық карта, графикалық диктант, 9 сынып электрондық оқулығынан тест | ||
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Сабақ: 08.00-09.35
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу. Сабақ алдында бір-бірімізге сәттілік тілейік.
Топтастыру (Заттары бойынша үш топқа бөлу)
Жаңа тақырып. Электрондық оқулықтан «Алгоритм» тарихын тыңдау.
Ой шақыру («Алгоритм» ұғымын қалай түсінесің? моделін жасап қорғау)
«Алгоритм» сөзі атақты араб математигі Әбу Жафар Мухаммед ибн Мұса әл-Хорезми (763-850 жж.) есімінің латындық транскрипциясы болып табылады Алгоритм деп берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіруді айтамыз. Кез келген есептің шешу кезеңін қарапайым амалдар тізбегіне бөлектеуге болады. Алгоритмді компьютерде орындау үшін оны программа түрінде жазып шығу керек. Программа деп машина тілі түсінетіндей, инструкциялар тізбегі түрінде жазылған алгоритмді айтамыз. Программа командалар тізбегінен тұрады. Командалар тізбегі орындалған кезде есептің нәтижесі шығады. Әрбір компьютер алдын-ала құрылған программа бойынша жұмыс жасайды.
1. Алгоритмнің айқын, дәл өрнектелу қасиеті. Алгоритмде көрсетілген барлық әрекеттер анық, нақты және белгілі болу керек. Онда көрсетілген қадамдар ғана орындалуы керек. 2. Алгоритмнің дискреттік (үзіктілік) қасиеті. Үлкен алгоритмді кіші модульдерге бөлу мүмкіндігі болу керек. Бұл қасиет бойынша алгоритмді кіші бөліктерге бөліп, аралық нәтижені бақылауға мүмкіндік алуға болады. Алгоритмді 2-3 бөлікке бөліп, оның әрқайсына бөлек алгоритм құруға болады. 3. Алгоритмнің нәтижелілік қасиеті. Кез келген алгоритм белгілі бір нәтижеге әкелуі қажет. Белгілі бір уақыт аралығында белгілі бір қадам орындалған соң біз бір нәтиже алуымыз керек. 4. Алгоритмнің жалпылық немесе ортақтық қасиеті. Алгоритм тек бір ғана есепке емес, бір типті есептерге жалпы болуы керек. Мұндай қасиет жалпылық қасиет деп аталады. Мысалы, квадрат теңдеудің түбірлерін табатын алгоритм тек қана бір есепке емес, барлық квадрат теңдеу есептеріне арналған болуы керек. 5. Алгоритмнің формальды орындалуы. Орындаушы алгоритм командаларында көрсетілген әрекеттерді дұрыс орындауы үшін командалар орындаушының білім деңгейіне сәйкес болуы қажет.
Жұптық жұмыс.Тапсырмалар:
Сергіту жаттығулары (5 мин)
Жеке жұмыс. Электрондық оқулықтан шағын тест тапсыру
| |||
Қорытындылау: |
Кері байланыс сұрақ - жауап (5 мин.)
| ||
Үйге тапсырма: |
1.1.-тақырып, 13 беттегі 1,2,3-тапсырмалар | ||
Келесі оқылым: |
Атқарушы ұғымы, атқарушы командалар жүйесі | ||
Бағалау: |
Бағалау парақтары бойынша жауаптарын бағалау | ||
Кері байланыс: |
Оқушылардың сабақтан алған әсері туралы ойларын анықтау. |