- Учителю
- Мұрағаттау тақырыбына сабақ жоспары
Мұрағаттау тақырыбына сабақ жоспары
6-сынып
Күні ______________
Сабақтың тақырыбы: Ақпаратты сығу. Мұрағаттау программалары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Парольдік ұқсастықтарды пайдалану, криптографияны пайдалану, компьютерлік вирус, антивирустық құралдар, архивтеуші-программаның негізгі түрлері WINZIP архивтеушісі туралы білімдерін қалыптастыру;
Дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелігі: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, компьютерлер
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі (3 мин)
Оқушыларды түгелдеу, сынып бөлмесі, тақта тазалығына назар аудару;
Оқушылардың назарын сабаққа бұру
II) Үй тапсырмасын тексеру (15 мин)
-
Антивирустық программа дегеніміз не? Ол неге қарсы арналған? (не үшін керек?)
-
Антивирустық программалардың негізгі типтерін атаңдар.
-
Ақпаратты компьютерлік вирустардан корғау шараларын атап шығындар.
-
Компьютердің зақымдануының алдын алу ережелері қандай?
ІІІ) Жаңа сабақ (25 мин)
Ақпаратты қорғау тәсілдерінің бірі - деректердің көшірмесін сыртқы тасығыштарда сақтау. Сыртқы тасығыштара көп ақпарат сақтау үшін оның мазмұнын жоғалтпастан көлемін кішірейту - мұрағаттауды орындау қажет болады.
Мұрағаттауды сонымен қатар ақпараттық желі арқылы жөнелткенде немесе сирек қолданылатын деректерді ұзақ уақыт сақтағанда жүзеге асырылады.
Егер файл жадтың көп көлемін алып, дискетке сыймайтын болса ақпаратты бүлдірмей сығуға мүмкіндік беретін арнайы программалар қолданылады
Ақпаратты сығу - файлда жадтың сақтау көлемін кішірейтетін ақпаратты түрлендіру процесі.
Файлда ақпаратты сығу процесі деректерді архивтеу терминімен аталады.
Архивтеу мәні әдеттегі файлдарды немесе қапшықтарды арнайы архивтік файлға ретпен қаттаудан және орналастырудан түрады.
Архивтік файл - арнайы әдіспен ұйымдастырылған файл, оның ішінде бір немесе бірнеше файл сығылған қапшық, сондай-ақ файлдардың аты, оларды жасау немесе өзгерту күні мен уақыты, өлшемі т.б. туралы қызметтік ақпараттар болуы мүмкін.
Архиваторлардың (немесе архивтеушілер) жүмысының принципі файлда "артық" ("асып төгілген") ақпарат іздеуге және сондан кейін ең кіші (минимал) көлемге келтіру үшін соны кодтауға негізделген. Файлдарды архивтеудің ең кең тараған әдісі - бірдей символдар тізбегін сығу. Мысалы, файлдарыңның жиі қайталанатын байттар тізбегі бар делік. Әрбір байтты сақтаудың орнына қайталанатын символдардың саны және олардың орны (позициясы) белгіленеді. Көрнекілік үшін келесі мысалды керсетейік.
Кең тараған ARJ, RАR, РКРАК, РАК, WINZІР архивтеушілері Лемпел-Зивтің апгоритмінің негізінде жүмыс істейді. Бүл архивтеушілер адаптивті сөздік кодтаушылар ретінде жіктеледі, олар үқсас жолдарға нүсқаушымен ауыстырылады.
Архивтеуші-программа тек архивтік дискеттерде орын үнемдеуге ғана емес, бірлесіп пайдаланатын файлдардың топтарын бір файлға біріктіруге де мүмкіндік береді. Бұл архив жүргізуді әжептәуір жеңілдетеді.
Көлемі бойынша үлкен архивтік файлдар бірнеше дискілірде (томдарда) орналасуы мүмкін. Мұндай архивтер көп томды деп аталады. Том - бұл көп томды архивтің қүраушы бөлігі. Архивті бірнеше бөліктерден қүрастыра отырьш оның бөліктерін бірнеше дискетке жазуға болады.
Бір архивтеу немесе қаптаудың - алғашқы файлдарды сығылған түрде архивтік файлға орналастыру екенін айтқан болатынбыз. Егер қаттау процесі болса, онда кері архивтік файлдарды шешу (архивтен алу) процесі де болу керек.
Архивтен алу -бұл файлдарды архивке орналастырғанға дейін қандай түрде болса, архивтен тура сондай түрде қалпына келтіру дроцесі.
Архивті шешкенде файлдар архивтен алынады да, дискіге орналастырылады.
Файлдарды қаттау мен шешуді жүзеге асыратын программалар архивтеуші-программалар деп аталады.
ІV) Бекіту (3 мин)
-
Мұрағаттар қандай мақсатта құрылады?
-
Қандай мұрағаттағыш программаларды білесіңдер?
-
Ақпаратты сығу дегенміз не?
-
Архивтен алу дегеніміз не?
V)Үйге тапсырма беру, бағалау (2 мин)
§5 Ақпаратты сығу. Мұрағаттау программалары.
Маутбекова Арайлым Сағындыққызы