7


  • Учителю
  • Басылымды макеттеу. Көпбетті басылыммен жұмыс. Макетті басып шығару.doc 11 сынып

Басылымды макеттеу. Көпбетті басылыммен жұмыс. Макетті басып шығару.doc 11 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала
12.04.2016

Сыныбы: 11

Оқу-ісінің меңгерушісі

________ Е.Дайнашов

Сабақтың тақырыбы:

Басылымды макеттеу. Көпбетті басылыммен жұмыс. Макетті басып шығару

Сабақтың мақсаты:

Басылымды макеттеуді, көпбетті басылыммен жұмыс істеуді, макетті басып шығаруд үйрену.

Күтілетін нәтиже

Басылымды макеттеуді, көпбетті басылыммен жұмыс істеуді, макетті басып шығаруды үйренеді

Сабақ түрі:

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс - әрекеттері

Оқушылардың

іс - әрекеттері

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, түгендеу



Амандасады, сабаққа келмеген оқушыларды айтады.

Үй жұмысын тексеру.



  1. Кескінді жарияланымға қалай қосады?

  2. Кескіннің блок ішінде орналасу режімдерін атаңдар.

  3. Scribus жарияланымына қандай пішімдегі кескіндерді қосуға болады?

  4. Графикалық қарапайым элесенттерді құрастыру құралдары қайда орналасқан?

  5. Жұлдызды қалай жасайды?

Жаңа тақырыпты түсіндіру



Баспа үшін кейде бірдей объектілердің бір жерде шоғырлануына жол бермес үшін парақ шебері пайдаланылады. Парақ шебері артық жұмыстан сақтандырып, уақытты үнемдеуге көмектеседі. Парақ шеберлері құжаттың бір бөлігі болып есептелгендіктен жеке файлға сақталмайды.

Басылымды макеттеу. Көпбетті басылыммен жұмыс. Макетті басып шығару.doc 11 сынып

85-сурет.«Беттер шеберін түзету» сұхбаттасу терезесі

«Парақ шебері» сұхбат терезесіндегі құралдар тақтасын және ондағы батырмалар қызметін пайдаланыңыз.

Парақ шеберіне түзетуге енгізуге тура келді. Ол үшін оны тізімде ерекшелеп алыңыз. Терезені ашық тізім күйінде қалдырыңыз. Парақта өзгеріс енгізсеңіз, сақтап, құжаттарға атау енгізіп отырыңыз. Сақталғаннан кейін ғана парақ шеберін түзетуге болады.

Парақ шеберімен жұмысқа бәрі дайын. Жаңа құжат ашып, арнайы дизайн пайдалануды шештіңіз. Ол үшін «Парақ» → «Парақ шеберін қабылдау» мәзірін орындаңыз. Парақ шеберін таңдауға арналған сұхбаттерезе ашылады, безендіру дизайнын таңдап, ОК басыңыз.

Басылымды макеттеу. Көпбетті басылыммен жұмыс. Макетті басып шығару.doc 11 сынып

86-сурет. «Парақ шеберін қабылдау» және сұхбат терезесі

Scribusта жұмыс жасауда парақ шебері де, шаблондар да тиімді болып табылады. Бірақ, әрқайсысы әр түрлі мақсатта қолданылады.

Тәжірибелік жұмыс



Тапсырма

«Әбу Насыр ибн Мұхаммед әл-Фараби: өмірі мен ғылыми еңбектері» тақырыбында бес беттен тұратын кітапша жасау. Бірінші бет-титул парағы, соңғысы - бос. Екінші бетінде - өмірі, үшіншісінде - Фарабиге қатысты суреттер, төртіншісінде - әл-Фарабидің саяси көзқарастары.

Әл-Фарабиге қатысты мағлұмат жинақтауда ғаламтор мүмкіндіктерін пайдаланыңыз. (www.mudrez.uz) Құжатты MicrosoftWordта сақтап отырыңыз.

11 сынып атты бума жасап, оның ішіне «Кітапша» бумасын орналастырыңыз. Папкаға қажетті мәтін құжаттары мен суреттерді сақтаңыз.

87-суреттегі құжат ерекшеліктеріне сәйкес Scribusта жаңа құжатты ашыңыз. (жаңа құжаттың барлық құрылымына зер салыңыз) «Беттер саны» - 5 дегенді орнатыңыз. ОК батырмасын басып, бірінші беттен мәтін блогын алып тастаңыз.

Басылымды макеттеу. Көпбетті басылыммен жұмыс. Макетті басып шығару.doc 11 сынып

87-Сурет

Беттің жоғарғы бөлігінің орта тұсына автономерлеу үшін ені 10 және биіктігі 6 мм-ді құрайтын мәтін алаңын қосыңыз. Ол үшін «Кірістіру» → «Мәтін блогы» амалын орындап, «Кірістіру» → «Белгілер» → «Беттің номері» амалын орындаңыз. (88-сурет)

Басылымды макеттеу. Көпбетті басылыммен жұмыс. Макетті басып шығару.doc 11 сынып

88-Сурет

Мына мәтін блогын бірінші және соңғы беттен басқа барлық беттерге көшіріңіз.

«Кітапша» папкасынан суреттерді пайдалана отырып, титул парағын жасаңыз.

Екінші беттен бастап әл-Фараби жайлы табылған мәліметтерді қойыңыз. Мәтін блоктарын өзара байланыстырыңыз.

Сергіту сәті.



Жаттығуды орындарында отырып орындау.

Қол саусақтарына арналған жаттығулар

Алақанды уқалау.

Қолды қысу

Білезіктен айналдыру

Көзге арналған жаттығулар.

Көзді бірнеше рет жыпылықтату.

Көзіңмен ақырын оң жаққа, жоғары, солға, төмен қарай 3-4 рет айналым жаса

Бекіту.



  1. Мәтінді бағаналарға қалай бөлеміз?

  2. Бағаналар арасы дегеніміз не?

  3. Беттерге бағыттауыштарды қалай орналастырамыз?

  4. Беттермен жұмыс істеу бұйрықтары қайда орналасады?

  5. Жаңа беттерді қалай қосамыз?

Оқуды бағалау.



Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.

Бағаны күнделіктеріне қойдырады

Үй жұмысы.



Конспект оқу

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал