7


  • Учителю
  • Сабақтың тақырыбы: Алгоритм және орындаушылар

Сабақтың тақырыбы: Алгоритм және орындаушылар

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Благодар орта мектебі

Информатика пән мұғалімі

Избағамбетова Мирамгүл Аманжолқызы



Сабақтың тақырыбы: Алгоритм және орындаушылар

Бағдарламалық - Оқулық.

дидактикалық Практикум (жұмыс дәптері).

қамсыздандыру:

Сабақтың мақсаты: 1. Алгоритм және орындаушы туралы түсінікті кеңейту, оқушыларға алгоритмнің негізгі екенін және оның қолдану аясының кең екендігін көрсету, мысал арқылы алгоритм қасиеттерімен таныстыру; алгоритмді орындау керектігін түйсіну және алгоритм негізінде адам әрекетін автоматтандыру; алгоритмді орындау принципінің мәнін түсіндіре алу; алгоритм командасын орындаушы командасы жүйесімен сәйкестендіру.

2. Оқушылардың алгоритмнің маңыздылығын және қолдану

салаларының кеңдігін түсіну, алгоритмдерге тән қасиеттері арқылы қарапайым алгоритмдерді құруды, алгоритмнің формальды орындалу

мүмкіндігін түсіну және алгоритм негізінде адам іскерлігінің

автоматтандырылуы білу қабілеттерін дамыту.

3. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың типі: Түсіндіру, әңгімелесу

Білім - білікке Оқушылар білуі тиіс:

қойылатын талаптар: - алгоритм не екенін;

- алгоритмнің маңыздылығын және қолдану салаларының кеңдігін түсіну;

- «алгоритм командасы», «алгоритм орындаушысы», «орындаушының командалар жүйесі»

- алгоритмдерге тән қасиеттері арқылы қарапайым алгоритмдерді құруды;

- алгоритмнің формальды орындалу мүмкіндігін түсіну және алгоритм негізінде адам іскерлігінің автоматтандырылуы;

- алгоритмнің формальды орындалу принциптің маңыздылын түсіндіре білуді;

Оқушылар үйрені тиіс:

- алгоритмдердің мысалдарын келтіруді;

- алгоритм командаларын орындаушының командалар жүйесімен сәйкестендіруді

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Үй тапсырмасын тексеру

III. Жаңа сабақты түсіндіру

лгоритмдік алдын ала жазбаларды құрастыру процесі алгоритмдеу деп аталады. «Алгоритм» сөзі IX ғасырдағы Орта Азияның ұлы математигі әл-Хорезми атының латынша жазылу - algorithmi - қалпынан шыққан.

Орындаушының белгіленген мақсатқа жетуіне бағытталған түсінікті де дәл ұйғарым алгоритм деп аталады.

Алгоритм ұйғарымдары сондай-ақ команда деп те аталады. Әрбір алгоритм белгілі бір орындаушыға, орындаушының осы алгоритм командаларын түсінуіне есептелген. Орындаушының орындауы мүмкін командалардың жиынтығы орындаушының командалар жүйесі деп аталады.

Алгоритм орындаушысы дегеніміз - құрастырылған алгоритммен басқарылуға тиісті объект немесе субъект.

Алгоритм мынадай қасиеттерге ие:

1) дискреттік

2) анықтық

3) көпшілікке бірдейлік

4) нәтижелік

Алгоритм айқын, аяқталған әрекеттер болып табылатын жеке қадамдарға бөлінуі керек. Орындаушының келесі қадамға өтуі алдыңғысын аяқтағаннан кейін ғана мүмкін. Алгоритмнің жеке қадамдардан құрыла алатын қасиеті дискреттігі деп аталады.

Алгоритмнің әр ұйғарымы немесе командасы орындаушыға түсінікті болуға тиіс, яғни олар бір мағынада түсініліп, қайталанатын алғашқы деректер бойынша бірыңғай нәтижелерге әкелуге тиіс. Алгоритмнің бұл қасиеті анықтығы деп аталады.

Алгоритмнің нақты бір мәселені ғана емес, бүкіл біртипті мәселелерді шеше алатын мүмкіндігі бар. Мысалы, квадрат теңдеуін шешетін алгоритм оның түбірін кез келген коэффициент мәндерінде табуға мүмкіндік береді, ал жол жүру ережелері баршаға ортақ. Алгоритмнің бұл қасиеті көпшілікке бірдейлігі деп аталады.

Нәтижелілігі. Айқын белгіленген әрекеттер тізімінің әрқайсысы нәтижеге жеткізе бермейді. Мысалы, шахматта 10120 жүрістен тұратын ұтылыссыз ойын стратегиясы бар, бірақ оны түгел орындауға адам баласының ғұмыры жетпейді. Орындаушы үшін ол орындап отырған әрекеттер тізімі, егер олар мәселені қолайлы мерзімде шешуге жеткізсе, алгоритм болып есептеледі.

Алгоритмдердің жасалу құрылымын жасалуының үш негізгі түрі:

сызықты

тармақталған

циклдік

Егер орындаушы командаларды бірінен соң бірін ілесу тәртібімен орындайын болса, алгоритм сызықты деп аталады.

Орындаушының әрекеттері кейбір шарттарды тексеру нәтижелерімен белгіленетін болса, ол алгоритм тармақталған болып саналады.

Жеке командалар немесе команда топтары көп рет қайталанатын болса, алгоритм циклдік деп саналады.

Программалау тілінің командаларымен өңделетін деректер шамалар деп аталады. Шамалар сандық (бүтін, заттық), символдық және логикалық болады.

Шама атымен, түрімен (типімен) және мағынасымен сипатталады.

Алгоритмдер сипаттамасының, көрсетімінің әдістері көп. Біз төртеуіне тоқталамыз: табиғи тіл, графикалық тіл, алгоритмдік тіл және программалау тілі. Көрсетімнің әр түрі алгоритмдерді сипаттаудың өз орындаушысына бағытталған өзіндік құралдары бар:

табиғи тіл (орындаушы - адам) - орыс, қазақ, ағылшын тілдерінің сөздері;

графикалық тіл (орындаушы - адам) - әрекеттер сипаттамасы бар графикалық схемалар (блок-схемалар);

алгоритмдік тіл (оырндаушы - адам) - әрекет немесе орындаушыға арналған командалар мағынасы берілетін табиғи тілдің белгілі сөздері;

программалау тілі (орындаушы - компьютер) - программалау тілінің командалары.

Алгоритмдердің құрылымын, құру әдістерін үйрену үш көрсетімде бірден жүреді: блок-схемалар түрінде, алгоритмдік тілде, программалау тілінде. Көрсетім әдістерінің әрқайсысының алгоритмдерін сипаттайтын құралдардың элементтері қажеттігіне қарай енгізіліп отырады.

IV. Жаңа тақырыпты бекіту

Оқулықтан тапсырмаларды орындау

V. Қорытындылау

1. Алгоритмдер әр түрлі есептерді шешуде пайдаланылады.

2. Кейбір амалдар алгоритм арқылы берілген, қарапайым және орындаушыға түсінікті.

3. Алгоритм есеп шығаруды жеңілдетеді, алгоритм құрастырушыға қарағанда орындаушыдан аз білімді талап етеді.

4. Алгоритм нақты орындаушыға құрылады.

5. Алгоритмді орындау ойлауды қажет етпейді, есеп мәні бойынша өздігінен орындалады.

1)Үйге тапсырма

8 тақырып.

2)Оқушыларды бағалау



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал