7


  • Учителю
  • Есептеуіш техникасының даму тарихы

Есептеуіш техникасының даму тарихы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Бекітемін_____________

______________________

Есептеуіш техникасының даму тарихы

Сынып: 6
Сабақтың тақырыбы: Есептеуіш техникасының даму тарихы
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға есептеуіш техникасының даму тарихымен оның құрылуының негізгі принциптерімен танысу, ЭЕМ - нің қоғам өміріндегі рөлін түсіну;
2. Дамытушылық: Өз ойын ашық, еркін айтуға, АКТ қолдану арқылы ақпаратты таңдай білуге үйрету,
ойлау қабілетін дамыту;
3. Тәрбиелік: Оқушыларды ынтымақтастыққа, тиянақтылыққа, пікір алмасуға, өзін - өзі бағалауға үйрету.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: түсіндіру, үйрету, сұрақ - жауап
Көрнекіліктері: слайд, үлестірмелі қағаздар
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру бөлімі
II. Қызығушылықты ояту
III. Жаңа сабақ
IV. Жаңа сабақты бекіту
V. Үйге тапсырма
VI. Бағалау
I. Ұйымдастыру бөлімі
Мұғалім әрекеті:
Оқушылармен амандастым.
«Жүректен - жүрекке» психологиялық тренинг өткіздім.
Оқушыларды 4 адамнан тұратын 4 топқа бөлдім.
Оқушы әрекеті:
(Мұғаліммен амандасады.
Жүректен - жүрекке тренингі арқылы бір - біріне деген жылы лебіздерін білдіреді.
Сөздерден сөйлем құрау арқылы 4 топқа бөлінеді.)
ІІ. Қызығушылықты ояту:
Мұғалім әрекеті:
Есептеу құрылғыларына ассоциация жасауды ұсынамын.
Оқушы әрекеті:
(Алдымен әр оқушы өзі дәптерге жазады, сонан соң топта талқылап топтың ассоциацасын жасайды.)
ІІІ. Мағынаны тану:
Мұғалім әрекеті:
1, 2, 3, 4 - ке санау арқылы 1 - лер бөлек, 2, 3, 4 өз алдына «жұмыс» тобын құрғыздым.
Әр топқа тақырыптарды оқуды тапсырамын, сұрақтар беремін.
Әрбір оқушы тақырыпты жақсы меңгеруі қажет, өйткені ол сол бөлікті «жанұя» топ оқушыларына түсіндіруі тиіс.
1 - топ «Алғашқы есептеуіш құрылғылар мен машиналар» тақырыбы:
1. Ең ерте заманғы есептеу құралын атаңыз.
2. «Есепшотты» басқа елдерде қалай атаған?
3. Қай жылдары қандай есептеуіш құрылғылар пайда болды, ол құрылғыларды кімдер ойлап тапты?
4. Алғашқы болып программа жазған кім?
2 - топ Электронды - есептеуіш машиналар:
1. Бірінші ЭЕМ - ді қай жылы, кім ойлап тапты? Оны қалай атады?
2. 1949 ж. қандай машина құрастырылды?
3. Бұрынғы Кеңестер Одағында бірінші ЭЕМ қай жылдары, кімнің басшылығымен жасалды?
4. 1952 - 1953 ж. қандай машина пайдалануға енгізілді?
3 - топ. « ЭЕМ - нің даму буындары»
1. ЭЕМ нің буындарын атаңдар. Олардың бір - бірінен айырмашылығы неде?
2. Қазіргі дербес компьютерлер қай буынға жатады?
4 - топ тақырыптағы есептеуіш машиналардың аттарын, пайда болған жылдарын немесе авторын теріп жазу.
Барлық оқушыларға сұрақтар беріледі.
1. Бірінші ЭЕМ қалай аталған? Ол қай жылы жасалды?
2. Бұрынғы Кеңестер Одағында бірінші ЭЕМ қай жылдары жасалды? Оны кім жасады?
3. ЭЕМ - ның буындарын атаңдар.
4. Компьютердің атасы деп кімді атаған?
Рефлексия.
4 топ жазған сөздерді толықтыру.
Мысалы 1642 ж., Марк - 1;
Тапсырма беремін, кестедегі тапсырманы әр оқушы жеке орындайды.
Не?------------------------------- Қайда? Кім? ----------------------------- Қашан?
------------------------------------ Франция, Блез, Паскаль
Арифмометр
Оқушы әрекеті:
(Әр топ берілген тапсырмаларды оқиды, сұрақтарға жауаптар жазады.
Жауаптарын топта талқылап, бірін - бірі толықтырады.
Жанұяға қайта оралып өздерінің үйреніп келген тақырыптарын түсіндіреді. Бір - бірінің сұрақтарына жауап береді.
1642 жылы француз математигі Блез Паскаль он тоғыз жасында механикалық есептеу машинасын құрастырды.
1944 ж. Говард Айкен Марк - 1 автоматты есептеуіш машинасын құрастырды)
ІV. Ой толғаныс
Мұғалім әрекеті:
«Қар үйіндісі» ойынын жүргізеді.
Кері байланыс.
Бүгінгі сабақ саған ұнады ма?
Бүгінгі сабақтың соңында қандай сезімде болдың.
Оқушы әрекеті:
(«Қар үйіндісі» ойыны арқылы бір - бірлеріне тақырыптар бойынша сұрақ қойып, жауап береді.
Парақшаларды толтырады.)
V. Үй тапсырмасы
Есептеуіш техникасының даму тарихы туралы қосымша мәлімет жинап әкелу.
VI. Бағалау




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал